Пәннің атауы: «Эстетика» Міндетті компоненті бойынша пән
Кредиттер саны мен меңгерудің мерзімі Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат
Дәрістер - 30 сағат
Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат
СӨЖ – 90 сағат
Оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы жүктеме -135 сағат
Бақылау түрі Емтихан – 2 семестр
Пәннің мәні, мақсаттары мен міндеттері
«Эстетика» пәнінің мәні: «Мәдениеттану» бағытындағы мамандықтары студенттердің эстетика оқулары бойынша білімдер мен теориясын теориялық эстетиканы мәдени-философиялық пәндер ретінде меңгерудегі мемлекеттік компоненттік пән.
Пәнді оқытудың мақсаты:эстетика тарихы пәні, оның тарихнамасы және эстетиканы философиялық ойлау түрі ретінде студенттердің танымын қалыптастыру.
Пəнді оқытудың міндеттері: - гуманитарлық білім жүйесіндегі эстетиканың ролі мен орын аңықтау;
- эстетикалық ойлардың даму негізгі кезеңдерін оқып білу;
- эстетиканың даму тенденциясын аңықтау;
- эстетикалық қызмет түрі ретінде өнер морфологиясымен таныстыру.
3. Курсты оқыту процесінде білім, қабілеттіліктерге, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар Пәнді оқыту барысында студент білуі тиіс: - негізгі эстетикалық теориялардың мазмұнын;
- эстетиканың ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері;
- эстетикалық танымның мәні;
- «эстетикалық қызмет» және «эстетикалық таным» түсінігінің ара қатынасы;
- эстетикалық категориялар мен түсініктер;
- жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті.
қабілеттіліктер қалыптасуы қажет: эстетикалық концепция мен теорияларды талдай білу, компаративистиканы тарихи- салыстыру әдісі ретінде қолдана отырып эстетиканың пайда болуы, оныің пәні мен мәні, эстетиканың мәселелері бойынша дерек көздерімен жұмыс істеу.
тәжірибелік дағдыларға ие болуы тиіс: өз сөйлеу мәнерін дұрыс қоя білу, өз ойын айту, өзіндік және және обьективті ойлау, эстетикалық жағдайларды бағалау, қазіргі эстетиканың даму тенденцияларын танып білу және талдай білу, өнердің әр алуан түрлеріне салыстырмалы түрде, көркем өнер туындыларына салыстырмалы қорытынды талдай жасай білу, көркем өнер туындыларын талдау.