Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда,іс-әрекет-адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша, іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттері кіреді . Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласында іс-әрекет теориясының дамуына С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бір-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ, толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір компонент өзіндік маңызды рөл атқарады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді. Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар. Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар. Іс-әрекет мақсатына қарай құралдар таңдалады. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |