Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 3. Конституциялық құрылыс және оның негiздерi - 3 апта, 1 сағат



бет13/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені

Тақырып 3. Конституциялық құрылыс және оның негiздерi - 3 апта, 1 сағат.


Мақсаты: конституциялық құрылыс ұғымның мәнін анықтап, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысының негiздерiн ашып қарастыру.
Негізгі терминдер: конституция, конституциялық құрылыс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік құрылым, саяси режим, мемлекеттік билік, құқықтық мемлекет, демократиялық мемлекет, зайырлы мемлекет, бiртұтас мемлекет, егемен мемлекет, әлеуметтiк мемлекет
Жоспар:
1. конституциялық құрылыстың ұғымы, оның элементтерi.
2. ҚР конституциялық құрылысының құқықтық тұрғыда реттелуi.
3. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негiздерi.

  • құқықтық мемлекет.

  • демократиялық мемлекет.

  • зайырлы мемлекет.

  • президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

  • егемен мемлекет.

  • әлеуметтiк мемлекет.

  • адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретiнде.

  • Қазақстан Республикасының саяси жүйесi: түсiнiгi, элементтерi.

Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституциялық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің және қоғамның ұйымдастырылуының белгілі бір нысаны немесе амалы.
Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.
Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдастырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

  1. Қазақстан Респбликасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшолоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

  • халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)

  • идеологиялық және саяси алуандылық;

  • жергілікті өзін-өзі басқару;

  • өкілді биліктің болуы.

  1. Қазақстан Реаспубликасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлесіктер мен азаматтардың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтық үстемдік етуінде. Белгілері:

  • заңның (құқықтың) жоғарылығы;

  • соттың тәуелсіздігі;

  • жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

  • адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;

  • биліктің бөлінуі;

  • мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

  • жұмыссыздықтан қорғау;

  • отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;

  • әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)

  • адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;

  • еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті,

  • көп балалы атбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

  • т.б.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл діннің мемлекеттен бөлінуі. Белгілері:

  • дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

  • мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

  • барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

  • ешбір дін міндетті дін ретінде бекітілмейді;

  • діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

  • міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, балаларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

  • дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

  • діни бiрлестiктер заң талаптарын және хұқық тәртiбiн сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi

  • т.б.

5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:

  • мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;

  • мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

  • бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

  • қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

  • қарулы күштерін құрады;

  • өз азаматтығы болады;

  • сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

  • өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

  • мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

  • мемлекеттік тілі болады,

  • табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану құқығы болады,

  • мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.
7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.
Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет