Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№8 дәріс тақырыбы: Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистика. Неолингвистика.
1. Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистика.
2. Неолингвистиканың ұарастыратын мәселелері
3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі
Ареалды лингвистика (лат. area – аудан, кеңістік) – лингвистикалық география тәсілдері көмегімен тіл құбылыстарының кеңістікте тарауын және тіларалық (диалектаралық) қарым-қатынастарды зерттейтін тіл білімінің бөлімі. «Тіл-территория» қатынастарын зерттейді. Ареалды лингвистиканың негізгі мақсаты – тіл ерекшеліктерінің жергілікті тарауы мен изоглосстардың түсіндірілуі (географиялық картадағы белгілі бір тілдің таралу аймағын көрсететін сызықтар). Соның нәтижесінде тілдер мен диалектілердің өзара байланыс аймақтары (ареалдар) айқындалады. Ареалды лингвистика термині 1925 ж. пайда болды. Оны лингвистикаға енгізген М.Бартоли. Ареалды лингвистика лингвистикалық география, диалектология пәндерімен тығыз байланысты. Ареалды лингвистиканың негізгі ұғымы – тілдік немесе диалектілік ареал, яғни бөлек тіл құбылыстарының өріс алу шекаралары мен олардың жиынтығы (мыс.: түркі, славян, үндіеуропалық ареал);Ареалды (кеңістік) лингвистика. Неолингвистика. Диалектология және лингвистикалық география. Лингвистикалық үздіксіздік теориясы. Изоглоссия. Итальян неолингвистерінің еңбектеріндегі лингвистикалық география мәселелері: М. Бартоли, В. Пизани, Дж. Бонфанте. Субстрат туралы ілім: И. Асколи. В. Пизанидің ареалды лингвистика және тілдік одақтар лингвистикасын салыстырмалы тарихи зерттеулерінде қолдануы.
Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте (1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Ареалды (кеңістіктік мектеп) лингвистикасы нені зерттейді ?
2. Неолингвизм қашан қалыптасты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№9 дәріс тақырыбы: Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
1. Фердинанд де Соосюрдің өмірбаяны
2.Еңбектері мен лингвистикалық көзқарастары
Фердинанд де Соссюр – Швейцария тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінгі дейін күшті әсерін тегізуде.
Ф. де Соссюр атына байланыстыратын тағы бір мәселе – зерттеудің синхрондық және диахрондық түрлері.Ол тіл білімін синхрондық лингвистика, диахрондық лингвистика деп екіге бөледі.
Синхрондық лингвистика тілдің ішкі жүйесін зерттейді де, диахрония бір – біріне байланыста алынған тілдік элементтердің тарихын зерттейді.Тілдің ішкі механизмі дейтініміз – тілдік жүйе.Тілдік жүйенің сырын ашу тек синхрондық зерттеудің ғана қолынан келеді.Сондықтан синхрондық лингвистика диахрондық лингвистикадан маңыздырақ.Ол – тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі туралы теория.Синхрония тілдік жүйе құрайтын элементтердің бір – бірімен логикалық, психологиялық қарым – қатынастарын талдайды.
Сөйтіп, Ф.де Соссюр тілді зерттеудің сипаттама (синхрония) және тарихи (диахрония) әдістерін бір – біріне қарама – қарсы қояды.Синхрония тілдік жүйенің сырын ашады, диахрония тілдік жүйені бұзады, оны өзара байланысы жоқ, бөлек – бөлек фактілердің жиынтығына айналдырады деп қарайды.Тіл ғалымдарының басым көпшілігі Ф. Де Соссюрдің бұл пікірін тіл тарихының мәнін елемегендік деп санайды.
Бақылау сұрақтары:
Фердинанд де Соссюрдің тіл білімі саласына қосқан үлесі қандай?
Ғалымның ең негізгі еңбектерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№10 дәріс тақырыбы: Француз әлеуметтік лингвистикасы
Социологиялық бағыт туралы түсінік
Француз әлеуметтік лингвистикасы
Социологиялық мектеп . Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығн, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да басқа айтқан. Дегенмен , бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Тіл қоғаммен байланысты, тіл-қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ баскезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық лингвистикадген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері-Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960),Э.Бенвенист (1902). Мектептің социологиялықдеп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл –қоғамдық , әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамыбар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысты қаралу керек деп санайды.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін, оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқтатылып өтейік .
Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі терең де жан –жақты зерттелген. Француз тілінің ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттеп отырып, Лафарг ұғымының, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді болатындығындәлелдейді. Ол –тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.
Фердинант де Соссюр Швейцартіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің пофессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. Де Соссюрді, әдетте , тіл біліміндегі циологиялық мектептің негізгі салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан–жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепцияжасаған адам. Ғылымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде. Ф.Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі «Жалпы лингвистикалық курс» деген кітабы. Бұл еңбек Ф. Де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916жылы басылып шықты.
Тілдің әлеуметтік табиғатына алғаш көңіл аударған ХІХ ғасырда П. Лафарг, А. Мейе, А. Соммерфельт т.б. болды. ХХ ғасырда бұл мәселені КСРО-да зерттеген Л. П. Поливанов, В. В. Виноградов, Б. А. Ларин және т.б. ғалымдар. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – Поль Лафарг (1842-1911), Ф. Де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902). Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А. Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А. Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.
Бақылау сұрақтары:
Социологиялық бағыт туралы түсінік беріңіз
Француз әлеуметтік лингвистикасының өкілдері кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
11 дәріс тақырыбы: Америкалық этнолингвистика
1. Дескриптік мектептің қалыптасуы
2. Металингвистиканың зерттеу нысаны
3. Америкалық этнолингвистиканың қалыптасуы
Дескриптивтік мектеп 20 ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бұл структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған рөлі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі – этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады.
Дескриптивистер тіл – ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарихы дегендер ескерілмейді. Дескриптивтік мектеп-тілдік текстерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән береді. Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдісті дүниеге келуіне себепші болған индеецтер тілдерін ең алғаш зерттеген адам –Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858-1942). Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік психалогияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінез -құлықты ғана зерттеу керек, ал мінез-құлық дегеніміз-организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.
Дескриптивистер тіл –ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі. Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика,деп аталатын салаларды қамтиды. Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.
Этнографиялық лингвистика. Лингвистика тарихында тіл мәселелерін сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір 18ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Бердердің (1744-1803) поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оны тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау 20ғасырдың 20-30-жылдарында белең алды. Қазіргі тіл білімінде осы негізде туып қалыптасқан екі бағыт бар: оның бірі – Америкада, екіншісі – Германияда. Америка этнолингвистикасы. Ф. Боас және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л. Блумфилд, Л. Блумфилдттің постулаттар қағидасы. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар). Сепирдің модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері: Ф. Боас, Э. Сепир, С. Лэм, Б. Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы.
Бақылау сұрақтары:
Микролингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?
Дескриптік мектеп қалай қалыптасты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№12 дәріс тақырыбы: Неогумбольдтшылдық
1.Неогумбольдтшылдық: философиялық-лингвистикалық негіздері
2. Л. Вайсгербердің тіл теориясы
Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға 19 ғасырда ғана ие болды. 19 ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік нысанының айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты – тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары – Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767-1835) болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы тіл білімінің, жалпы тіл білімінің және тіл философиясының негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
20 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада неогумбольдтианство бағыты дамыды. Ол негізінен тілдің семантикалық жағын зерттеуге және тілді халық мәдениетімен тығыз байланыста зерттеуге мән берді. Бірақ идеалистік, метафизикалық философия тұрғысынан тілдің ой-сана мен танымдық процестегі қызметін асыра бағалады.
Неогумбольдтшылдық. Неогумбольдтшылдық – ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің "кілті" туралы В. Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық қүрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдтшылдық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантикалық өріс теориясы: И. Трир, В. Порцит. Неогумбольдшылдық - тілді жаңа идиоэтникалық тұрғыда зерттейтін тіл біліміндегі лингвофилософиялық бағыт. ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдары Неогумбольдшылдық германистиканың министрлік мектебі (И. Трир және Бонн университетіндегі Л. Вайсбергер бастаған лингвистер) маңында шоғырланды.
Бақылау сұрақтары:
1.Неогумбольдтшылдық: философиялық-лингвистикалық негіздері
2. Л. Вайсгербердің тіл теориясы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№13дәріс тақырыбы: Структурализмнің негізгі бағыттары
1. Структуралық тіл біліміне сипаттама
2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар
20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты.
Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең негізгісі 20 ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт.19 ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, 20 ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің арақатынасын, бір – бірімен байланысын, бір – біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.
Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.
Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан.Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка, В.Скаличка, орыс эмигранттары С.Карцевский, Р.Якобсон, Н.Трубецкой, т.б. болған.
Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап, бұл мектепті Прагалық функционалды лингвистика деп те атайды.
Функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты.
Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компаративистикалық бағыттығылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематиктер деп атады. Глоссемантикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл ғалымы профессар Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек – Ельмслевтің 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссематиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуалистердің халықаралық органы деп жарияланды.
Бақылау сұрақтары:
1. XX ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептерінің өкілдері кімдер?
2. Структуралық тіл білімінің негізін салушылар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№14 дәріс тақырыбы: Лондон лингвистикалық мектебі
Лондон лингвистикалық мектебі туралы
Лондон мектебі — структуралық тіл білімі бағыттарының бірі.
Лондон мектебі — структуралық тіл білімі бағыттарының бірі. 20 ғ. 40 жылдарында қалыптасқан - негізін салған Дж. Р. Фёрс және оның төңірегіндегілер—У. Аллен, М. А. К. Халлидей, Р. X. Робине, У. Хаас, Ф. Р. Палмер т. б. Лондон мектебі нақты тілдердің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіруге арналған жалпы теория құруға, соған сай оларды зерттеудің құрылымдық-функционалдық әдістерін жасауға тырысты. Лондон мектебінің жалпы тілдік ұстанымының қалыптасуына Э. Дюркгейм мен Ф. де Соссюрдін кейбір идеялары және бихевиоризмнің қағидалары ықпал етті. Лондон мектебі үшін тіл білімінің міндеті — тілдік құбылыстарды зерттеудің техникалық тәсілдерін жасау болып табылады. Оның өкілдерінің пікірінше, тіл білімі басқа ғылымдардың (психология, әлеуметтану т. б.)деректеріне сүйенбей-ақ дамитын жеке сала. "Тіл" ұғымын негізгі үш мағынада қолдануға болады: адам табиғатындағы ішкі ынталылықты оятатын табиғи сый; дәстүрлі жүйе немесе дағды негізінде қалыптасқан құбылыс; сансыз индивидуалдық пікірлер мен тілдік әрекеттер түрінде. Лондон мектебінің нақты зерттеулері мынадай мәселелерге қатысты: тілдің қоғамдағы орны мен қызметі; тіл және мәдениет; тілдің мәні және оның анықтамасы; тіл дамуын қозғаушы күштер; тілдің құрылысы; тіл денгейлері мен тіл бірліктерін ажырату; тілдік категориялардың белгілері және оларды анықтаудың шарттары т. б. Лондон мектебінің зерттеулері әлеуметтік тіл білімінің, функционалды грамматиканың, контекстуалды грамматика мен мәтіндік тіл білімінің қалыптасуында белгілі орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Лондон лингвистикалық мектебінің өкілдері кімдер?
2. Лондон лингвистикалық мектебінің негізін салушылар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
№15 дәріс тақырыбы: Ресей тіл білімі
1. Ресей тіл біліміне қысқаша шолу
2. Ф.Ф. Фортунатовтың лингвистикалық көзқарастары.
3.Ф.Ф. Фортунатов еңбектеріндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі және типология мәселелері.
4. А.А. Шахматовтың жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі мұрасы.
5. А.М. Пешковский, В.М. Ляпунов, Д.Н. Ушаков, М.М. Покровский және т.б лингвистикалық көзқарастары.
Ресей тіл білімі. Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, П.С. Кузнецов, В.В. Виноградов, С.Г. Бархударов, Б.А. Ларин, Н.Ю. Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Афанасев) және И. Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім. Орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1873-1933) т.б. болды.
Академик А.А.Шахматов – Фортунатовтың шәкірті, ежелгі орыс мәдениетінің, тілінің тарихшысы, тіл мәселесімен де, әдебиет мәселесімен де айналысқан. Оның ең басты еңбектері “ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Новгород грамоталары туралы зерттеу” (1886), “ХҮ ғасырдағы двин грамоталары туралы зерттеу” (1903), “ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Псков ескерткіштері туралы бірнеше ескертпелер” (1909), “Орыс тілі тарихы ежелгі дәуірінің очеркі” (1915), “Қазіргі орыс әдеби тілінің очеркі” (1913), “ Орыс тілі синтаксисі” (1925 жылы қайтыс болғаннан кейін жарияланды).
А.М.Пешковский – Фортунатовтың, Шахматовтың ізімен орыс әдеби тілінің грамматикасы мәселелерін және мектептерде орыс тілін оқытудың әдістерін зерттеген. Оның орыс тілі синтаксисіне, интонациясына арналған зерттеулері күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған еңбектер. Көрнекті еңбектері: “Орыс тілінің ғылыми синтаксисі” (1914), “Ғылыми және мектеп грамматикалары” (1914), “Ана тілі, лингвистика, стилистика, поэтика методикалары” (1925) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |