Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


-тақырып. Тілдік жағдай және оның типтері



бет7/12
Дата20.10.2023
өлшемі184,5 Kb.
#186968
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
12-тақырып. Тілдік жағдай және оның типтері
Жоспар
1. Көптілді қоғамдағы тілдік қолданыс.
2. Ұлттық тіл: даму жолдары мен өзекті мәселелері.
3. Мемлекеттік тіл, ресми тіл және жергілікті тіл.
4. Әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.
Тілдік жағдай – әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Тілдік жағдай дегеніміз белгілі бір географиялық немесе саяси-әкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-әлеуметтік және қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 10-22 беттер; [7], 21-33 беттер.


13-тақырып. Тілдердің қарым-қатынасы
Жоспар
1. Қостілділік және мультилингвизм туралы түсінік.
2. Қостілділіктің түрлі типтері.
3. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, тілдік одақтың құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б.
Тілдік қатынастардан ажырамайтын және онымен тығыз байланысты тілдік құбылыстардың бірі – билингвизм. Бұл қостілділік деген терминге балама ретінде қолданылады. Қостілділікті әлеуметтік лингвистиканы зерттеушілер екіге бөліп қарастырады:

  1. Туыстас тілдердің қостілділігі.

  2. Туыстас емес тілдердің қостілділігі.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 22-56 беттер; [7],33-45 беттер.


14-тақырып. Тілдің өмір сүру формалары
Жоспар
1. Тілдік дифференциация мәселелері, тілдік варианттар: әлеуметтік, территориялық, функционалдық және тарихи аспектілер.
2. Тілдің өмір сүру формалары.
Әлеуметтік лингвистиканың қарастыратын мәселелерінің бірі – тілдік болмыстың формалары мен тілдің әлеуметтік саралануы. Тілдің өмір сүру формалары дегеніміз – тілдік бірліктердің ортақтығына қарай, табиғи түрде іріктеле келіп, белгілі бір иерархиялық топқа бірігетін, дербестік қасиеті танылатын тілдік құрылымдар. Бұл топтар түрлі әлеуметтік қабаттардың қажеттілігіне сай іріктелгенмен, белгілі бір ұлттың шеңберінен шықпайды. Сол ұлттағы барлық әлеуметтік топқа бірдей түсінікті лексикалық қор болып саналады.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 10-53 беттер; [7], 25-42 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет