ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия» 5В060700 «Биология» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет15/16
Дата08.06.2018
өлшемі5,72 Mb.
#41242
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1. Ерітінділер дегеніміз не?

2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай?

3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

4. Көмір қышқылының диссоциациялану сатылап теңдеулерін жазындар.

6 Зертханалық сабақ


Тұздар гидролизі.
Жұмыстың мақсаты: Гидролиз реакциясының жүру заңдарын оқып үйрену. Ерітінді ортасын анықтауды үйрену.

1 Тәжрибе. Ерітіндінің рН-ын универсиал индикатор қағазымен анықтау.

Натрий карбонаты және гидрокарбонаты ерітіндісінің, қорғасын нитраты ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Ол үшін 3 пробиркаға 2-3 мл осы ерітінділерден құйыңдар, универсал индикатор қағазын бір-екі секундтай осы ерітіндіде ұстаңдар. Қағазды алып, индикатор шкаласымен салыстырыңдар. Тексеріп отырған ерітіндінің рН-ын анықтап, реакция ортасын жазыңдар және сутегі ионының концентрациясын есептеңдер.

2 Тәжрибе. Тұздар ерітіндісінің ортасын анықтау.

4 пробиркаға 5-6 мл дистильденген су құйып, 2-6 кристалдан мына тұздарды салыңдар да, ерітіңдер: 1-ге натрий ацетатын, 2-ге натрий силикатын, 3-ге күміс нитратын, 4-ге алюминий сульфатын. Бірінші және үшінші пробиркадағы ерітінділердің рН-ын универсал индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеинмен, төртінші пробирканы метилоранжбен тексеріңдер. Сосын бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, ал үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Бірінші және үшінші пробиркаларда ерітінділер түсі өзгереді ме? Көрген құбылыстарыңды жазып түсіндіріңдер. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

3 Тәжрибе. Қышқыл тұздар гидролизі.

2 пробиркаға 2-3 мл-ден мына тұздардың ерітіндісін құйыңдар: біреуіне натрий карбонатын, біреуіне- натрий гидрокарбонатын Екі пробиркаға да 1-2 тамшыдан фенолфталеин тамызыңдар. 2-ерітіндінің түсі көбірек өзгереді. Қай тұз көбірек гидролизге түсті, яғни қай ерітінді де ОН- ионы көбірек, неге? Гидролиз теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Ақырына дейін жүретін гидролиз.

Алюминий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Түзілген алюминий карбонаты алюминий гидроксидінің тұнбасын және көмір қышқыл газын түзе гидролизге түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алюминий карбонаты тұнба құрамына кірмейтіндігін дәлелдеңдер. Ол үшін тұнбаны судан бөліп алып, жуып, тұнбаға тұз қышқылын құйыңыздар. Егер көмірқышқыл газы бөлінбесе, тұнбада Al2(CO3)3 жоқ.

5 Тәжрибе. Ерітіндіні сұйылтқанда гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы. Концентрлі қорғасын нитратының түссіз екенін бірінші көріп алыңдар.

Пробиркаға 10-15 мл краннан су ағызыңдар да, оған 1-2 тамшы концентрлі қорғасын нитратының ерітіндісін (Pb(NO3)2) тамызыңдар. Тұнба пайда болғанын байқаңдар. Гидролиз теңдеуін жазыңдар, неге концентрлі Pb(NO3)2 ерітіндісі түссіз, тұнбасыз екенін түсіндіріңіздер. Метилоранж арқылы ортасын анықтаңыздар. Гидролиз реакциясына ерітіндісінің сұйылту әсері туралы қорытынды жасаңыздар.

6 Тәжрибе. Температураны өзгерту нәтижесінде гидролиз тепе-теңдігін ығыстыру.

Пробиркаға 5-6 тамшы фенолфталеин тамызыңдар, түсін байқаңдар. Пробирканы ерітінді қайнағанға дейін қыздырыңыздар. Ерітінді түрі қалай өзгереді? Фенолфталеин түсінің өзгеруі арқылы ОН- ионының концентрациясының өзгеруі туралы қорытынды жасаңдар. Гидролиз теңдеуі қай жаққа ығысады? Температура өзгеруіне байланысты неге гидролиз дәрежесі өзгереді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Төмендегі тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар: K2S, Na3PO4, Mg(NO3)2, ZnSO4, AlCl3, CH3COONH4, (NH4)2CO3, Cu(CH3COO)2, Al2S3. Бұл тұздардың ерітіндісіндегі реакция ортасын көрсетіңдер.

2.Гидролиз деген не? Қандай тұздар гидролизге көбірек түседі? Қандай тұздар гидролизге түспейді?

3.Гидролиз дәрежесі деген не және ол неге байланысты?

4.Қайтымсыз гидролиз деген не? Мысал келтір.

7 Зертханалық сабақ



Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Жұмыстың мақсаты: Қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерінің құрып үйрену.
1 Тәжрибе. Әр түрлі ортадағы калий перманганатының тотығуы.

Үш пробиркаға 3 мл калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркаға 2 мл күкірт қышқылын, екіншіге 2 мл калий гидроксидін құйыңдар, үшіншісіне 2 мл су. Әр пробиркаға 3 мл натрий сульфитін құйыңдар.

Калий перманганатының түрінің қалай өзгеретіндігін байқаңдар. ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.

MnO4- -қызыл көк, Mn2+- түссіз, MnO42—жасыл, MnO2 қоңыр тұнба.

2 Тәжрибе. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күкірт (ІҮ) қосылыстары.

Бір пробиркаға калий дихромат K2Cr2O7 ерітіндісін, екінші пробиркаға натрий сульфиді ерітіндісін Na2S құйыңдар. Екі пробиркаға да 3 мл күкірт қышқылын және 3 мл натрий сульфиті Na23 ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркадағы ерітінді түрі қалай өзгереді? Екінші пробиркадағы ерітінді түрі неге бұлыңғырланды? Екі ТТР-ның да теңдеуін жазыңдар.


3 Тәжрибе. Темір (ІІІ) хлоридінің калий иодидымен тотығуы.

Пробиркаға 5 мл темір хлоридінің және 3 мл калий иодиды ерітінділерін құйыңдар. Ашық сары түске боялғанша бұл ерітіндіні сумен сұйылтыңдар да 2-3 тамшы жаңадан жасалған крахмал ерітіндісін тамызыңдар. ТТР теңдеуін жазып, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.


4 Тәжрибе. Диспропорциалану реакциясы.

Екі пробиркаға 2-3 тамшы натрий сульфиті кристалдарын салыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қалтырыңдар. Екінші проибрканы 5-6 минут қыздырыңдар. Пробирканы суытыңдар. Екі пробиркаға да 5-6 тамшы дистильденген су құйыңдар да тұздарды ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы мыс (ІІ) сульфаты құйыңдар. Екі пробиркадағы да тұнбаның түсін салыстырыңдар. Екінші пробиркада пайда болған қара тұнба мыс сульфиді.

Натрий сульфитін қыздырғанда екінші шыққан зат натрий сульфаты. Натрий сульфитін қызыдрғанда жүрген ТТР теңдеуін жазыңдар.
5 Тәжрибе. Молекулааралық ТТР.

Пробиркаға бірнеше мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O кристалдарын салыңдар. Пробирканы ақырындап. Кристалл түрі өзгереді және одан газ бөлініп шығады. Мыс нитратының ыдырауы нәтижесіндегі ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.

Cu(NO3)2- ақ; Cu(NO2)2- болмайды; CuO- қара; Cu- қызыл; N2, NO, O2- түссіз; NO2- буырыл. Мыс нитраты молекуласындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?

2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?

4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:

а)период бойынша (солдан оңға қарай)

б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?

55, Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?

8 Зертханалық сабақ

Комплексті қосылыстар
1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.

Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.
3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?

9 Зертханалық сабақ


Металдар және олардың қосылыстарының қасиеттері.
1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.

2 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

3 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.

Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі.

Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?
5 Тәжрибе. Алюминийдің сулы ерітіндіде еруі.

Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

Al(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.

6 Тәжрибе. Алюминий гидроксиді,оны алу,қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?

7 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.

Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

8 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:


  1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

  2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

11.500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н= -66,6 Дж/моль. Жауабы: 594,6∙103 кДж

12. Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

13. Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

14. Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

15. Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

16. Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

10 Зертханалық сабақ
Бейметалдар және олардың қосылыстарының қасиеттері
1 Тәжрибе. Аммиактың тотықсыздандырғыштық қасиеті.

Үш пробиркаға мына заттардың ерітінділерін 3-4 см3 құйыңдар: а)бром суын; б)калий перманганатын; в)калий дихроматын. Әр пробиркаға 3-5 см3 концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңдар. Барлық пробиркадағы ерітінділердің түрлері өзгергенге дейін аздап қыздырыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Аммиак молекулалық азотқа айналады. KMnO4 MnO2-ге дейін, ал K2Cr2O7 Cr2O3-ге дейін тотықсызданады. Ерітінділер түсі қалай өзгереді?

2 Тәжрибе. Аммоний тұздарының гидролизі.

Үш пробиркаға 5-6 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға аммоний хлоридінің, екіншісіне – аммоний нитратының, үшіншісіне – аммоний ацетатының 2-3 кристалдарын салыңдар. Әр ерітіндіні шайқаңдар. Барлық жағдайда лакмус түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакцияларының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

3 Тәжрибе. Нитридтердің тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттері.

Үш пробиркаға 3-4 см3-тен мына ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий перманганатын, үшіншісіне – калий дихроматын. Барлық пробиркаға 2-3 см3 күкірт қышқылының ерітіндісін және 4-5 см3 калий нитритінің ерітіндісін құйыңдар.Әр жағдайдағы ерітінді түсінің өзгергенін байқаңыз. Пробиркаларда өткен реакциялар теңдеулерін жазыңдар: бірінші пробиркада калий нитриті NO-ға дейін тотықсызданады, екіншісіне калий перманганаты марганец (ІІ) сульфатына өтеді, үшіншісіне – калий бихроматы хром (ІІІ) сульфатына өтеді. Екінші және үшінші пробиркаларда калий нитриті қандай қосылысқа айналады? Нитрит қай жағдайда тотықтырғыш, қай жағдайда тотықсыздандырғыш болды? Неге нитриттер осындай қасиеттер көрсете алады?

4Тәжрибе. Металдардың ортофосфаттары.

а)Кальцийдің гидрофосфатын алу.Пробиркаға 4-5 тамшыдан кальций хлориді мен натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін тамызыңдар. Қандай түсті тұнба түзілді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

б)Темір (ІІІ) мен алюминийдің фосфаттарын натрий ацетаты қатысуымен тұнбаға түсіру.Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші пробиркаға- темір (ІІІ) хлоридін, екінші пробиркаға алюминий хлоридін не сульфатын. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий ацетатын және натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін құйыңдар. Тұнбалар түсі қандай?Натрий ацетаты буферлік орта жасайды, сондықтан бұл металдардың ортофосфаттары тұнбаға түседі. Бұл тұнбалар сірке қышқылында ерімейді. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңд

5 Тәжрибе. Галогендердің тотықтырғыш қасиеттері.

а)ҮІІІ пробиркаға 3-5 тамшыдан хлорлы, бромды, иодты суды құйыңдар: Хлорлы суға ерітінді лайланғанға дейін бірнеше тамшы күкіртті сутек ерітіндісін құйыңдар: бромды және иодты суға магний не алюминий ұнтақтарын салыңдар. Ерітінділерді жақсылап шайқаңдар. Ерітінділер түссізденеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Галогендер қандай қасиет көрсетеді?

б)Екі пробиркаға 3-5 тамшы бромды және иодты құйыңдар. Екі пробиркаға да 1-2 кристалл темір (ІІ) сульфатын (Мор тұзы- (NH4)2SO4∙FeSO4∙6H2O) салыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай жағдайда Fe2+ -тотықпады? Неге? Хлорлы су Fe2+ тотықтыра ала ма? Е0Cl2/2Cl-, Е0Br2/2Br-, E0I2/2I- салыстырыңдар.


6Тәжрибе. Галогендердің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

Үш пробиркаға 2-4 мл калий дихроматын құйыңдар, оған 2-3 тамшы күкірт қышқылын (2н) тамызыңдар. Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы калий иодидін, екінші пробиркаға калий бромидін, үшінші пробиркаға натрий хлоридін құйыңдар. Ерітінділерді араластырыңдар. Қай жағдайда дихромат тотықсызданбады? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Калий дихроматы хром (ІІІ) сульфатына айналады.

7 Тәжрибе. Галогенид-иондарына тән реакциялар.

AgCl, AgBr, AgI тұнбалары түзілуі – галоген-иондарына реакциялар. Алмасу реакциялары арқылы бұл тұнбаларды алыңдар. Керек ерітінділерден 4-5 тамшы алыңдар. Әр пробиркаға 2-3 тамшыдан 2 н азот қышқылын құйыңдар. Азот қышқылының әсерін көрсетіңдер.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:


  1. Азот молекуласының химиялық инерттілігін түсіндіріңдер.

  2. Азот табиғатта бос күйінде және қосылыста кездеседі, ал фосфор тек қосылыстарда ғана кездеседі. Неге?

  3. Өте таза азотты натрий азидін қыздырғанда оның айрылу реакциясы арқылы алады, онша таза емес азотты аммоний нитратының айрылу реакциясы арқылы алады: а)осы процесстердің ΔН0 298 және ΔS0 298 есептеңдер; б)бұл процестер қайтымды ма, әлде қайтымсыз процестер ме?

  4. Азот оттегінде тотыққанда қай оксиді түзіледі. Неге?

  5. Зертханада аммиакті алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

  6. Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.

  7. а)азотқа; б)аммоний тұзына; в)азот қышқылына; г)алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

  8. Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектен аммоний хлоридінің түзілуін түсіндіріңдер.

  9. а)Концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б)сұйытылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

  10. 1кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.

  11. Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.

  12. 1,5г фосфор тотыққанда 3,43г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1. Жауабы: Р4О10

  13. К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С=0,06 моль/л.

  14. К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.

  15. Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

  16. Мына қышқылдардың эмпириялық және графикалық формулаларын жазыңдар: а)фосфор қышқылы; б)дифосфор қышқылының. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.

  17. НГ қышқылының ішінде неге НҒ ең әлсіз қышқыл?

  18. Г- анионын ерітіндіден табу үшін қандай катион қолданылады?

  19. HClO, HClO4, HClO3, HClO4 қышқылдары үшін олардың беріктіліктері, тотықтырғыш қасиеттері және қышқылдық күші қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін қандай мәндер керек?

  20. Галогендерді қай жерде қолданады?

  21. Иод қай тотығу дәрежесінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Бұл қосылыстардың формуласын жазыңдар.

  22. Хлордың +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Оларды атаңдар.

  23. Хлорлы сутек қышқылы қай металдармен әрекеттеседі? Қышқылдың концентрациясы әсер ете ме?

11 Зертханалық сабақ



Органикалық химия.Көмірсутектер.

Органикалық химия зертханасындада жұмыс жасау ережелері:

1.Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады.

2.Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмыс бастамайды.

3.Тәжірибені жасағанда оқулықта көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.

4.Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.

5.Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.

6.Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.

7.Зертханада тамақ жеуге, темекі тартуға болмайды.

8.Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.

9.Тез тұтанатын заттарды құйғанда немесе өлшегенде оларды оттан алыс ұстау;

10.Металл натриймен, калиймен жұмыс кезінде көзге қорғағыш көзілдірік кию қажет.

11.Металл натрий, калийді қолмен ұстауға, сулы орынға немесе қалдық заттар салынатын ыдысқа тастауға болмайды.

12.Күкірт қышқылын сұйылту үшін суға күкірт қышқылын құяды. Қышқыл немесе сілті қосылған қоспаның аузын қолмен басып тұрып немесе ашып қойып, қатты шайқауға болмайды


1- тәжірибе. Органикалық заттарды және олардың негізгі элементтерін анықтау.

Органикалық заттардың сапалық құрамы оның молекуласындағы қандай заттар бар сонымен сипатталады. Органикалық қосылыстарда көміртегіден басқа сутегі, оттегі, күкірт, галогендер, фосфор болады. Органикалық қосылыстардың құрамына енетін заттар бейорганикалық және аналитикалық химия әдістерімен анықталады.



Жұмыстың мақсаты: органикалық заттарды және олардың негізгі элементтерін ашу әдістерімен танысу Реактивтер мен жабдықтар: сахароза, Ва(ОН)2 ерітіндісі, СuO, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,1г зерттелетін затты және мыс оксидін салып, газ жүретін түтікшелі тығынмен жабамыз және оның ұшын көлемінің 1/3 бөлігіне барий гидроксидінің ерітіндісі құйылған екінші пробиркаға түсіреміз. Спирт, шамының жалынына қыздырғанда, зерттелген зат ыдырайды, көміртегі атомдары көмір қышқыл газының молекуласына ауысады. Көмір қышқыл газын барий карбонатының тұнбасы түзілуінен байқауға болады. Зертелетін қосылыстағы сутегі атомдары су молекуласына айналады. Су пробирканың жоғары жағына және газ жүретін түтікшеде түзіледі. Реакция теңдеуі: С12Н22О11 + 24СuO → 12CO2 + 11H2O + 24Cu

2- тәжірибе. Азотты анықтау. Реактивтер мен жабдықтар: натрий гидроксиді, органикалық зат (мочевина,жұмыртқанның ақуызы), шпатель, спирт шамы, мақта, пробиркалар, лакмус қағазы, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, мыс сымы.

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелетін затты (шпатель ұшыңда) саламыз. Пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырамыз.Лакумус қағазының көк түске бояулы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.

3- тәжірибе. Галогендерді ашу. Бейльштейн реакциясы. Хлор, бром, йод Бельштейн сынамасымен оңай анықталады. Бұл реакция галогентуынды-ларды мыспен қыздырғанда, ұшқыш мыс галогенидтері түзіліп, жалынды жасыл түске бояуына негізделген. Жұмыс барысы: мыс сымын иілген күйде мыс оксиді түзілгенше қыздырамыз. Суығаннан кейін сымның ұшын зерттелегн затқа (хлороформ, төртхлорлы көміртегі) батырып, жалынға ұстаймыз. Мыс оксидінің түзілу және оның төртхлорлы көміртегімен әрекеттесу реакцияның теңдеулерін жазыңыздар. Түйін жазыңыздар.

4-тәжірибе. Метан алу және оның қасиеттері.

Реактивтер мен жабдықтар: Натрий ацетаты (СН3СООNa), натронды ізбес (NaОН + Са(ОН)2) калий перманганаты (КмnO4), штатив, пробиркалар, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, фарфор тостаған.

Жұмыс барысы: Бір бөлек сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестін қоспасын фарфор тостағанда араластырып құрғақ пробиркаға салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітеді де, штативке көлбеу орнатады. Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Бөлінген метанды су астында жинайды. Метанды екі пробиркаға жинандар. Метан жақсы жанады. Оны байқау үшін метаны бар пробирканың су астында бармақпен аузын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына немесе аузын тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз- аздап су құю керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де, жану толық жүреді. Қоспаны қыздыра отырып, газ жүретін түтікшенің ұшын 1 мл калий перманганаты құйылған пробиркаға батырады.Қандай өзгеріс болады?

5. Тәжірибе Этилен алу және оның қасиеттері. Жұмыстың мақсаты: Этиленді зертханалық тәсілмен алуды игеру және оның қасиет-терін зерттеу, метанның қасиеттерімен салыстыру. Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КмnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы. Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5 мл этил спиртін құйындар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосындар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңдар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырындар.Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді. Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1 мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңдер. Не байқалады? Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағындар. Жалынның түсің байқандар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңдар.

6. Тәжірибе. Ацетилен алу және оның қасиеттері. Жұмыстың мақсаты: ацетиленді тәжірибелік жолмен алу және ацетиленнің химиялық қасиеттерін зерттеу. Реактивтер мен жабдықтар: кальций карбиді калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, фенолфталеинің 1%-тік спирт ерітіндісі, шыны пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын. Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға бір кесек кальций карбидін (СаС2) салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Пробирка ішіндегі кальций карбиді сумен әрекеттесіп, ацетилен түзіледі.

С

│││ Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + НС ≡ СН



С

Газ түтігінен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатыңыздар, сонда ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады. Содан кейін газ жүретін түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған пробиркаға батырыңдар. Дәл осындай тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Ацетиленнің бөлінуі аяқталған соң пробиркаға 1 тамшы фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосыңдар.



Бақылау сұрақтары:

1.Органикалық затты бейорганикалық заттан ажыратудың қарапайым тәсілін атаңыздар.

2.Органикалық қосылыстардағы элементерді сапалық қалай анықтайды?

3.Барий гидроксидінде қандай реакция жүреді?

4.Органикалық заттарда көміртегі мен сутегінің болуы неге негізделген, түйін жасаңыздар.

5.Бейльштейн сынамасының мәні неде?

6.Органикалық қосылыстардағы азотты ашудың басқа тәсілдерінатаңыздар.

7. Метан суда ери ме?

8. Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

9. Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.

10. KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

11. Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

12. Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

13. Неліктен калий перманганатының ертіндісін түссіздендіреді?

14. Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

15. Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

16. Ацетиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

17. Ацетиленді калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс болады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

18. Ацетиленді бром суы арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

19.Бастапқы пробиркаға фенолфталеин ерітіндісін қосқанда, ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріңіздер.


12 Зертханалық сабақ
Спирттер,фенолдар,альдегидтер,кетондар, карбон қышқылдары оның функционалды туындылары..

1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті.

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спирттің құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2 мл дистилденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыздар.

2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы этил спиртін құяды. Мыс сымын түйіртпектеп қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да пайда бол-ған мыс (ІІ) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сонда сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (ІІ) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.

2Сu + O2 ® 2CuO

CH3CH2OH + CuO ® H2O + CH3CHO + Cu

Пробиркадағы 3 тамшы этил спиртін, калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны баяу қыздырады. Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валентікке дейін тотықсызданады. Жалпы теңдеу:

2Н5ОН + К2Сг2О7 + 4Н2SO4 ® К2SO4 + Сг2(SO4)3 + 7Н2О + 3СН3СНО

3-тәжірибе. Фенолдардың қасиеттерін зерттеу

а) Фенолды нитрлеу реакциясы.

1 мл концентрлі азот қышқылына 1 мл ыенол ерітіндісін қосады және абай-лап спирт шамымен қайнағанша қыздырады. Салқындатқаннан кейін пикрин қышқылының сары кристалдары түскенін бақылайды. Реакция механизмін түсіндіріндер.Реакция теңдеуін жазыңыздар.

ә) Фенолға темір хлоридінің сапалық реакция. Пробиркаға 1 мл фенол ерітіндісін және 1 тамшы (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін қосады.Реакция нәтижесінде не байқалады?



4-тәжірибе. Этил спиртін тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу.

Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшелі пробиркаға 2 мл хром қоспасы мен 2 мл этил спиртін құямыз. Газ жүретін түтікшені суы бар пробиркаға саламыз. Қоспаны абайлап спирт шамымен қыздырады. Түзілетін сірке альдегиді пробиркада сулы ерітінді түрінде жиналады, оны иісінен байқаймыз.

5-тәжірибе. Күміс айна реакциясы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы күміс нитраты ерітіндісі, 1 тамшы аммиак ерітіндісі, содан кейін 2 тамшы формальдегид құйындар. Қоспаны спирт шамында тез және абайлап қыздырыңдар, бірақ қайнауға жеткізбеңдер. Пробирка қабырғасында күмістің айна қабаты түзілгенде, қыздыруды тоқтатыңдар.Қандай реакция жүреді? Реакция теңдеуін жазыңыздар.

6-тәжірибе. Сірке қышқылын оның тұздарынан алу.

Жұмыстың барысы: Колбаға 3-4 г құрғатылған натрий ацетатан салып, оның үстіне 3-4 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Газ түтігінің екінші ұшын қар салынған стаканға батырылған пробиркаға енгізіледі. Қоспада реакция бірден жүре бастайды. Қоспаны қайнатпай баяу қыздырып, сірке қышқылын газ түтігі арқылы пробиркаға айдайды. Пробиркада таза сірке қышқылының кристалдары пайда болады.

Реакция теңдеуін жазыңыздар.



7-тәжірибе. Сірке қышқылының амил эфирін алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл амил спиртін, 2 мл сірке қышқылын және 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны абайлап араластырады. Пробирканы 20 минут қайнап жатқан су моншасында ұстайды. Содан кейін пробирканы суытып, қарайған сұйықты суы бар пробиркаға құяды. Сұйық екі қабатқа бөлінеді, жоғары қабатта- алмұрт иісті сірке қышқылының амил эфирі түзіледі. Оны бөлгіш воронкамен бөліп аламыз.Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

13 Зертханалық сабақ



Окси-,оксо- және амин қышқылдары.Ақуыздар.

Ақуыздарға (белок) сапалық реакциялар

Жұмыстың мақсаты: ақуыздарға сапалық реакциялардың негізгілермен танысу.

Реактивтер мен жабдықтар: сүт, сірке қышқылы, 30% - тік натрий гидрок-сидінің ерітіндісі, мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, концентрленген азот қышқылы, колба, пробиркалар, сүзгі қағаз.



1 – тәжірибе. Сүттегі ақуызды бөлу

Жұмыстың барысы: 10 мл сүтке 10 мл су және 7 тамшы сірке қышқылын құямыз. Қоспаны араластырып, 7 – 10 минут қоямыз, содан кейін сүземіз. Сүзіп алынған ерітіндіде сүттің альбумині мен глобулині болады. Сүзгі қағазда казеинмен араласқан май қалады.

Ерітіндіні (фильтрат) және сүзгі қағазда қалған тұнбаны келесі реакцияға қалдырады.

2 – тәжірибе. Биурет реакциясы

Жұмыс барысы: 1 мл сүттің ақуызына 1 мл 30% - тік натрий гидроксидінің ерітіндісін және 1 – 2 тамшы мыс (ІІ) сульфатының әлсіз ерітіндісін тамызады. Қоспаны ашық күлгін түске боялады. Бұл реакция ақуыздағы пептидті топты (-СО – NH -) анықтау ушін жүргізіледі.



3 – тәжірибе. Ксантопротеин реакциясы

Құрамында ароматты ядролы қышқылдары (тирозин,триптофан,Фенил-аланин) бар ақуыздар азот қышқылымен ксантопротеин реакциясын береді.

Жұмыс барысы: 1 мл сүт ақуызына абайлап 1 мл концентрленген азот қышқылын құяды. Қоспаны сары түс пайда болғанша қыздырады. Содан кейін ерітіндіні суытып, бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін қосады. Нәтижесінде құрамында хинонды сақинасы бар нитрон қышқылының түзілуінен сары түс қызғылт түске айналады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Амин қышқылдары дегеніміз не?

  2. Келесі өзгерістерді жүзеге асырыңыздар. А – қандай зат.

+ Н 2О + о +СI 2 +NH 3

СН 4 → Х 1 → Х 2 → Х 3 → Х 4 → А

14 Зертханалық сабақ

Көмірсулар,құрылысы,қасиеттері,биологиялық ролі.

Жұмыстың мақсаты: көмірсулардың химиялық қасиеттерін зерттеу. Реактивтер мен жабдықтар: глюкоза, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, Фелинг сұйықтығы, мальтоза, сахароза, күкірт қышқылы, сілті ерітіндісі, лактоза, крахмал, йод ерітіндісі, пробиркалар, спирт шамы, су моншасы, термометр.



1 – тәжірибе. Күміс айна реакциясы (Толленс реакциясы)

Жұмыс барысы: Таза пробиркаға 1 мл күміс оксидінің аммиактағы және 1 мл глюкозаның ерітіндісін құйып, су моншаснда 60 – 70 0С – да бірнеше минут қыздырады. Реакция нәтижесінде күміс тотықсызданып жеке күйінде пробирка қабырғасына қонады.

СН 2ОН –(СНОН) 4 –СНО +Аg 2О → СН 2ОН – (СНОН) 4 – СООН + 2 Аg

2 – тәжірибе. Фелинг сұйықтығымен реакция

Фелинг сұйықтығын мыс (ІІ) сульфаты ер!т!нд!с! мен сегнет тұзының сілтілік ерітіндісін бірдей көлемде әрекеттестіріп алады. Фелинг сұйықтығының түсі қара – көк, келесі реакциялар жүреді:

А) СuSO 4 + 2 NаOH → Cu (ОН) 2 + Nа 2SO 4

СООК СООК

| ОН |


СНОН

+ Сu → СНО Сu + 2 Н 2О

| |

СНОH НО СНО



| |

СООНNа СООNа

Жұмыстың барысы: Алынған Фелинг сұйығына 1 мл глюкоза ерітіндісін құйып, қоспаны су моншасында қыздырады. Глюкозаның глюкон қышқылына дейін тотығуынан, Фелинг сұйықтығы мыс ( І ) оксидіне дейін тотықсызданады.Реакция нәтижесінде қызыл түсті мыс ( І ) оксидінің тұнбасы түседі. Реакция теңдеуін жаз.

3 – тәжірибе. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер

Жұмыс барысы: Үш пробиркаға 1 мл 1% - тік сахароза, мальтоза, лактоза ерітінділерін құйып, әрқайсысына 1 мл Фелинг сұйықтығынан тамызып, үшеуін де қайнағанға дейін қыздырады. Сахароза бар пробиркада мыс тотықсызданбайды, ал қалған екеуінде де қызыл түсті мыс ( І ) оксиді тұнбаға түседі.

1.Сахароза, мальтоза, лактозаның структуралық формуласын жазып, дисахаридтердің Сu (ОН) 2 әрекеттесу ерекшелігін түсіндіріңіздер.

2.Мальтоза мен лактозаның тотығу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.


4 – тәжірибе. Крахмалдың йодпен әрекеттесуі

Жұмыс барысы: Крахмал клейстерінен 2 – 3 мл пробиркаға құйып, оның үстіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызса, крахмал көгереді. Қоспаны аздап қыздырса көк түс жойылады да, салқындатқанда қайтадан көк түс пайда болады. Оның себебі йод крахмалмен тұрақты қосылыс түзбейді, тек крахмал йодты адсорбциялайды және йодпен тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді.



5 – тәжірибе. Крахмалдың қышқыл әсерінен гидролизденуі

Жұмыс барысы: Крахмал клейстерінен 5 – 8 мл алып сумен үш есе қосып сұйылтады да, оған 1 – 2 мл күкірт қышқылын құйып спирт шамында қыздырады. 4 – 5 минуттан кейін қоспадан 1 – 2 мл бөліп алып, суытады да оған йод ерітіндісін тамызады. Бұл әдісті әрбір минут сайын қайталаса, сынауға алынған қоспаның түсі көк түстен күлгін түске дейін біртіндеп өзгереді, ең соңында йод әсері байқалмайды. Йодтың түсінің өзгермейтін себебі, крахмал біртіндеп гидролизденіп, реакция соңында глюкозаға айналады.

( С 6Н 10О 5)n → (С 6Н 10О 5)x → C 12H 22O 11 + C 6H 12O 6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет