Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Бағалау компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді. Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғылданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер медициналық, педагогикалық, конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді: танымдық (қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу); зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу үдерісі); коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу үдерістері); білім берушілік (басқаларға білім беруүрдісі);өзгертушілік (қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі) болып ажыратылады. Әртүрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттің негізгі түрлері ретінде: ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу іс-әрекеттері қарастырылады. Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын кәсіп деп атайды. Мамандық–берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады. Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын кәсіп деп атайды. Мамандық–берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Мамандықтарына байланысты информатика пәнінің, тіл мен әдебиет пәнінің, тарих пәнінің мұғалімдері деп аталады. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |