В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлығы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық, физиологиялық, даярлықтарымен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзыреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: «Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның біліктілік сипаттамаларын, яғни қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген ара-қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет».

В.А.Сластенин 4 бөліктен тұратын мұғалімнің профессиограммасын береді:
Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық, кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады.
Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын біріктіре қарастырады.
Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. Бұл тарау болашақ мұғалімдердің шеберлік деңгейінде еңбектенуі үшін қажет болатын жалпы ғылыми негізде дайындық көлемі мен арнайы даярлықтың қалыптасатын нақты білім, білік және дағдыны біріктіреді.
Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны. Бұған мұғалімге қойылатын жалпы әдістемелік талаптар және жеке пән мұғалімдеріне қойылатын арнайы әдістемелік талаптар енгізілген.