В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтап көрсетеді:
Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).
Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).
Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік роль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында нақты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролін алады).
Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату (мұғалім басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).
Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді).
Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен ғана айналысады, үнемі өзінің балалардан жоғары екенін дәлелдеуге тырысады).
Осы аталған бағыттылықтар негізінде мынандай стильдер топтамасы анықталған: а) эмоционалды-импровизиациялық стиль (мұғалім үшін оқыту үдерісіне, оның жылдамдығы, интуицияға негізделуі маңызды, оқу материалын бекітуге аз көңіл бөлінеді). б) эмоционалды-әдістемелік стиль (мұғалімнің оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, оқытуды жоспарлауға, оқу материалын саралауға, бақылап, бағалауға аса мән береді). в) пайымдаушылық-импровизациялық стиль (оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, жұмыс жылдамдығы баяу). г) пайымдаушылық-әдістемелік стиль (оқыту нәтижесі ғана маңызды, жоспаралау, оқыту құралдары мен тәсілдерін пайдаланудағы консервативтілік, жаңашылдықтың жетіспеушілігі). Назарларыңызға Назарларыңызға рақмет!!!
http://dereksiz.org
Достарыңызбен бөлісу: |