ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені мектепке дейінгі оқыту мен әдістемесі-5В010100 Алматы, 2018 ж



бет6/10
Дата10.04.2020
өлшемі0,72 Mb.
#62161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жас ерекш физиол гигиена
жас ерекш физиол гигиена

Үйге тапсырма

  1. Бұлшық ет талшығы жиырылуының механизмі

  2. Бұлшық ет талшығы жиырылуына жұмсалатын қуат көздері, олардың сипаттамасы

  3. Статикалық және динамикалық жұмыстар

  4. Бұлшық ет жиырылуының түрлері, режимдері

  5. Бұлшық еттің жұмысы, Кжпэ

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека.Под.ред. Н.В. Зимкина,М., ФиС, 1975.

4. Физиолгия человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ. Дюсембин. Алматы, 2003.


6-дәріс тақырыбы: „Талдағыштар- сезім мүшелері

Дәрістің мақсаты: Талдағыштардың қызметі, және оларға тән жалпы

заңдылықтарды зерттеу.

Дәрістің жоспары:

1. Талдағыштардың құрылысы, дамуы және қызметі

2. Талдағыштарға тән жалпы заңдылықтар

3. Қозғалыс (бұлшық ет-буын сезімділігі) талдағышы

4. Тепе –теңдік (вестибулярлы) талдағышы

5. Көру талдағышы

6. Есту талдағышы

Сезім жүйесі, яғни талдағыштар адамды қоршаған орта туралы дәл мәлімет ( t0- ң өзгеруі, жарық, қараңғы т.б.) және ішкі ортаның өзгерістерін (химиялық құрамын, осмостық қысымын, т.б.) сезетін күрделі құрылым.

Талдағыштар дегеніміз арнайы қабылдағыш- рецепторлардан басталып, ми жарты шар қыртысында аяқталатын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.

Талдағыштар деген ұғымды физиология ғылымына И.П.Павлов енгізген. И.П.Паавлов кез келген талдағыштың үш бөліктен тұратынын бірінші болып ашты. Олар: 1) қабылдағыш (рецептор) – шеткі бөлімі; 2) афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (сезу, қимыл жүйке талшықтары) – аралық бөлім; 3) үлкен ми сыңарлары қыртысындағы (сигналды) мәліметті қабылдайтын аймақ- орталық бөлімі. Бұлардың біреуі зақымданса тітіркендіргішті ажырату қабілеті жойылады.

Талдағыштарға тән жалпы қасиеттер:

1) Сезім ерекшелігі -әрбір талдағыш өзіне ғана тән тітіркену сезімін қабылдайды;

2) Бейімделу- тітіркендіргіштің күшіне талдағыштардың бейімделуі. Мысалы: жарықтан қараңғыға шыққанда, адам әуелі нашар көреді, соңынан көз қарашығы ұлғайып жақсы көре бастайды (бейімделу уақыты бірнеше минут); немесе қараңғыдан жарыққа шыққанда – бейімделу уақыты бірнеше секөнд қана; бөлмеге кіргенде жағымды, (әтір иісі, тамақ), жағымсыз (темекі, арақ, қолаңса т.б.) сезілген иістер, бірталай уақыттан соң сезілмей кетеді т.б.

3) Иррадиция - таралу- қозудың бір талдағыштан екіншісіне ауысуы; мысалы, қара түстегі ақ шаршы сол мөлшердегі қара шаршыдан үлкенірек болып көрінеді. Индукция- қатар және ізінше болатын тежелу, таралумен бірге жүреді.

4) Бір ізді әсердің сақталуы дегеніміз тітіркендіруден кейін де талдағыштардың жауабының жалғасуы. Мысалы; дыбыс шығару тоқталса да, дыбыстың әрі қарай естілуі.Жарық сәулелері секөндіне 16-18 рет – 24 ретке шейін кино көргенде бір бейне болып көрінеді. Әсіресе жағымсыз бір ізді әсер көпке созылады.

5) Талдағыштарға контраст құбылысы тән .Көп уақыт қара түске қарасаң, одан кейінгі сұр түс ақ болып көрінеді; Мысалы, түнде қыздардың бәрі ақ, сұлу болып көрінеді.

Қозғалыс талдағышы немесе бұлшық ет буын сезімталдығы дене қалпының сақталуын, қимылдың дәлме-дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Дененің қалыпты және қимыл әрекеті кезіндегі қозғалыстар бұлшық ет талдағышындағы, сіңірдегі, тарамыстағы, буындағы, ұршық ішіндегі т.б. қабылдағыштар- проприорецепторлар қабылдап ОЖЖ- не беріледі.

Қозғалыс талдағыштарының проприорецепторларына:

Гольджи денешіктері қаңқа еттері жабысқан сіңірде табылса;

Паччини денешіктері буындарда, шандыр қабықтарда, сіңірлерде орналасқан;

Бұлшық ет ұршығындағы рецепторлар бұлшық ет созылғанда тітіркенеді.

Дене қызметі проприорецепторлардың дамуын арттырады, сондықтан жас спортшылар өте нәзік және күрделі қозғалыстарды орындауға бейім.

Тепе-теңдік (вестибулярлы) талдағышы адамның кеңістіктегі қандай күйде екенін, тепе-теңдікті сақтайтын, яғни дененің және басты түрлі жағдайда: шалқайған, еңкейген және айналу, жоғарғы, төмен түсу кездерін сезетін сезім мүшесі.Оның қабылдағыштары ішкі құлақта, самай сүйектерінің ішінде орналасқан. Тепе-теңдік талдағыштары қалташық, босаға және үш ілмек каналдар сияқты жарғақты түзінділер мен есту мүшесіне де жататын ортаңғы жарғақты арнадан тұрады. Ішкі құлақ босағасында сопақша және дөңгелек дотбашықтар бар ( 1- сурет). Олардың ішінде өте сезімтал қабылдағыштар мен жүйке талшықтары орналасқан. Сезімтал жасушалар ұшы көмір қышқылының, фосфор қышқылының, кальций тұздарынан тұратын өте кішкене кристалдары – отолиттермен жалғасқан. Мысалы: бас пен дененің қалпы өзгергенде түктерді тарту арқылы қабылдағыштарға беріледі. Тепе- теңдік қабылдағыштары тірікенгенде 1) қимыл дәлдігі бұзылады, мысалы: мойын, тұлға, аяқ—қол бұлшық еттерінің тепе-теңдік моторлы рефлексі; 2) көз алмасының мәжбүрлі ырғақтары кезінде байқалатын – тепе-теңдік- маңайлы моторлы; 3) тепе-теңдік- вегетативті рефлекстер: ЖСЖ; КҚ; ТЖ; сілекей, жүрек айну, тер шығару, т.б. пайда болады. Мысалы: самолетпен ұшқанда немесе кемемен жүзгенде – адамда „теңіз“ , „ ұшу“ ауруы- өңі қашып, суық тер шығып, бас айналу, ЖСЖ, ТЖ жиілеп; лоқсу, құсу пайда болады.

Бүкіл жер бетінде өмір сүретін барлық тірі ағзалар электромагнитті өзгерістердің ықпалында болады.

Барлық жарық сәулесінің толқындарын көз, яғни көру сезім мүшесі қабылдайды. Сыртқы ортадан келетін информацияның 80-90 % көру сезім мүшесі арқылы беріледі.

Көздің торлы қабығы- көп деңгейлі күрделі құрылым (2- сурет). Сәулені қабылдайтын таяқшалар- адамда 130 млн шамасында- ол торлы қабықтың шет жағында орналасқан. Жарық сәулелері түскі кезде таяқшалардағы көру пигменті – родопсин ыдырап, фотохимиялық процестердің арқасында жарық сәулені қабылдайды. Ал родопсин дегеніміз А витаминінің альдегиді ретин мен опсин белогінің қосындысы. Қараңғыда родопсин қайта қалпына келеді. Егер де А витамині жетіспесе қараңғыда, іңірде көру қабілеті жойылады (тауық соқырлығы). Заттардың түсін айыру құбыршалардың қабілетімен байланысты. Адам көзінің торлы қабығында 7 млн-ға жуық құбыршалар бар. Олар торлы қабықты артқы бөлімінде сары дақта шоғырланған.

Көздің өткірлігі- дегеніміз көру бұрышы бір минөтке тең жағдайда, көздің екі нүктені жеке- жеке көру қабілеті. Көздің ең өткір жері- сары дақ аймағы.

Көру аймағы дегеніміз, бір жерге тесіле қарап тұрғанда, ол жерден басқа , оң және сол жағындағы (жоғарғы, төменгі) жерлерді де қамти көру қабілеті. Ол периметр құралымен анықталады. Алайда әртүрлі түске көру аймағы әртүрлі болады.

Есту сезім мүшелері – құлақ. Ол үш бөлімнен тұрады: Сыртқы құлақ- құлақ қалқанынан және құлақтың сыртқы тесігінен құралған: дыбыс толқынын дабыл жарғағына жеткізуші. Ортаңғы құлақ – дыбыс қуысынан, самай сүйегінде орналасқан: балғашық, төс үзеңгі деп аталатын өткізгіш сүйектерден тұрады, олар дабыл жарғағымен байланысқан, негізгі қызметі – тербеліс жиілігін азайтып немесе күшін арттыру.Ішкі құлақта дыбыс қабылдаушы есту рецепторлары орналасқан иірім түтігі мен тепе- теңдік талдағышы болады. Иірім түтігінің сүйекті арнасы екі жарғақты пердемен: жұқа тепе-теңдік және тығыз негізгі мембранамен үш бөлімге бөлінеді: жоғарғы және төменгі бөлімдер перилимфаға толы; ортаңғы олармен қатыспайтын – жарғақты арна- эндолимфаға толы, онда К+ иондары 100 есе көп болады. Иірім түігінің ортаңғы арнасының ішінде негізгі мембрананың үстінде дыбыс қабылдаушы рецепторлар – Корти мүшесі орналасқан. Олар түтікті жасушалардан тұрады.

Адамның құлағы 16-дан 20000 Гц жиіліктегі дыбыстарды қабылдайды. Дыбыстың күші бел және децибелмен өлшенеді. Ең жоғарғы дыбыс -40-60дб.

Глоссарий

Үйге тапсырма


  1. Талдағыштар қыметі

  2. Талдағыштар құрылысы

  3. Талдағыштарға тән заңдылықтар

  4. Проприорецепторлар

  5. Қозғалыс талдағышының маңызы

  6. Тепе- теңдік талдағышының маңызы

  7. Тепе-теңдік талдағышының құрылысы мен қызметі

  8. Вестибулярлы реакциялар

  9. Көру талдағышының маңызы

  10. Көру рецепторлары

  11. Оптикалық жүйе

  12. Аккомодация

  13. Көру аймағы

  14. Есту талдағышының маңызы

  15. Корти мүшесі

Әдебиеттер:

1. Адам физиологиясы. Сәтпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов, Алматы, „Білім”, 1995.

2. Адам физиологиясы. Бұғыбаева С.Ж. Алматы, 2003 (дәрістер курсының жинағы).

3. Физиология человека. Под.ред. Н.В. Зимкина, М., ФиС, 1975.

4. Физиология человека. Под.ред. В.М.Смирнова, М., Медицина, 2001.

5. Жас ерекшеліктер физиологиясы. Қ.Дюсембин. Алматы, 2003.


7-дәріс тақырыбы: Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің физиологиясы

Дәрістің мақсаты: Жоғарғы жүйке қызметінің негіздерін зерттеу.

Дәрістің жоспары:

  1. Ағзаның сыртқы ортаға бейімдеуіндегі жоғарғы жүйке қызметінің маңызы

  2. шартты рефлекстер, олардың жіктелуі

  3. Жоғарғы жүйке іс-әрекеті типтерінің спорттағы маңызы.

  4. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер

  5. Ұйқы

Жоғарғы жүйке іс-әрекеті немесе психикалық әрекет үлкен ми сыңарлары қыртысы мен қыртыс асты бөлімдерінің қызметімен тығыз байланысты. Жоғарғы жүйке қызметінің (сана, ой, ерік) физиологиялық негізін шартты рефлекстер құрайды, соның арқасында ағза мен сыртқы ортаның күрделі қарым – қатынасы іске асады.

Шартты рефлекс- жеке тіршілік барысында сыртқы және ішкі ортаның әсеріне үлкен ми сыңарларының қыртысы мен қыртыс асты бөлімдерінің қатысуымен іске асатын жауап. Шартты рефлекстер жасалу үшін келесі ережелер сақталуы қажет:

Шартты тітіркендіргіш пен шартсыз тітіркендіргіштің ұштасуы қажет.

Шартты тітіркендіргіш күші табалдырықтан асып түсуі қажет, бірақ өте күшті емес.

Шартты тітіркендірігш – шартсыз тітіркендіргіштің алдында болуы қажет.

Шартсыз рефлекстің қозғыштығы жоғары болуы қажет.

Бөтен тітіркендіргіштердің болмауы қажет.

Ағзаның күйі жақсы, дені сау болуы шарт.

Шартты рефлекстер: 1)сенсорлы - рефлекстің афферентті бөлімінің жасалуымен сипатталса; 2) оперантты - жаңа реакцияның түзілуімен сипатталады.

Шартты рефлекстер тітіркененетін рецепторлардың орналасуына сәйкес экстерорецептивтік және интерорецептивтік болып жіктеледі; тітікендіргіш түріне қарай табиғи (тамақ иісі, түрі); жасанды болып бөлінеді; тиімділігіне қарай вегетативті- ағзада жүретін барлық зат алмасу процестеріне қалыптасады; аспаптық- бұлшық еттердің шартсыз қимыл әсерлері негізінде пайда болады; мысалы, цирктегі жануарлар көрсететін ойын. Шартты рефлекстер бірнеше ретті (ранг) болады, мысалы: иттерде бірінші (жарық, тамақ), екінші(қоңырау, жарық , тамақ) және үшінші (кез келген тітіркендіргішті екінші шартты тітіркендіргішпен ұштастыру) реттегі шартты рефлекстер жасауға болады; ал жылқыда, мүйізді ірі қара малдарда тек екінші реттегі шартты рефлекстер ғана түзіледі.

И.П.Павлов жануарлардың мінез-құлқын, темпераментін анықтайтын жүйке жүйесінің негізгі 3 қасиеттерін алған, олар; 1) қозу мен тежелудің күші; 2) қозу мен тежелу процесінің теңдігі; 3) қозу мен тежелу процесінің жылжығыштығы. Осы қасиеттерді ескере отырып, И.П.Павлов жоғарғы жүйке жүйесін 4 типке бөлген, олар біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырда атап көрсетілген Гиппократ төрт темпераментімен сәйкес келеді:

1) Күшті, ұстамсыз (холерик)- өте күшті ұстамсыздық, қозу тежелуден басым, тез қозады, өз реакциясын тежеуі қиын.

2) Күшті ширақ, ұстамды (сангвиник)- қозу мен тежелу процестері тең, шамалас, бір-біріне оңай ауысады, сондықтан бір түрлі іс- әрекеттен екіншісіне оңай ауысып, жаңа жағдайға тез бейімделеді.

3) Күшті инертті (салмақты) тип (флегматик)- қозу мен тежелу процестері күшті, бірақ бір-біріне ауысуы баяу, яғни жылжығыштығы нашар. Бір түрлі іс-әрекеттен екіншіге ауысуы қиын жүреді, бірақ ұзақ жұмысқа төзімді.

4) Әлсіз тип (меланхолик)- қозу мен тежелу процестері нашар, көбіне тежелу процесі басым, бейімделуі жоқтың қасы, үнемі үрейде (селқостықта) болады, көрінгеннің жетегінде кетеді.

Осы типтермен қатар И.П.Павлов тек адамдарға ғана тән екінші сигналдық жүйенің бар екенін анықтаған- оның тітіркендіргіші: естіген, көрген, жазылған, айтылған сөз, ал жануарлар мен адамдарда бірінші сигнал жүйесінің тітіркендіргіші – ағзаға әсер ететін сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштері. Екінші сигнал жүйесінің дамуы адамның дүние танымын кеңейтіп, бейімделу үшін мүмкіншілігін ұлғайтты, І және ІІ сигнал жүйелерінің қорытынды қасиеттері: абстракцияның (ерлік, ашу, кемеңгерлік, мейірімділік т.б.); бұрын жинақталған тәжірибені келешек ұрпаққа қалдыру мүмкіндігі (мәдениет, ғылым т.б.) туды. Екінші сигнал жүйесі арқылы ауызша, жазбаша тіл; математикалық, музыкалық символдар, абстракциялық ойлау туды. Оның қызметін ми қыртысындағы үшінші аймақтар ретейді, оң қолымен жазатындарда ол сөйлеу орталығының маңында орналасқан.

Әртүрлі адамдардағы І және ІІ сигнал жүйесінің арақатынасының ерекшелігене байланысты тек қана адамдарға тән жүйке жүйесінің типтеріне бөлген: „Ойшылдарда” екінші сигнал жүйесі дамыған; - олар ересек адамдардың жартысына жуық; „көркем” типке – бірінші сигнал жүйесі көбірек дамыған (25%), ал қалған 25 % адамдарда бұл екеуі тең.

Ұйқы адам мен жануарлар ағзасы өмір сүруінің физиологиялық қажеттілігі (яғн тіршілігіміздің үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді). Адам ағзасында ұйқы мен сергектілік бір тәулікте оқтын- оқтын алмасып, қайталанып отырады. Ұйқының бірнеше түрлері болады:

Бірмезгілді, қалыпты физиологиялық ұйқы- күнделікті

Көпмезгілді- жас нәрестелерде; кейбір жануарларда;

Маусымдық ұйқы – (аю, тышқан, жарқанат т.б.);

Наркотиктік ұйқы;

Гипноздық ұйқы;

Ауытқулық ұйқы – летаргиялық.



Ұйқы барысында баяу толқынды ортодоксальдық сергек және жиі толқынды парадоксальдық терең деп аталатын екі типі болады.Баяу ұйқы барысында ол бес сатыдан өтеді:

Ояу күйге тән болатын- ырғағы;

Баяу толқынды- дельта ырғағы немесе қалғу;



Сергек ұйқы- дельта және тета толқындарымен қатар белсенділік көрсетеді;

Орташа ұйқы – дельта толқындар басым;

Терең ұйқы – жоғарғы – тербелісті дельта толқындарымен сипатталады. Бұл ұйқы ұйықтаған соң 60-90 минөттен кейін пайда болады (ұзақтығы 6/-10/-30/). Бүткіл ұйықтау барысында бұл сатылар 5-7 рет ауысып отырады.

Ұйқының келуіне бұлшық ет қызметінен шаршау, ой еңбегінен қажу, ОЖЖ-нен афференттік импульстердің азаюы, температура ритмі т.б. әсер етеді. Ұйықтағанда түс көру арқылы қызметтік белсенділік көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет