І-ТАРАУ. СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары.
Сұраулы сөйлем-бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдер сөйлесуші жақтан шындық туралы жауап алу үшін жұмсалады. Мысалы: Асан қайдан келді? Қандай да болсын, бір нәрсенің, оқиғаның,істің жайын, күйін, өткенін, қазіргісін, келешегін келешегін білу үшін айтылатылған сұрау мәні бар сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары: сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар, интонация. Қызметіне қарай үшке бөлінеді: негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер, жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Сұраулы сөйлемнің қазақ тілінде 7 түрлі шылауы бар: ғой,иә,шығар,ә,шы,ші (ше), ма,(ме,па,пе,ба,бе),сірә.
Сұрау есімдіктері арқылы,есімдікпен есім сөздердің біріккен түрлері арқылы,есімдік пен шылаулардың біріккен түрлері арқылы жасала береді.
Есімдіктерден болатын сұраулы сөйлемдер сөйлемге мысал:Балалар неге өлең айтпайды?
Есімдік жағаулы түрінде де сұраулы бола береді.Не есімдігінің өзі сұрау,оған барыс жалғауын қосса неге?-болып та, сұрау мағынасында тұра береді.Мысалы, Не көрдің? Неге көрдің?
Қайсысы,қандай,қанша,неге,кім,не,қай,қалай,қайда... деген сұрау есімдіктері етістікпен, зат есіммен, шылаумен қосылып, сұрау мағынасын береді. Мысалы: Қай күні? Неше кісі келді? Қай жақта?
Cонымен қатар,есімдік,етістік,шылау,есім сөздер бірігіп те сұраулы сөйлем жасалады.
Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай түрлері
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем-сұраққа негіз болып іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып, сұраққа жалпы ашық түрде қатысатын сөйлем. Ал не істейміз?
Альтернативті сұрақты білдіретін-ізделетін іс-қимыл,предикативтік заттық сапа жалпы белгісіз күйді атамай, белгілі альтернативтердің төңірегінен ізделеді. Тоқтайсың ба,жоқ па?
Риторикалық сұрақты білідретін-сұраулы сөйлем формасы хабар ретінде пікірді білдірк үшін жұмсалған сөйлем.Ол мұндайдан қалған ба?
Түрткі сұрақты білдіретін- тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін пайдаланылатын сұраулы сөйлем. Қалаға барып келмейсің бе?
Достарыңызбен бөлісу: |