Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген ӛзара әрекетттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы .

Кейбір ғылымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұғымының мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді.

Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы,

мұхит, шалғындық, орман, тайга, дала.



Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әр қайсысы бір-біріне

әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілікетуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша

ерекшеленеді.



Құрлық экожүйелері (биомдар)

өсімдіктердің табиғи белгілері, ал су экожүйелері – геологиялық және

физикалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды

төмендегі экожүйелерге бӛледі:

1) құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейт, шөл,

тропиктер, тал;

2) тұщы су – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлақ, жылға),

батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері;

3) теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.

Термодинамикалфқ тұрғыдан экожүйелер қоршаған ортамен үнемі зат

және энергиямен алмасып отыратын және осы арқылы ішкі энтропиясын

тӛмендетіп, сыртқы энергиясын арттыратын ашық, тепе-теңдігі жоқ жүйе

болып табылады.

Мұндай жылдамдықпен бейорганикалық табиғаттан тірі заттарға қажетті

биогенді элементтердің ағысы жүріп отыратын болса, Жердегі олардың қоры

әлдеқашан таусылар еді. Бірақ, биогенді элементтердің үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруына байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоценоздағы түрлердің арасындағы қоректік қатынастардың нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар, өсімдіктер қайта пайдалана алатын қосылыстарға дейін ыдырацды. Бұл процесс биологиялық зат алмасу деп аталады.

Биоценоз қоршаған ортамен заттық - энергиялық байланыссыз тіршілік

ете алмайды.

Бірлестіктерге тән қасиет – олардың жаңа биомасса жасауға қабілеті болып

табылады. Бұл қасиет жүйенің ӛнімділігі ұғымының негізінде жатыр.

Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын – биологиялық

ӛнімділік деп атайды. Тірі ағзалардың денесінің массасы биомасса деп атайды.

Экожүйенің биологиялық өнімділігі – бұл олардағы биомассаның жасалу

жылдамдығы.

Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының

түзілу жылдамдығын айтады. Бұл маңызды кӛрсеткіш. Себебі ол экожүйенің

биотикалық компоненті арқылы өтетін жалпы энергия ағынын, яғни экожүйеде мүмкін болатын тірі ағзалардың санын анықтайды.

100% күн энергиясының шамамен 1% - ы ғана хлорофилл сіңіреді де,

органикалық молекулалардың синтезіне пайдаланады (қалған 99%-ы күн

энергиясы шағылысады, жылуға айналып сіңіріледі немес суды буландыруға

жұмсалады).

Өсімдіктердің энергияны жинау (химиялық байланыстар энергиясы түрінде)

жылдамдығын жалпы бірінші реттік өнім деп атайды (ЖБӨ). Шамамен бұл

энергияның 20% өсімдіктер тыныс алуға және басқа тіршілік қызметіне

жұмсайды. (R) Тыныс алу мен басқа да тіршілік процестеріне жұмсалатын энергияны алып тастағандағы органикалық заттың жиналу жылдамдығын таза бірінші реттік өнім (ТБӨ) деп атайды:

ТБӨ= ЖБӨ - R

Қоректену кезінде тамақ (зат пен энергия) бір трофтық деңгейден екіншісіне

өтеді. Қорытылмаған тамақты жануарлар экперименттерімен сыртқа шығарады (мұнда да органикалық затқа жиналған энергияның белгілі бір мөлшері болады).

Жануарлар да өсімдікер тәрізді энергияның бір бөлігін тыныс алу мен басқа да тіршілік процестеріне жұмсайды. Тыныс алу, ас қорыту және экскрецияға

кеткен шығыннан басқа қалған энергия өсуге, тіршілігін ұстап тұруға және

көбеюге жұмсалады.

Гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын екінші ретті өнім (ЕӨ) деп атайды. Екінші ретті өнім барлық трофтық деңгейлерде болады.

2-тақырып. Атмосфераның химиялық экологиясы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет