БОӨЖ тақырыптары:
Жеткіншектерді зерттеудің жаңа тенденциялары.
15-АПТА
15-ДӘРІС.
Жас кезеңдеріндегі дағдарыстар және оның себептері
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жаңа туған баланың уілдеуі, қозғалысы, талпынысы, есту, көру рефлекстері арқылы жан-жағын, қоршаған ортасын, өзін-өзі тануынан бастау алатын кезең екенін түсіндіріп ұғындыру.
Дәрістің міндеті:Бала бойындағы ерекшеліктердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда болып отыратын қасиеттер.
Дәрістің жоспары:
15.1.Жаңа туған бала.
15.2 Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс.
15.3 Үш жастағы дағдарыс.
15.4 Жеті жастағы дағдарыс
15.5. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.
15.6.Орта жас дағдарысы
Жаңа туған бала
Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып дүниеге келеді. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Оларға түрлі copy, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т.б. жатады.
Олардың барлығы баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы жетілмеген қимылдарымен жауап қайтарады.
Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші ассоциалдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан, жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат нәрсе, әрі болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп есептейді. Мәселен, З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында түрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді.
Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген.Осы орайда, сәбидің қаз-қаз болып жүруі туралы жоғары жас ерекшелік заңдылықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайында сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-саран болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын көрсетеді. Алайда, құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз.
Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңістікте өз бойын билей алмайды. Сәбидің бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады. Дағдарыстың екінші керінісі бала тілінің шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады.
Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінің көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл қозғалысы деп атайды. Мүның мәні отбасындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі. Кречмердің бұл көріністерді гипобликалық деп атауының себебі – ондай қимыл-қозғалыстар ерік пен аффектінің бірігіп кету салдарынан туады, оларды бірінен-бірін ажырату қиын. Дағдарыс жасында сәбидің мұндай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін отбасылар да септігін тигізеді. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соғады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға күрт ерік беріп, еденге жата қалып аунап, үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса қозғалудан бас тартып, еденді аяғымен тепкілейді. Осы кезде оның бойынан ешқандай есінен танырлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қалардай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы менмендік мінез көрінісі. Мұндай көрініс сәбидің нәрестелік шағындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді. Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Бұл ерекшеліктердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет – тіл алмауды дағдарыстың негізгі көрінісі – қасарысудан айыра білуіміз керек.
Қорытындылай келсек:
1. Баланың бойындағы жағымсыз әрекет оның ересектер талап еткен тілектерді орындамауынан басталады.
2. Баланың жағымсыз қылығының көрініс беруі қойылған талаптан тәуелсіз түрде пайда болатын оның өзіндік қылығы. Дағдарыстың сан қилы ерекшеліктері өзге адамдарға қатысты әлеуметтік себептермен ұштасып тұратынын білдіреді.
Жеті жастағы дағдарыс
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдеріндегі сияқты, психикалық жас ерекшелікында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отырады. Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысқа ұшырау жағдайы оның алғырттығы мен бірбеткейлігінің күшті өзгеретіндігін қарапайым бақылау арқылы көзге түседі. Жеті жастағы баланың бойы тез өсіп, едәуір өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде баланың сүт тістері түсіп, орнына жаңа тістер шығады. Жеті жастағы баланың кезеңі үш жастағы кезеңнен әлдеқайда күрделі сипатта болады. Жеті жастағы баланың басынан өтетін дағдарыстың негізгі түрлері: бала айтқанға көнбей қырсығады, жүріс-тұрысы өзгереді.
Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен жас ерекшелігінің сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З. Фрейд болды. олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20 – 30 – жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан биогенетикалық универсализмге қарама – қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы бірқатар зерттеулерде де болды. қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзілетін еді.
Достарыңызбен бөлісу: |