Нечипоренко бойынша зәр анализі: лейкоциттер 25000, эритроциттер-800.
Зәрдің бактериялық анализі: ішек таяқшасының өсуі анықталған- 200000 микроб денесі/мл. лейкоцитурия- лейкоциттер деңгейі жоғарылаған (25000)
Зәрдің бактериялық анализі:бактериурия-ішек таяқшасының деңгейі жоғарылаған, 200000 микроб денесі/мл.
БҚА: Жалпы белок-66,0 г/л, холестерин-4,4 ммоль/л, мочевина- 15,8 ммоль/л, креотинин- 280 ммоль/л, иондалған кальций- 1,2 ммоль/л. мочевина(15,8 ммоль/л), креатинин (280 ммоль/л) деңгейі жоғарылаған
Бүйрек УДЗ: Бүйрек контуры тегіс емес, әсіресе, оң жағы. Оң жақ бүйрегі – 82x40 мм. Паринхимасы 10 мм, сол жақ бүйрегі - 96x48 мм, паренхимасы – 19 мм. Бүйрек паренхимасы тығыздалған, аз құрылымды, экогенді бірдей емес, біршама жоғарылаған, әсіресе оң жағы.
Зимницкий бойынша сынамада: КД-350, ТД-1600, СТ-1000-1006.
гипостенурия (СТ-1000-1006). Тәуліктік диурез қалыпты (КД-350, ТД-1600)
К/Д: Созылмалы екіншілік пиелонефрит,өршу сатысы,екіншілік бүріскен бүйрек,созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі II деңгей
№45 ЕСЕП
Ер бала 4 жаста, 1-ші жартысы айқын токсикозбен өткен, І-ші жүктіліктен туылған. Өмірінің бірінші жылы алдын-алу мақсатымен Д витаминінің 250000 ХБ курстық доза ретінде қабылдаған. 1 жас 3 айлығында жүрген. Үлкен еңбегі 1 жас 6 айлығында жабылған. ЖРВИ-мен жиі ауырады.
Жанұялық анамнезі: әкесінде балалық шағында аяғында айқын вагусты деформация байқалған, бойы аласа болған. Анасының дені сау. Балада 1 жас 3 айлығында балтырында аздаған деформация пайда болған. Ортопедтің кеңесі бойынша массаж, тұзды ванналар, кальций препараттарын алған. Өмірінің 2-ші жылының аяғында жүрісі «үйрек жүрісі» тәрізді болған. Вагусты деформация арта түскен. 3-ші жылы рахитке қарсы ем алған. Д витаминінің курстық дозасы 600000 ХБ, массаж, ЕДТ, кальций препараттары. 3 жасында нефроурологиялық орталыққа консультация алуға жолданған. Түскен кезінде шаршағыштыққа, аяғы мен белінің күш түскен кезде ауырсынуына шағымданған. Жүрісі «үйректік», бойы 87 см, балтыры мен санында варусты деформация, бұлшық ет гипотониясы, білезіктер, қабырғалық “таспиықтар”, тізе және балтыр табан буындарының ұлғайғаны байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |