ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» «5В0011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет11/13
Дата25.08.2017
өлшемі2,58 Mb.
#26970
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЕРІГІШТІК КӨБЕЙТІНДІСІ.

Табиғатта абсолют ерімейтін зат жоқ. Сондықтан кез келген аз еритін заттың біраз мөлшері ерітіндіге өтіп отырады. Ерітіндіге еріген зат иондар түрінде таралады. Бір кезде тұнбадағы зат пен ерітіндіге таралған иондар арасында жылжымалы тепе-теңдік орнайды. Осы тепе-тендікке әсер етуші массалар заңын қолдануға болады.



Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) деп тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісін айтады:

С(К+)С(А-) = const және ЕК = С(К+) С(А-).

Температура өскен сайын ЕК өседі. Ерігіштік көбейтіндісін заттың еру мөлшерін білу үшін қолданады. ЕК-ны білсе иондардың концентрациясын табуға болады. ЕК-ны білсе заттың ерітіндісінен тұнба түзілу мүмкіндігін білуге болады. Егер ерітіндідегі иондардың концентрацияларының көбейтіндісі ЕК-дан кіші болса, тұнба түзілмейді. Ал ол көбейтінді ЕК-ға тең, немесе үлкен болса, тұнба түзіледі. Егер нашар еритін тұздың бір ионы комплекс түзуші болса, осы тұзға комплекс түзуге қабілеті бар қосылыстың ерітіндісін құйса, тұнба ериді. ЕК белгілі болса, химиялық реакциялардағы тепе-теңдіктің қай жаққа ығысатынын алдын ала болжауға мүмкіндік туады.

Ерігіштік көбейтіндісі заттың еру қабілетін сипаттайды, ЕК жоғары болса, заттың ерігіштігі де жоғары. Біртекті ионды ерітіндіге қосу иондар концентрациясының көбейтіндісін арттырады, яғни электролитті тұнбаға түсіру үшін ерітіндіге біртекті ион қосу керек.

Электролиттің еруі біртекті ионды қосқанда ғана емес, кез келген ионды қосқанда байқалады. Оны «тұз эффектісі» деп атайды. Бұл құбылысты кез келген ион қосу кезінде ерітіндінің иондық күшінің артуымен түсіндіруге болады.

Электролиттер ерітінділері өзара әрекеттескенде реакция иондар арасында жүреді. Ерітіндідегі химиялық реакциялар жүріп, тепе-теңдік оңға қарай ығысуы үшін төмендегідей шарттар сақталуы керек: реакция нәтижесінде аз еритін заттардың түзілуі, аз диссоциацияланған заттың түзілуі, газ күйіндегі заттардың шығуы.


ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ.

Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай гидролиз сатылап әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Тұздарды түзілу тегіне қарай төрт топқа бөлуге болады:

1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары гидролизге ұшырайды. Гидролиз

катион арқылы жүреді, орта қышқылдық – рН < 7.

2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырайды. Гидролиз анион

арқылы жүреді, орта сілтілік – рН > 7.

3. Әлсіз қышқыл және әлсіз негізден түзілген тұз гидролизі катион және анион

бойынша жүреді. Ерітінді ортасы түзілген әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің

диссоциация константасына тәуелді.

4. Күшті қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз гидролизге ұшырамайды. Ерітінді



ортасы бейтарап рН=7.
Гидролиздің сандық сипаттамалары: гидролиз дәрежесі (hгидр.) және гидролиз константасы (Кгидр).

; ; ;
; .

Гидролиз дәрежесі (hгидр) еріген заттың табиғатына, концентрациясына, температураға тәуелді. Кгидр. неғұрлым үлкен болса, гидролиз соғұрлым терең жүреді. Гидролиз қайтымды процесс болғандықтан оған массалар заңын қолданып қажет жаққа тепе-теңдікті ығыстыруға болады:

1. Тұз ерітіндісіне басқа гидролизге ұшырайтын электролитті, қышқылды, негізді

қосу арқылы;

2. Тұз ерітіндісінің концентрациясын өзгерту;

3. Температураны өзгерту.

Егер гидролиз сатылап жүрсе, онда әрбір гидролиз сатысы өзінің Кгидр. сипатталады, 1 сатының Кгидр. жоғары болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет