К/Д:Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура,ылғалды,жедел ағымды,өршу кезеңі
№47 ЕСЕП
Ер бала П, 9 жаста. Учаскелік дәрігердің жолдамасымен терісінде бәртпелердің болуына, іші мен буындарында ауырсыну пайда болуына байланысты келіп түскен. Ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына сол жақ тізе және сол жақ сирақ- аяқ басы буындарына ауырсынудың, аяқтарына ұсақ нүктелі қызғылттау бертпелердің шығуына шағымданады.
Анамнезі: балада 2 апта бұрын дене қызуының 38°С-қа дейін жоғарылағаны, тамағының ауырғаны белгілі. Учаскелік дәрігер лакунарлы баспа диагнозын қойып, оксациллин таайындаған. 1 аптадан кейін аяқтарының терілерінде ұсақ нүктелі бертпелер пайда болған, сол жақ тізе буынында тұрақсыз ауырсыну болған.
Түскен кезіндегі бала жағдайы ауыр. Әлсіз, селқос, ішіне тізесін жинаған мәжбүр қалыпында жатыр. Аяқтарының, жамбастарының терілерінде, құлақ сырғалықтарында ұсақ нүктелі жергілікті қосылған қызыл –көкшіл геморрагиялық бөрпелер бар. Олар тері беткейінен сәл көтеріңкі. Сол жақ тізе және сол жақ балтыртабан буындары ісінген. Пальпациялағанда, қозғалғанда ауырсынады. Ұстап қарағанда ыстық. Терісінде қосылған геморрагиялық бөрпелер бар. Ішін пальпациялағанда ауырсынады, бауыры мен талағы пальпацияланбайды. Нәжісі аздаған, ботқа тәрізді, түсі «таңқұрай желесі» тәріздес, зәр шығаруы бұзылмаған, зәрі ашық түсті.
Жалпы қан анализі: Нв-110 г/л, Эр-3,5x10 /л, т.к.- 0,9, тромб.- 435x10 /л, лейк.-10,5 x10 /л, жас-1%, т/я-5 %, с-57%, э-2%, л-28%, м-7%, ЭТЖ-25мм/сағ. Жеңіл дәрежелі анемия,лейкоцитоз,лейкоцитарлы формуланың оңға ығысуы(лейк.-10,5 x10 /л, жас-1% ) , тромбоцитоз
ЭТЖ жоғарылауы
Биохимиялық қан анализі: жалпы белок- 71 г/л, мочевина-3,7 ммоль/л, креатинин-47 ммоль/л, жалпы билирубин- 20,2 ммоль/л, АСТ-25 Б, АЛТ-20 Б. креатинин деңгейі жоғарылаған
Жалпы зәр анализі: түсі- сабан-сары, с.т.- 1012, белок- жоқ, эпителий-0-1 к/а, лейкоциттер-0, цилиндр-0. Қалыпты
К/Д: Геморрагиялық васкулит аралас немесе терілік- буындық-абдоминальдық формасы ,орташа ауырлықты,жедел ағымды ,I дәрежелі анемия
№48 ЕСЕП
Науқас О.., 5 жаста, қабылдау бөліміне тізе буыны жарақатына байланысты қаралған. Науқас 2 сағат бұрын велосипедтен құлап қалғаннан кейін пайда болған оң жақ тізе буынының қозғалысының шектелуі мең ауырсынуына шағымданады.
Анамнезі: балада 1 жасында соғып алғаннан кейін кең көлемді тері астылық гемотомалар пайда болған, жылына бірнеше рет мұрнынан қан кетеді. 3-4 жасында соғып алғаннан кейін балтыртабан және шынтақ буындары айналасында ісіктер дамыған, ауырсынған, қозғалыстары шектелген. Жоғарыда көрсетілген барлық жарақаттар ауруханада ем жүргізуді талап еткен.
Баланың түскен кезіндегі жағдайы ауыр. Тізе буынының ауырсынуына шағымданады, аяғын баса алмайды. Тері жамылғысы бозғылт, аяқтарында, мандайында ірі экстравазаттар бар. Оң жақ тізе буыны көлемі жағынан ұлғайған, ұстағанда ыссы, ауырсынады, қозғалысы шектелген. Сол жақ шынтақ буыны аймағында, 4 жасында алған жарақат салдарынан қозғалысының шектелісі анықталады, көлемі аздап үлкейген.
Достарыңызбен бөлісу: |