Тақырып: Дәстүрлі физика және астрономия сабақтарының тиімділігін арттыру жолдары.
Дәстүрлі физика және астрономия сабақтарын өткізу
Қазіргі заманғы физика сабақтарына қойылатын талаптар.
а). Физика сабағында ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістемелік жолдары.
Бүгінгі күн жағдайында білім беру жүйесі оқытудың жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеінен қолдануын қажет етеді.
Сондықтан әр оқытушыдан инновациялық даярлығын өз бетімен арттырып, сабақ барысында жаңа әдіс тәсілдерді кеңінен пайдалану талап етіледі.
Қазақстан Республикасының 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында 2005 жвлдың аяғына дейін мектептерді компьютердің саны 37:1 қатынасындай (яғни 37 оқушыға 1 комьютерден), ал 2010 жылдың аяғына дейін 20 оқушыға 1 комьпютерден келетіндей етіп жабдықталсын деп аталып көрсетілген. Осылайша сабақ үдерісінде компьютерді, жаңа ақпараттық технологияларлды пайдалану заман талабынан туындап отыр. ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды қолдануға, компьютерлік оқу бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар, коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беру жүйесін көздейді. Бұл жөнінде Ю.А.Кустов былай деп жазды: «жалпы теориялық даярлықпен кез келген жаңа озық технологияны жеңіл игеруге болады... Ғылыми идеяларды материалдандыру мерзімінің қысқаруы өндірісте жаңа технологиялық процестердің пайда болуымен байланысты. Ол ғылымның соңғы табыстарын тікелей өндіргіш күшке айналдыруға қабілетті манамдар даярлауды қажет етеді».
Физикалық есептерді шығаруда комьютерді пайдалану, программалық тілдерді қолдану өте қолайлы. Программалау тілдері арқылы әр есепке программалар құрып, бір есепті физикалық шығармаларға әр түрлі мәндер беру жолымен бірнеше нәтижелер алуымызға болады. әсіресе күрделі шаманың қатынасына графиктер тұрғызуда сондай – ақ физикалық эксперименттердің зертханалық әдістерін анықтауға программалық тілдерді қолданудың тиімділігі аса зор. Оқушының ақпараттық технологиямен жұмыс істеуі арқылы оның физика пәніне, физикалық есептердің шешімін табуға деген қызығушылығын арттыруға болады.
Соңғы кезде оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қолданылып жүрген жаңан ақпараттық технологияны физика сабақтарында қолдану кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Оқушыға терең білім беруде, кез келген тақырыпты меңгеруге ақпараттық технологияның ролі үлкен. Сабақты программалау тілдерін пайдаланып, физикалық есепті де, зертханалық жұмыстарды датүсінікті және қызықты етуге болады. Оның – келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Тағы да бір айта кететін ой – ол қазіргі оқушыларды жаңа ақпараттық технологиялық жүйесіне баулу. Себебі мектеп және коллдеж бітірушілер болашақта жоғарғы оқу орындарында білім жалғастырады. Сондықтан біздің ұсынып отырған әдісіміз біріншіден, осы бағытқа оқу процесінбұру болса, екіншіден, физикалық есеп шығару жолында мультимедиялық программаларды пайдалану, игеру мүмкіндіктеріне жол ашады. Шет ел зерттеушілерінің нәтижелеріне сүйенсек, компьютерді немесе видео ақпараттарды пайдаланған балаларлар есепті тезірек шешіп және өз бетінше берілген материалдарды зерттеп, жаңаша ойлар айтып, көп жағдайларда соны пайымдаулар жасап, қызықты нәтижелер алған. Мұндай нәтижелер қазіргі заманның талабына сай екеіни айқын.
Физикалық құбылыстардағы анимация арқылы түіндіру, программалау тілдерімен жұмыс жасағанда ең қажетті екенін көріп отырмыз. Физиканы оқыту кезінде компьютерлік техникаларды қолдану оқушылардың теориялық білімдерін тез, әрі сапалы түрде меңгеруіне ықпал етеді. Сондай – ақ ақпараттық технологиялық жұмыстар мен физикалық практикум сабақтарын жүгізгенде уақыт үнемделіп, оқу материалдарының физикалық мағынасын талқылауға арналған уақыттан ұтамыз.
Мектептерде оқушылардың физикаға қызығушылығын арттырудың ұтымды әдістемелік жолы – оқу материалдарын олардың өз мамандығымен байланыстырып отыру болып табылады. Мысалы, металды көпкемдеп өңдеу бөлімінің оқушыларға электролиз заңдарын оқытқанда, мүсін бөлімінің оқушыларына қатты денелердің сызықтық және көлемдік ұлғаюы туралы айтқанда оқушылардың болашақ кәсіби жұмыстарына байланысты көптеген материалдар беріледі. Сол сияқты басқа бөлім оқушылары үшін физиканың кез келген бөлімінен мысалдар келтіріп отыруға болады. Бұл оқушының өз манамдығы бойынша ғылыми көзқарасын, шығармашылық шабытын шыңдайды.
Тақырып: Физика және астрономияны оқыту әдістерін классификациялау
1.Физика және астрономияны оқыту әдістері
2.Физика және астрономияны оқыту әдістерін таңдау.
Қазіргі таңдағы елңміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу болып табылады. Елбасының «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет» деген парызды үндеулерін басшылыққа алып, біз ұлттық салт- дәстүрімізді жаңаша жаңғыртып, жандануына үлес қосуымыз керек. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады, осыған сәйкес оқыту және тәрбиелеу әдіс- тәсілдері де өзгеріп отырады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық зәру мәселесінің бірі.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударылуы керек. Осы жолда оқушы қызметін жандандырудың педагогикалық технологияларының бірі – деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастыру шешімдері, оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді.
Деңгейлік тапсырма.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтау белсенділігін, дағдысы мен білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Қараев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөледі.
Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты. Сондықтан бұл деңгейде көп ойлануды қажет етпей тез жауап бере алады.
Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
Эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жолдай береді.
Шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді, көптеген қосымша әдебиеттермен жұмыстанады.
Оқушы қызметін жандандырып, пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы – деңгейлеп, саралап оқыту. Оның тиімді жақтарына мыналар жатады:
Барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі және әр оқушының белсенділігін оятады.
Оқушы өзіне тән қарқынмен өз білімінің деңгейінде жұмыстанады.
Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі бала тиянақтылыққа, төзімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушы ізденімпаздық шығармашылығын, дарынын, талантын ұштайды. Оған мысал ретінде жаңа технология мен ұлттық педагогика элементтерін физика сабағында «Дыбыс және ультрадыбыс» тақырыбын өткізу тәжірибемді алуға болады.
Білім мен тәрбиенің қайнар көзі – халықтық педагогика. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің пайдасы зор. Сабақтың өту барысына қысқаша тоқтала кетейін.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және ультрадыбыс.
Мақсаты: а) білімділігі: Дыбыс және ультрадыбыс туралы мағлұмат беру.
б) тәрбиелігі: Ұлттық өнерге баулу. Дыбыстың адам өміріндегі маңызын ашу. Эстетикалық тәрбие беру.
в) дамытушылығы: пәнге деген ынтасы мен қабілетін, білімділігін танымдарын, өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Көрнектілігі: камертон, домбыра, маркер, плакаттар, слайдтар.
Сабақ түрі- дәстүрлі емес.
Сабақ әдістері: Жаңа технология элементтері және халықтың педагогика технологиялары элементтері арқылы алдына мақсат өоя отырып, оқыту, зерттеу әдістері. Жаңа білім.
Түрі. Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру (топқа бөлу), (тлоқын, тербеліс, жиілік).
2. Үй тапсырмасын тексеру (механикалық тербелістер, толқындар).
а) Сөз жұмбақ, реферат шығармашылық жұмыстарын тексеру:
1) Тербеліс дегеніміз не? (Бірдей уақыт ішінде қайталанып отыратын процесс).
2) Период деген не? (Тербелмелі қозғалыстағы дененің қозғалыстағы дененің бұрынғы қалпына қайтып келуіне кеткен ең аз уақытты айтады). Тербеліс (уақыт бірлігі ішінде жасалатын толық тербелістер санын айтады).
3) Толқын дегеніміз не? (механикалық деформацияның серпінді ортада таралуын айтады).
4) Резонанс деген не? (Амплитуданың өте тез артуы).
5) Толқын ұзындығы? (Бірдей фазада тербеліп тұрған жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтады).
3. Қызығушылықты ояту. Сұрақ: Дыбыс дегенді қалай түсінесіңдер: (топпен жұмыс).
4. Мағынаны ажырату (түсіндіре отырып пікір алмасу).
Дыбыс кең мағынада газ, сұйық және қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің тербелмелі қозғалысының толқын түрінде таралуы. Тар мағынада, адам мен жануарлардың сезу органы арқылы қабылданатын құбылыс.
а) Дыбыс, бұл да толқын, тек ауада тараған толқын. Толқын дыбыстарының шығарылуы тербеліп тұрған дененің түріне байланысты болады. Дәл осыған ұқсас жағдай ішекті аспаптарда да жүзеге асады. Ішек өз тербелісінің энергиясының болымсыз ғана бөлігін дыбыс толқындары түрінде шығарады. Көшпелі халықтың аса бай өнерінің бұлжымас байрақ туындай болған домбыра ғасырлар сынынан өтті. Оның бүкіл болмысы қарапайым, даналықтан тұрады. Осы даналығын физика сабағында пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді деп есептеймін. Домбыраны қолыма алып, шерте тұрып түсіндіремін; б) тепе- теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырамын; в) ішектің тербелісі ауаға беріліп, ол арқылы біздің құлағымызға жетеді; г) біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайдв. Орман ішінде ағаштардың тасасындағы жолдастарыңнан адасып қалмау үшін, сен айқайлай бастайсын. Дыбыс сонда ауада таралып, ағаш діндерін еркін орағытып өтіп, дауысыңды жолдастарына жеткізеді. Демек, ауада тербеліс туып, толқын таралады. Дыбыстардың осындай ауытқуы кедергіні орағытып өтуі дифракция деп аталады.
Адам 16 мың Гц-н-20000 Гц-ке дейін жиіліктегі дыбыстарды ести алады. Жиілігі – 20000 герцтен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар болып табылады.
Ультрадыбыстар медицинада, биологияда пайдаланылады. Адамның дыбысты қабылдауы субьективті болып есептеледі, яғни бір дыбысты екі адам екі түрлі қабылдайды. Біреуі дыбысты кәдімгідей деп санаса, екінші адам сол дыбысты қатты деп есептейді. Дыбыстың субьективтілік сипаттамасы оның қаттылығы болып саналады. Дыбыстың қаттылығы дыбыстың толқынына ғана байланысты емес, ол құлақтың сезімталдығына да байланысты. Қаттылық бірлігін Генри Белл деген физиктің құрметіне белл (Б) деп атаған. Сіздер білесіздер, кедергіден барлық толқындар шағылады. Дыбыс толқындарының шағылуымен біз кейде, күнделікті өмірде кездесеміз. Мысалы, бала кезімізден белгілі болып саналатын жаңғырық дыбыстың кедергіден шағылуының нәтижесі болып саналады. Дыбыс толқындары таудан, орманнан, тіпті ауадан шағылуы мүмкін. Температурасы 0 С ауадағы дыбыс толқынның таралу жылдамдығы-334 м/с. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға мынадай тапсырмалар беремін.
Топқа тапсырма:
І. Дыбысты суретте
ІІ.Дыбысқа жарнама
ІІІ. Дыбыс туралы эссе жаз
Топқа есеп: (деңгейлік тапсырма).
Амплитудасы 5 см, периоды 0,5 с болатын гармониялық тербелістің теңдеуін құрыңдар.
-
А=5см=0,05м
T=0.5 c
|
х=Аsin 2π−/ T*t=0,05sin 2π/0.5*t=0,05sin4π t
х=0,05sin4π t
|
Х-?
|
Математикалық маятниктің ұзындығы 78 см оның периоды 5,5 с. Дененің еркін түсу үдеуін табыңдар.
-
L=78cм=0.78м
T=5.5c
|
T L =2π √ L/ g; T² = 4π ² L/ g
|
g-?
|
g= 4π² L/T² = 9.81м/c²
|
6. Венн диаграммасы.
Дыбыс пен ультрадыбыстың ортақтығы мен ерекшелігін жазыңдар.
7. Бағалау (қорытындылау).
8. Үйге тапсырма: Дыбыстың табиғатта таралуы туралы реферат жазу.
Қорыта келгенде, жоғары деңгейлік тапсырманы барлық оқушылар орындай алмайды, оны барлығынан талап ету қажет те емес.
Тақырып: Физика және астрономия сабақтарында оқушылардың оқулықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Физика және астрономия сабақтарында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолдары
Оқушылардың өздігінен оқулықпен жұмыс істеуін ұйымдастыру.
Педагогикалық әдебиеттерде (1,2)оқушыларды кәсіпке және еңбек ету дағдысына баулу олардың шығармашылығын (көбін техникалық шығармашылық) дамытудың әдісі ретінде қолдану тәжірибесі жалпылаған. Оларда физика пәніне қатысты шығармашылық мәселесікөбінесе сабақтан тыс уақыттарда және оқушының еңбек практикасына қатысты қарастырылған. Физиканы оқыту пратцесінде оқушылардыңіскерлігін сабақ үстінде ұйымдастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлініп келеді.
Белгілі әдіскер Л.И Иванованың мына ойы физика есептерін шығаруға қатысты өте орынды айтылған: «...есеп шығару сабағы көбіне оқытушылардың монотонды іс-әрекеттерін қалыптастырып, оларды шаршатып жібереді... Сабақта әртүрлі «шытырман»
Эксперементтік есептерді ұсыну сабақтың өне бойында олардың белсенділігінің қажетті денгейін сатып ұсынуға мүмкіндік береді» (3,30-б). И.А.Ланинаның зерттеу жұмысында сабақта оқушылардың оларға тән белсенділікке ұмтылу ниетін қызықты лабораториялық жұмыстарды және эксперименттік есептерді орындау арқылы белсендірудің мүмкіндіктерікөрсетілген(4).
Бұндай сабақтардағы мұғалімнің міндетті әдеттегі сабақтар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Осы мақсатта сабақта оқушылар мынадай іс-әрекет тәсілдерін үйренеді:
Өздігінше оқу-оқушылар қайсыбір өзіндік жұмысты орындайды (қарастырып отырған объектімен, оқулықпен прибормен жұмыс істейді, еаеп шығарады, зерттеушіліж жұмыстарды орындайды).
Жұптасып оқу - оқушылар жұптарымен (парталас көрші оқушылар )немесе ауыстырылып құралады (оқушылар сабақ барысында ауыстырылып отырады) бір біріне қарастырылып отырған мәселе бойынша сұрақтар қойып, жауаптарды талдайды жолдасының жұмысын бағалайды.
Ортақ тақырып бойынша топ жұмысы. Топ ішінде оқыту. Топтарға біріккен оқушылар өзара әрекет жасайды: жаңа материялдарды түсіндіреді, оны талдап іс-әрекеттерін бағалайды.
Топтардың бір біріне өзара оқытуы. Түрлі проблеммалармен немесе түрлі іс әрекетпен айналысушы топтар, мәселен, теоретиктер мен эксперементаторлар. Ал тәжірибе жасау, ақпараттардың бөлісу және проблемаларды талдау үшін топтағы оқушылар уақытша бірігді.
Оқушы мұғалім орынында жұмыс жасайды. Бір немесе екі оқушы мұғалімнің орынында сабақ жұргізіпкез-келген іс-әрекет түрін орындайды.
Оқушылардың жарыс сөзге қатысуы. Оқушылардың сөйлеу техникасы, дискуссияны жүргізу әдісі, сұрақтармен жауаптардытұжырымдау әрекеттерін дамытады.
Оқыту формасының осындай құрылымына қарай « Электір тізбегін құрастыру» тақырып бойынша өткен іскерлік ойын формасындағы сабақтың барысын көрсетейік.
Сабақ мақсаты: сабақта ойын формасында, тұрмыста, техникада, өндірісте қолдануға болатын электір тізбегін құрастыратын бірнеше конструкторлық бригаданың іс-әрекеттерін модельдеу.
Сабақтың міндеттері: оқушыларға электор тізбегінің схемасы мен оны құрастыру бойынша өз бетінше жұмыс жоспарын құру, ұйымдастыру және орындау біліктерін үйрету; шығармашылықпен ойлау және еңбек ету дағдарысын дамыту ; оқу процесіндегі еңбекке оң қарым қатынасты және ұжымдық өзара көмекті дамыту.
Құрал жабдықтар.1)Негізгі приборлар: 2)электор шамы, ВУ-4 тоқ көзі, 1 лабараториялық реостат, 2 кілт, электродвигательдің моделі, жалғағыш сымдар.
Бұл приборлар жиынтығының саны сыныптары бригадалар санына тең болуы керек
2)Қосымша приборлар электрқоңыраулары, электр магниттер, электр плиткалары, т.б. сабаққа қажетті приборлар демонстрациялық үстел үстінде тұрады).
3) « Бригадир! , «Қабылдау тобының председаталі» «Қабылдау тобы председателінің орынбасары» , «Негізгі конструктор! Деген қолдан жасалғанын білдіреді. 4) Бригадалар үшін есеп беру қағазы (барлық бригадаға тараты-лады). 5)Қабылдау тобы үшін нұсқаулар:а) жұмысты бағалау критерийлері:3 балл, егер тізбек қатесіз құрастырылса, дұрыс жұмыс істер тұрса, схема өте оңтайлы ойластырылған болса және мінсіз сызылған болса; 2 бал, егер схма мен электр тізбегін құрастыруда қате бар болса, бригада осы конструкцияны қолданудың бір-ақ нұсқасын ұсынса;1 балл, егер ұсынылған схема мүмкін, бірақ елеулі қатесі бар болса, тізбек дұрыс құрастырылған, бірақ қосымша түзетулерден кейін ғана жұмыс істесе;0 балл, егер схеманы немесе тізбекті құрастыруда маңызды қателіктер жіберілсе; б)жасалған бұйымды қарау мен тексеру нәтижелерін жазуға қажетті кесте толтыру.
Сабақ жоспары:1.Ойын сабағының жүргізу ретімен таныстыру.
2. ойынды жүзеге асыру: а)бригадалардың алған тапсырмалар бойынша жұмысты орындауы;б)қабылдау тобын құру;в)бригалардың өзконструкцияларын қорғауы; г)бригадалар жұмысының нәтежесін баяндау; д) жеңген бригаданың сынып алдында өз жұмысын баяндап, құрастырған тізбекті демонстрациялауы.
3) Ойын сабағын қорытындылау.
Сабақтың осындай формалда өтуінің әдістемелік нұсқауы.
Ойынды жүргізу үшін сынып оқушылары төрттен торттен топтарға бөлу ( бригадаларға), олар әр жердегі отырғызылады. Топ құрамына қабілеттілігі әртүрлі оқушылар кіреалады. Үстел үстіне құрал жабдықтар қойылады.
Сабақ мұғалімінің кіріспе сөзін бастады. «Сендер көптеген ғалымдардың, инженер – конструкторлардың, жұмысшылардың адамның жұмысын жеңілдететін, уақытты, материалдарды үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа аспаптармен станоктарды, қондырғылар мен жабдықтарды жасау бағытында еңбек ететінін білесіңдер. Олардың-көбі электр тізбегіне негізделген. Бүгін біз сабақта осындай инженер –конструктор, монтаждаушылар ретінде жұмыс жосап, әр бригада өздерінің электір тізбегін құрастыра отырып, оның тұрмыстағы, техника мен өндірістегі алатын орны мен маңыз туралы айтып береді. Жасалатын конструкциялық бұйымдарға қойылатын басты талаптар-конструкцияның қарапайымдылығы, оны қолданудың ерекшелігі, тапсырманың тез және дұрыс орындалуы. Бригадалар арасында өзара жарыстар ұйымдастырылып, соңында жеңілпаз топ мүшелері тағайымдалады».
Осындай сабақтарды талдау нәтежесі оқушыларды кәсіпке баулу және шығарылу тәсілдері арқылы жүзеге асырылуын көрсетті. Шығармашылықпен ойлау денгеиіне жетуде оқушылар зерттелетін нышанның талдану жүргізу, оның қасиеттері мен жекелеген тәжірибе нәтежелерін салыстыру, жалпылама қортынды жасай білу, классификациялау, дәлелдеу, түсіндірме жазу, формула қортып шығару, оны талдап шығу, графиктік тәуелділікті бейнелеу секілді амалдарды бөліп көрсетуді менгереді.
Оқушылардың шығармашылығына және еңбек ету дағдысын дамытуға негізделген осындай сабақтардың соңында семинар формасындағы сабақ түрлері жүргізуге болады.
Тақырып: Орта мектептегі физиканы оқыту әдістемесі және астрономия курсын оқытудың мәні.
Орта мектептегі физиканы оқыту әдістемесі және астрономия курсын оқытудың алатын орны
Қорытынды.
Эксперементтік есептерді ұсыну сабақтың өне бойында олардың белсенділігінің қажетті денгейін сатып ұсынуға мүмкіндік береді» (3,30-б). И.А.Ланинаның зерттеу жұмысында сабақта оқушылардың оларға тән белсенділікке ұмтылу ниетін қызықты лабораториялық жұмыстарды және эксперименттік есептерді орындау арқылы белсендірудің мүмкіндіктерікөрсетілген(4).
Бұндай сабақтардағы мұғалімнің міндетті әдеттегі сабақтар арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту. Осы мақсатта сабақта оқушылар мынадай іс-әрекет тәсілдерін үйренеді:
Өздігінше оқу-оқушылар қайсыбір өзіндік жұмысты орындайды (қарастырып отырған объектімен, оқулықпен прибормен жұмыс істейді, еаеп шығарады, зерттеушіліж жұмыстарды орындайды).
Жұптасып оқу- оқушылар жұптарымен (парталас көрші оқушылар )немесе ауыстырылып құралады (оқушылар сабақ барысында ауыстырылып отырады) бір біріне қарастырылып отырған мәселе бойынша сұрақтар қойып, жауаптарды талдайды жолдасының жұмысын бағалайды.
Ортақ тақырып бойынша топ жұмысы. Топ ішінде оқыту. Топтарға біріккен оқушылар өзара әрекет жасайды: жаңа материялдарды түсіндіреді, оны талдап іс-әрекеттерін бағалайды.
Топтардың бір біріне өзара оқытуы. Түрлі проблеммалармен немесе түрлі іс әрекетпен айналысушы топтар, мәселен, теоретиктер мен эксперементаторлар. Ал тәжірибе жасау, ақпараттардың бөлісу және проблемаларды талдау үшін топтағы оқушылар уақытша бірігді.
Оқушы мұғалім орынында жұмыс жасайды. Бір немесе екі оқушы мұғалімнің орынында сабақ жұргізіпкез-келген іс-әрекет түрін орындайды.
Оқушылардың жарыс сөзге қатысуы. Оқушылардың сөйлеу техникасы, дискуссияны жүргізу әдісі, сұрақтармен жауаптардытұжырымдау әрекеттерін дамытады.
Оқыту формасының осындай құрылымына қарай « Электір тізбегін құрастыру» тақырып бойынша өткен іскерлік ойын формасындағы сабақтың барысын көрсетейік.
Сабақ мақсаты: сабақта ойын формасында, тұрмыста, техникада, өндірісте қолдануға болатын электір тізбегін құрастыратын бірнеше конструкторлық бригаданың іс-әрекеттерін модельдеу.
Сабақтың міндеттері: оқушыларға электор тізбегінің схемасы мен оны құрастыру бойынша өз бетінше жұмыс жоспарын құру, ұйымдастыру және орындау біліктерін үйрету; шығармашылықпен ойлау және еңбек ету дағдарысын дамыту ; оқу пратцесіндегі еңбекке оң қарым қатынасты және ұжымдық өзара көмекті дамыту.
Құрал жабдықтар.1)Негізгі приборлар: 2)электор шамы, ВУ-4 тоқ көзі, 1 лабараториялық реостат, 2 кілт, электродвигательдің моделі, жалғағыш сымдар.
Бұл приборлар жиынтығының саны сыныптары бригадалар санына тең болуы керек
2)Қосымша приборлар электрқоңыраулары, электр магниттер, электр плиткалары, т.б. сабаққа қажетті приборлар демонстрациялық үстел үстінде тұрады).
3) « Бригадир! , «Қабылдау тобының председаталі» «Қабылдау тобы председателінің орынбасары» , «Негізгі конструктор! Деген қолдан жасалғанын білдіреді. 4) Бригадалар үшін есеп беру қағазы (барлық бригадаға тараты-лады). 5)Қабылдау тобы үшін нұсқаулар:а) жұмысты бағалау критерийлері:3 балл, егер тізбек қатесіз құрастырылса, дұрыс жұмыс істер тұрса, схема өте оңтайлы ойластырылған болса және мінсіз сызылған болса; 2 бал, егер схма мен электр тізбегін құрастыруда қате бар болса, бригада осы конструкцияны қолданудың бір-ақ нұсқасын ұсынса;1 балл, егер ұсынылған схема мүмкін, бірақ елеулі қатесі бар болса, тізбек дұрыс құрастырылған, бірақ қосымша түзетулерден кейін ғана жұмыс істесе;0 балл, егер схеманы немесе тізбекті құрастыруда маңызды қателіктер жібеоілсе; б)жасалған бұйымды қарау мен тексеру нәтижелерін жазуға қажетті кесте толтыру.
Сабақ жоспары:1.Ойын сабағының жүргізу ретімен таныстыру.
2. ойынды жүзеге асыру: а)бригадалардың алған тапсырмалар бойынша жұмысты орындауы;б)қабылдау тобын құру;в)бригалардың өзконструкцияларын қорғауы; г)бригадалар жұмысының нәтежесін баяндау; д) жеңген бригаданың сынып алдында өз жұмысын баяндап, құрастырған тізбекті демонстрациялауы.
3) Ойын сабағын қорытындылау.
Сабақтың осындай формалда өтуінің әдістемелік нұсқауы.
Ойынды жүргізу үшін сынып оқушылары төрттен торттен топтарға бөлу ( бригадаларға), олар әр жердегі отырғызылады. Топ құрамына қабілеттілігі әртүрлі оқушылар кіреалады. Үстел үстіне құрал жабдықтар қойылады.
Сабақ мұғалімінің кіріспе сөзін бастады. «Сендер көптеген ғалымдардың, инженер – конструкторлардың, жұмысшылардың адамның жұмысын жеңілдететін, уақытты, материалдарды үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа аспаптармен станоктарды, қондырғылар мен жабдықтарды жасау бағытында еңбек ететінін білесіңдер. Олардың-көбі электр тізбегіне негізделген. Бүгін біз сабақта осындай инженер –конструктор, монтаждаушылар ретінде жұмыс жосап, әр бригада өздерінің электір тізбегін құрастыра отырып, оның тұрмыстағы, техника мен өндірістегі алатын орны мен маңыз туралы айтып береді. Жасалатын конструкциялық бұйымдарға қойылатын басты талаптар-конструкцияның қарапайымдылығы, оны қолданудың ерекшелігі, тапсырманың тез және дұрыс орындалуы. Бригадалар арасында өзара жарыстар ұйымдастырылып, соңында жеңілпаз топ мүшелері тағайымдалады».
Осындай сабақтарды талдау нәтежесі оқушыларды кәсіпке баулу және шығарылу тәсілдері арқылы жүзеге асырылуын көрсетті. Шығармашылықпен ойлау денгеиіне жетуде оқушылар зерттелетін нышанның талдану жүргізу, оның қасиеттері мен жекелеген тәжірибе нәтежелерін салыстыру, жалпылама қортынды жасай білу, классификациялау, дәлелдеу, түсіндірме жазу, формула қортып шығару, оны талдап шығу, графиктік тәуелділікті бейнелеу секілді амалдарды бөліп көрсетуді менгереді.
Оқушылардың шығармашылығына және еңбек ету дағдысын дамытуға негізделген осындай сабақтардың соңында семинар формасындағы сабақ түрлері жүргізуге болады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Қазіргі уақытта білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің еске мазмұнның орнына жаңасы келуде. Сондай технологиялардың бірі-деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |