Педагогикалық институтының


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет4/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,29 Mb.
#8591
1   2   3   4   5   6   7

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Демді дұрыс ала білу дегеніміз не?

  2. Тізбекті де алу дегеніміз не?

Әдебиеттер: [2 ]; [5 ]; [8 ];
9 дәріс

Дәріс тақырыбы: Хордағы дикция.

Дәріс мазмұны: 1. Дикция ұғымына түсінік.

2.Хордағы әншілер дикциясы.



Мақсаты: Дикция терминін түсіндіру.

Кілттік сөздер: Дикция.

  1. Дикция – сөздердің, буындардың анық, таза болуы. Күнделікті тұрмыста тіл дикциясы және әншілер дикциясы деген болады.

Тіл дикциясы- сөздің, буынның анық болуы.

Әншілер дикциясы ән айтқандағы әншілердің дауыстарының анық естілуі.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

Дикция дегеніміз не?

Олар қалай бөлінеді?

Әншілер дикциясын түсіндір.



Әдебиеттер: [ 1]; [ 3]; [5 ];
10 дәріс

Дәріс тақырыбы: Ансамбль.

Дәріс мазмұны: 1. Ансамбль ұғымына анықтама.

2. Жеке, толық, толық емес ансамбль түрлері.



Мақсаты: ансамбль ұғымын түсіндіру.

Кілттік сөздер: ансамбль

  1. ансамбль дегеніміз әншілер немесе аспапта орындаушылардың шағын тобын айтамыз.

  2. Ансамбльдер жеке, жартылай ансамбль, толық, толық емес т.б. түрлерге бөлінеді.

Жеке ансамбль- жеке хор тобы. Жартылай – бірыңғай хор тобы. Толық – С+А+Т немесе А+Т+Б дауыстарынан құралған топ.

Толық ансамбль – кең көлемді, әр түрлі дауыстардың бірігуінен құралған топ.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

Ансамбль дегеніміз не?

Ансамбльдің қандай түрлері бар?

Әдебиеттер: [ 13]; [14 ]; [15 ];

12 дәріс



Дәріс тақырыбы: Хордың орындаушылық бағыттары.

Дәріс мазмұны: 1. а саpella.

2. Камералық хор.

3. Опералық хор.

4. Оқу хорлары.



Мақсаты: Хордың орындаушылық бағытына қарай бөліну түрлеріне тоқталу.

Кілттік сөздер: а саpella. Камералық хор. Опералық хор. Оқу хорлары.

1. Іс-әрекет бейімділігіне байланысты академиялық, капеллалық, ән, би, оқу хорлары т.б. түрге бөлеміз.

а саpella – акаппела- шығармаларды аспапсыз орындау деген мағынаны береді. Ол алғаш шіркеулік ән айту үлгісі аспапсыз басталды. Молитваларды аспаптың көмегімен бір дауыста орындады. Кейіннен бұл акапеллаға айналды. Капеллалар орта ғасырда котолик шіркеуінде пайда болды. Кейін бұл атау хорға берілді. Алғашында капелла шығармаларды аспапсыз, вокалдық түрде орындады.

2. Камералық хор – музыкалық шығармаларды орындаудың жаңа формасы. Құрамы 30-40 адамнан құралған. Құрамындағы әншілер кәсіби музыкалық білімі бар вокалистар мен хор әншілерінен тұрады. Камералық хор күрделі шығармаларды орындайды. Сонымен қоса репертуарында халық әндері, ескі және жаңа әндер бар. Негізінен шіркеулік музыкаларды орындайды.

3. Опералық хор бұл 17ғ. басында дамыды. Опералық композитор-классиктеріне В.А. Моцарт, Л.В.Бетховен т.б. жатқызамыз.Опералық хордың басқа хорлардан ерекшелігі синтезделген өнер түрі болуында. Хор әншілері белгілі бір актерлық рольдерді сомдайды. Хор дирижеры басқахорлардағыдай көз алдарында емес, сахна сыртында болады.

4. Оқу хорлары ЖББМ, орта және ЖОО жанынан құрылған хорларды жатқызуға болады. Бұл хордағы адамдар санына шек қойылмайды. Олар үлкен, кіші, орта топ болып та шығармаларды орындайды.



Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. а саpella дегеніміз не?

2. Аспапсыз орындалатын шығармаларды ата?

3. Камералық хор дегеніміз не?

4. Опералық, оқу хорлары дегеніміз не?

Әдебиеттер: [2 ]; [3 ]; [ 12];
13 дәріс

Дәріс тақырыбы: Шығармаларды орындаудағы музыкалық белгілер.

Дәріс мазмұны: 1.Лига. 2. Вольта. 3. Стаккато

Мақсаты: Лига. Вольта. .Стаккато ұғымдарын меңгерту.

Кілттік сөздер: Лига. Вольта. .Стаккато


  1. Лига – екі немесе одан да көп дыбыс аралықтарының үзілмей, жалғаса орындалуы.

  2. Вольта-кейбір шығармаларда қайырмасы немесе шумағы әртүрлі аяқталады. Сондай жағдайда оған вольта белгісі қойылады.

  3. Шығармаларды анық, үзіп, жеңіл орындау – стаккато деп аталады

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Лига дегеніміз қандай белгі?

2. Вольта дегеніміз қандай белгі?

3. Стаккато дегеніміз қандай белгі?



Әдебиеттер: [ 1]; [4 ]; [14 ];

14 дәріс



Дәріс тақырыбы: Ән және әнші.

Дәріс мазмұны: 1.Әнші дауысының ерекшелігі.

2. Әнші дауысының гигиенасы.



Мақсаты: Ән өнері және әншілер дауыстарының ерекшеліктері туралы түсіндіру.

Кілттік сөздер: Әнші. Ән өнері. Әнші дауысы.

Әнші дауысы өзінің биіктігі, өзінің дауыс көлемі немесе диапазонымен, дауыс күшімен және тембрімен ерекшеленеді.

Дауыс биіктігі- әр адамның дауыс биіктігі 4,5 октавалық болуы керек.

Диапазон дегеніміз әншінің алатын дыбыс көлемі. Бұл дауыс аппаратының физиологиялық ерекшелігіне байланысты. Ол кең және қысқалығымен ерекшеленеді. Орташа дауыс көлемі (қойылмаған дауыс көлемі) әншілерді 1,5 октаваға дейін, ал кәсіби әншілердің дауыс көлемі 2 октавадан асуы керек.

Дыбыс күші тыныс алуға байланысты. Дұрыс дем алғанда әншінің дыбыс күші көпке шыдайды. Ол ауыз, тыныс алу, ішке байланысты. Ауызды неғұрлым ашса, соғұрлым дыбыс күшті шығады. Опера әншісінде дыбыс күші 120 дб-ге жетеді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

Дауыс биіктігі дегеніміз не?

Диапазон дегеніміз не?

Дыбыс күші дегеніміз не?



Әдебиеттер: [ 5]; [ 7]; [11 ];
15 дәріс

Дәріс тақырыбы: Динамикалық белгілер.

Дәріс мазмұны: 1. Негізгі динамикалық белгілер.

2. Шығармалардағы динамикалық белгілер.



Мақсаты: Динамикалық белгілермен таныстыру.

Кілттік сөздер: Динамикалық белгілер. Пиано. Форте.т.б.

1. Ән мен күй басынан аяғына шейін бір сарында болмайды. Өйткені ән мен күй өмірдің бір саласы. Өмірде адам бір күйде болмайды. Үнемі бір қалыптылық деген жаратылыста жоқ. Біз үнемі тек жәй жүрмейміз. Сондай-ақ үнемі жүгіріп те жүрмейміз. Жәй және жылдам, баяу мен айқай үнемі кезектесіп отырады. Музыкада да осы жағдай бар. Олардың бәрі де тек нота таңбасы арқылы берілмейді. Ән-күйдің орындау кезендеріндегі күштерін көрсететін әдейі белгілер болады. Ол белгілер италиян тілінен алынған. Осы белгілерді музыкада динамикалық ұғымдар дейміз (күш көрсеткіштері). Бұл белгілер бес сызықтың астында жазылады. Орындау кезеңнің күшін (динамикасын) көрсететін терминдер:




Айтылуы

Қысқартылғаны

Қазақшасы

Пиано

P

ақырын

пианиссимо

PP

өте ақырын

форте

f

қатты

фортиссимо

ff

өте қатты

меццо пиано

mp

ақынырақ

Меццо форте

mf

қаттырақ

крещендо

cres

Күшейте түсе

диминуэндо

dim

Баяулата түсе

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Динамикалық белгілер дегеніміз не?

  2. Қандай динамаикалық белгілер бар?

Әдебиеттер: [ 11]; [12 ]; [14 ]

6. Практикалық сабақ жоспары




Тақырып

Семинар (практикалық) сабақ мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Өлшемдер.

1. Жай өлшемдер. 2. Күрделі өлшемдер.

1

[ 1]; [4 ]; [ 5];


2

Дирижерлау

1. Дирижер және дирижерлау

2. Дирижерлық сетка.



2

[ 2]; [12];

3

Бір дауысты ән салу (унисон)



1. И.Нүсіпбаев шығармаларына тоқталу. 2. «Айналайын ақ мамам» әніне сипаттама. 3. Әнді үйреніп, аспаппен қостап айту.

3

[2 ];[13 ]

4

Екі дауысқа арналған шығармалар.

1. Украин халық әні «Құс».

2. Әнді екі дауыста үйрену.



4

[2 ]; [13 ].


5

Аспаппен ән салу.


1. А. Меңжанова «Болайықшы осындай»әні.

2. Әнді динамикалық белгілерімен орындап үйрену.



5

[2 ]; : [11 ];


6

Аспаппен ән салу.


1. К. Қуатбаев «Ақ әжем» әні.

2. Ән екпінімен жұмыс



6

[2 ]; : [12 ];


7


Хорға арналған вокалды жаттығулар.


1. Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалдық жаттығулардың ролі.

2. Дауыс жаттықтыру.



7

[2 ]; [13 ]. [ 14]:



8

Аспаппен ән салу. А.Жұбанов «Қарлығаш» әні.


1. Сазгер өмірі мен шығармалары. 2. А.Жұбанов «Қарлығаш» әні. 3. Әнді екі дауыста орындау

8

[2 ]; : [11 ];


9

Аспаппен ән салу

1.К.Қуатбаев «Ел қорғауға әзірміз» әні. 2. «Ел қорғауға әзірміз» әнін аспаппен айту.

9

[2 ] [13 ]


10

Хормен жұмыс

1. Шығармамен жұмыс.

2. Әнді дирижерлау.



10

[2 ]; : [12 ];


11

Дирижерлау тәсілі.


1. Жай өлшемдерде дирижерлау.

2. Күрделі өлшемдерде дирижерлау.



11

[1 ]; [2 ]; [3 ];


12

Халық әні «Ақ дариға»

1. Халық әні туралы түсінік. 2. Халық әні «Ақ дариға» үйрену.

12

[12 ]: [14 ]


13

Екі дауыста ән салу

1. «Көшедегі жаңбыр» әні. 2. Әнді екпіні.

13

[2]; [12]


14

Әйелдер хорына арналған шығармалар.

1. Сазгер өмірі мен шығармалары. 2. К.Дүйсекеев «Туған жер» әні

14

[2]; [12]




15

Әйелдер хорына арналған шығармалар.

1 . Сазгер өмірі мен шығармалары. 2. Ақан сері «Балқадиша» әні

15

[ 2]; [ 14]



  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық (семинарлық) және лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар.
1 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Өлшемдер.

Мақсаты: Өлшем түрлерімен танысып, шығармаларды дирижерлап үйрену.

Негізгі сұрақтар:

1.Өлшем дегеніміз не?

2. Өлшемнің қандай түрлері бар?

3. Жай өлшемдерге не жатады?

4. Күрделі өлшемдерге қандай өлшемдер жатады?

5. Такт сызығы дегеніміз не?



Әдістемелік ұсыныс: Өлшем түрлеріне анықтама береміз. Өлшем түрлері бойынша оның дирижерлық сеткасы түсіндіріледі. Қарапайым өлшемде дирижерлап үйренеді.

- жай өлшемдер; т.б. күрделі өлшемдер.
_
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет