Қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
жалпыадамзаттық сапалары
кәсіби-педагогикалық қасиеттері
арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары
Педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты құрастырылады. Қазақстан Республикасында мұғалімдердің кәсіби еңбекке сәйкестілігін, кәсіби өсу деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі ретінде педагогтың кәсіби стандарты әзірленген. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-коммуникативтік. Педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты құрастырылады. Қазақстан Республикасында мұғалімдердің кәсіби еңбекке сәйкестілігін, кәсіби өсу деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі ретінде педагогтың кәсіби стандарты әзірленген. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-коммуникативтік. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7-тарауының 50-51-баптарында педагог қызметкердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі анықталған.
3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы Іс-әрекет ұғымы ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының бірі. Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттін зерттеуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |