Жоғарыда аталып отырған іс-әрекет түрлерінің ішінде педагогикалық іс-әрекеттің алатын орны ерекше. XX ғасырдың 1950-1970 жылдыры көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталды: педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.); педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.); мұғалім профессиограммасы (В.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.). «Педагогикалық іс-әрекет» деген ұғымның көпқырлылығы мұғалімнің атқаратын негізгі міндеттер тізбегінен-ақ байқалады: хабарлау, оқыту, дамыту, тәрбиелеу, зерттеу, болжау, қалыптастыру, құрастыру т.б. Педагогикалық сөздіктерде педагогикалық іс-әрекет – үлкендердің өскелең ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік, әлеуметтік, мақсаттарға сай өзіндік белсенді іс-әрекетке дайындаудағы қоғамға пайдалы іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі –мұғалім. Ал мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық үдерісте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі –мұғалім. Ал мұғалім іс-әрекетінің объектісі–тұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша оның өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |