ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс- 1 Семестр- 2 Кредит саны- 4


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет7/13
Дата08.03.2020
өлшемі1,32 Mb.
#59739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Театр өнеріндегі бес ағым қалай аталады?

Режиссердің атқаратын қызметі қандай?

«Үстел маңы» жұмысының маңызы және зиянды жақтары қандай?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
Дәріс №2

Тақырыбы: Кәсіпқойлық өнер

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театр сахнасындағы негізгі өнер бағыттарымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Театр өнері терминдерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

Сахна өнері өміріге келіп, өріс ала бастаған көне дәуірімен бірге ілесе келген кәсіпқойлық актер өнері ұзақ кезең бойы өзгерместен өңдеусіз, түзетусіз күйде бір бағытта қарқындап өрістеумен келді. Күн асқан сайын дарынсыз кәсіпқой актерлер қатары құрттай құжынап, ал дарындылар саны күрт құлдырап азая берді, өйткені кәсіпқойлық – нағыз өнердің өрісін тарылтып, тұншықтыра бастады.

Егер «кейіпкержандылық» өнері актерден сахна алаңына аяқ салған сайын тың шешім, тың сезім соны ойын өрнегін, суырып салма немесе табан асты тауып кету сияқты ойын үлгісін талап етсе, «кәсіпқойлық» өнер актерден бір рет табылып, әбден қасаң болып қалыптасқан спектакль ойнаған сайын қайта-қайта қайталана беретін, көрерменді ығыр қылатын таптауырынға ұшыраған дайын ойын үлгісін ұсынады.

«Кейіпкержандылық» және «кейіпкерсындылық» өнері тебіреніс, яғни сахнада өмір сүру процесі тән болса, «кәсіпқойлық» өнер үшін олар жат. «Кәсіпқойлық» өнер үлгісі кез келген рөлді бұрын табылған үйреншікті дайын пішіні мен таптауырын тәсіл тезіне салып, ойнағанды қалыпқа құйып дағдыланғандықтан тебіренім пен сезім тудыра алмайды.

Кәсіпқой актер әр рөлді өз бетінше жеке дара сомдай алмайды. Сондықтан олар рөлін бұрыннан табылған таптауырын ойын бедері бойынша қалыпқа құйғандай етіп, жалаң сөздің өзін баяндап шыққанға мәз. Кәсіпқой актерлердің бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі рөлдерді бір үлгіден шыққандай етіп сомдауға, сондай-ақ әр түрлі мінезді кейіпкерлерді де бір мінезбен өлшеп-пішуге тіпті сан қилы сезім иірімдерін бір қырлы сезіммен ғана өрнектеуге машықтанған арзан әдістері болады. Сол себепті олар сахнада шынайы толғаныс процесіне бара алмайды. Мұндай таптауырын трафареттік оңай әдістер актер творчествосының ең арзан, ең жеңіл, ең жабайы үлгісі болып табылады.

Театрлық шығармашылықтың табиғаты адамның эмоциялық, интелектуалдық қабілетін дамытуға ықпал етуші, жан дүниесін байытып, құндылықтарын арттырушы ретінде көрінеді.

Өнер туындыларының ұлылығы мен көркемдігі – түр мен мазмұнның органикалық тұтастығымен бағаланады. Түр мен мазмұн бірлігі творчестволық безбенге түскен жағдайда, әрқашан мазмұн таразы басында тұрады, өйткені түр – мазмұн мағнасын тасымалдаушы ғана , ол мазмұн бола алмайды. Өнерде түр – мазмұнды көрерменге жеткізуші тіл құралы рөлін атқарады. Ал – тіл шартты нәрсе. Тілді –шарттылықтан айыру – тілден айырылу болып табылады. Сондықтан түр шарттылығы - өнердің ажырамас органикалық сипаты. Түр мен мазмұн екі бөлек өмір сүре алмайды.

Түр – мазмұннан тыс оқшау өмір сүре бастаған түстан формализм басталмақ. Оның қауіптілігі де осы даралығында. К.С. Станиславский болса, өнерде –түр мен мазмұнның органикалық бірлігін жақтап , формалистериен өмір бойы аяусыз күрес жүргізді. Дәлелсіз нәрселердің барлығы – формализм деп аталады.

Ал натурализм дегеніміз – формализмнің тағы бір түрі.

Жалпы, өнердегі дерт пен кінәраттардың түп төркіні – формализм. Натурализм де , таптаурындылық та – формализмнен тарайды.

«Мен натурализмді – формализмнің «көзге көрінбей» әрекет ететін сипаты дер едім» -деп С.Михоэлстің айтуы тегін емес. Натурализм – білінбей іштей кеміретін өнердің өзегіне түскен «жегі құрт» сияқты қатерлі құбылыс.

Бір жолы табылып, біржола қалыптасқан түр арқылы кез келген рольдің мазмұнын сауатты түрде сахнадан баяндап беруді қәсіпқойлық өнерге жатқызамыз.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Кәсіпқойлық өнердің шығу тарихы қай замандардан басталды?

Кәсіпқой актер дегенді қалай түсінесің?

Түр және мазмұн дегеніміз не?

Натурализм дегеніміз не?

Формализм дегеніміз не?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
Дәріс №3

Тақырыбы: Кейіпкерсындылық өнер

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театр сахнасындағы негізгі өнер бағыттарымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Театр өнері терминдерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

Театрдің екінші бір үлгісінің қабырғасын қалайтын, сахнада адамның рухани тіршілігін бейнелеуді мұрат тұтқан өнердің өзгеше бір ағымы – кейіпкерсындылық өнері немесе кейіпкерсындылық мектебі болып аталады. Кейіпкерсындылық ағымының кәсіпқойлық ағымынан өзгешелігі – ол өзінің мақсат-мұратына, көркемдік кіредосына басқаша творчесвалық жолдар арқылы жетеді. Кәсіпқойлық – пьесаның фабуласын, сыртқы әрекет пен жалаң тіршілігін бейнелеуді мұрат тұтса, кейіпкерсындылық – кейіпкер құштарлығын әм образдың ішкі сарайын кестелеуді мақсат етеді.

Кейіпкерсындылық ағым өз творчествасын кәсіпқой өнерге мүлдем қарама-қарсы бағытта адамгершілік пен жанды процесс бойынша ролдің дәл өмір сүру сәтінен бастау арқылы ерекшеліненді.

Жалпы, кейіпкерсындылық ағымына жататын артисттер өз ролін сахна алаңына шыққанда немесе көпшіліктің көз алдында емес, үйде, өз-өзімен жеке қалған сәтте немесе оңаша репетиция кезінде өмір сүріп, кестелегенді қалайды. Олар өмір тіршілігі мен шынайы сезім дүниесін сыртқы дене пішімі арқылы бейнелеп көрсетіп беру үшін ролдерін қайта-қайта қайталап, тебіреніс тезіне салып, алдын-ала «қақтап» алады.

Кейіпкерсындылық мектебінің осындай тайыз түсінігі туралы

К.С. Станиславский: «Мамандығымыздың қанына әбден сіңіп кеткен әдетіне сай, двигетельдік (бұлшық ет) зердеміздің өткірлігі арқасында артист сезімінің өзін емес, көзге көрінетін қимылдық сыртқы нәтижесін еске тұтып қалады да, сезімді емес пішінін ішкі дүние толғанысын емес, дененің қозғалу күшін сезіну сәтін, яғни нағыз рухани өмір сүру емес, дененің қимылын ғана айшықтайды» деп жазған болатын.

Кәсіпқойлық жоғарыда айтылып өткендей – пьесаның фабуласы мен сыртқы әрекетін ғана көрсетіп бақса, екінші ағым – рөл құштарлығы мен образдың үйде отырып өмір сүрген дайын үлгісін көрсетумен шектеледі.

Кейіпкерсындылық мектебі – аталмыш екінші ағым өкілдіктеріне К.С. Станиславский француз театрының үш абызы: аға Кокленді (1841-1909), Сара Бернарды (1844-1923), Муне-Сюллиді (1841-1916) жатқызады.

К. С. Станиславский кейіпкерсындылық өнер үлгісіне де мұқият зер салды. Француз сахна өкілдері Сара Бернар мен Үлкен Кокленнің «Қимыл- іс жаттығу мектебінің», Жак Далькрозаның «Ритмикалық тәрбие беру тәсілінің» , Ф.Дельсарттың «Әсемдік бейнелеу мектебінің» тәсілдерімен түбегейлі танысып, терең талдаудан өткізді. Олардың тәжірибелерінен тәлім тәрбие алып қана қоймай, твочестволық органикалық тәсілге байланысты тексеріп, «елеп- екшеуден» өткерді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Кейіпкерсындылық өнерін қалай түсінесің?

Кейіпкерсындылық мектебі өкілдері ретінде саналатын француз театрының үш абызы кімдер?

Кейіпкерсындылық ағымының басқа ағымдардан ерекшелігі неде?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.

Дәріс № 4

Тақырыбы: Кейіпкержандылық өнер

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театр сахнасындағы негізгі өнер бағыттарымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Театр өнері терминдерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

«Кейіпкержандылық өнері – сахнада өмір сүру мен сезім процесінің сыртқы даңғаза қуатын» емес өмір сүру мен сезіп процесінің ішкі сапалық қасиетін бағалайды. Табиғаттың өзі тудырған творчествалық шынайы өмір сүру процессі творчестваның ірге тасы болып қаланған сәттен бастап, күллі сол жасампаз іске көмектесу үшін ат салысады. Аталмыш көмек, бір жағынан актердің өз бетімен жұмыс істеуі арқылы атқарылса, екінші жағынан артисттің рөлмен жұмыс істеуі арқылы қос сатылы негізде атқарылады.

Егер «кейіпкержандылық» өнері актерден сахна алаңына аяқ салған сайын тың шешім, тың сезім соны ойын өрнегін, суырып салма немесе табан асты тауып кету сияқты ойын үлгісін талап етсе, «кәсіпқойлық» өнер актерден бір рет табылып, әбден қасаң болып қалыптасқан спектакль ойнаған сайын қайта-қайта қайталана беретін, көрерменді ығыр қылатын таптауырынға ұшыраған дайын ойын үлгісін ұсынады.

«Кейіпкержандылық» және «кейіпкерсындылық» өнеріне тебіреніс, яғни сахнада өмір сүру процесі тән болса, «кәсіпқойлық» өнер үшін олар жат. «Кәсіпқойлық» өнер үлгісі кез келген рөлді бұрын табылған үйреншікті дайын пішіні мен таптауырын тәсіл тезіне салып, ойнағанды қалыпқа құйып дағдыланғандықтан тебіренім пен сезім тудыра алмайды.

«Кейіпкержандылық өнерінің» мақсаты – сахнада тірі адмның рухани тіршілігін сомдап, оның кескін келбетін сахналық көркем пішінде бейнелеп беру болып табылады» -дейтін К.С. Станиславский анықтамасы – күллі сахна өнеріміздің көркем критерийі, оның творчествалық бүкіл процесін басшылыққа алатын асау арналы ізгі идеясы. Көркем өнердің ірге тасын өріп, қабырғасын қалайтын да осы заңдылық.

Кейіпкержандылық өнері саласында кейіпкер бейнесінің саналы және санадан тыс жақтары, яғни адамның рухани тіршілігінің психологиялық қос қыры егіз сипаты сынға түседі.

Сезіну процесіне келетін болсақ, кейіпкержандылық өнер өрнегіне жататын алғашқы сезімі, қаталап сезімі сияқты психологиялық екі функция бар. Аталмыш эстетикалық процесс еске түсіру мен сезім зердесі арқылы іс атқарады екен. Еске түсіру мен сезім зердесі тікелей уақытқа тәуелді процесс. Уақыт – сауықтыру сияқты емдік құбылыс. Ол – сезім дүниесін басы артық майда-шүйде қажетсіз заттардан аршып алып сахнада ең қажетті сезім мен құштарлық қасиеттерін тасымалдайды.

Кейіпкержандылық өнерінің техникалық лозунгісі – саналық арқылы санасыздыққа қол жеткеру. Алайда санасыздық процессін – ойсыздық, ессіздік -деп ұғуға болмайды. Саналы түрде дамылсыз істелген репетиция нәтижесінде қол жеткен шеберлікті айтады.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Кейіпкержандылық өнерін қалай түсінесің?

Кейіпкержандылық және кейіпкерсындылық өнеріне ортақ сахнада өмір сүру процесін ата.

Кейіпкержандылық өнерінің техникалық лозунгісі қандай?

Кейіпкержандылық ағымының басқа ағымдардан ерекшелігі неде?

Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
Дәріс № 5

Тақырыбы: Кейіпкермәнділік өнер

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театр сахнасындағы негізгі өнер бағыттарымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Театр өнері терминдерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

«Кейіпкермәнділік» процесі – яғни әртістің ел алдында көзге көрініп ойын көрсетуі.

«Құрылыс» процесі – яғни артистің «кейіпкержандылық» процесі мен «кейіпкермәнділік» процесін бір арнаға бағыттап, егіз процесті біріктіру.

К.С. Станиславский өзі «жүйесінің» қайнар көзі – М.С.Щепкин мен театрының реалистік бағыттағы ірі өкілдері екенін жиі айтады.

Прогрессивтік әм демакраттық дәстүрдегі орыс театр мектебінің жалынды жарнамашысы әрі оны әрмен жалғастырып алып барушы К.С. Станиславский тек орыс өнерінің зиялы қайраткерлері төңірегінде ғана шектеліп қалмай, шетел театры мәдениетінің қол жеткен жетістіктерін талмай зерттеді. Ол – орыс сахна өнерінен өзгеше өрнекте, тосын дәстүрде қанат жайған неміс, француз, ағылшын сахна үлгілеріне де ыстық ықылас қойып, Сальвини, Росси, Дузе сияқты Италия трагиктерінің реалистік пландағы айшықты ойындарына қайран қалып, оларға сөз жүзінде баға беріп қана қоймай, олардың актерлік биік техникасынан практикалық зор творчествалық тағылым алды.

Артистің рөлімен жұмыс істеу кезеңі пьсаны алғаш рет оқып, танысудан басталады. Осы сәттен бастап, көрермен алдына шыққанға дейін артист, ақынның, режиссердің және өз рөлінің ұсынған тосын жағдайы саналы түрде өмірге келеді де, ал артисттің өз құштарлық ақиқаты санасыз түрде өмірге келеді. Рөлмен пьсаның ұсынылған тосын жағдайы сол рөлдің ішкі, сыртқы өмірін егжей-тегжей терең зерттеу, яғни бақай жағына дейін шағып, талдау арқылы іске асырылады. Атап айтқанда, актердің рөлге көз қарасы, сезімі, білім байлығы, қиял қазынасы, көкжиек әлемі, жан-дүниесі, қуат-қоры түп-түгел қамтылады. Бұл сатыға актер өзнің рухани күш-қуатын сарқып барып, яғни жан мен тән қызметінің тығыз байланысы нәтижесінде ғана сахнада «адамның рухани тіршілігін» бейнелеуге қол жеткізеді.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

«Кейіпкермәнділік» өнерін қалай түсінесің?

«Құрылыс» процесі дегеніміз не?

Артистің рөлімен жұмыс істеу кезеңі неден басталады?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
Дәріс №6

Тақырыбы: Таптаурындылық

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театр сахнасындағы негізгі өнер бағыттарымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Театр өнері терминдерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

Адам баласының басынан кешкен бүкіл тіршілігі мен қам-қарекеті арпалыс пен күрестен, шиыршық атқан шырғалаң әрекеттен өрілсе, сахна алаңындағы көркем кейіпкердің тіршілігі де соған ұқсаса - әрекет шындығы мен сезім шындығы арқылы өрім табады. Адам мен кейіпкердің әрекет басшылыққа алатын – сана мен сезім. Ақыл мен тебіреніс шындығы - әрекет арнасын адастырмайды. Әрекет арнасынан өріс алған сезім мен қимыл-іс процесінде жалғандық, қайталаушылық болмайды. Бір істелген қимыл-іс, бір рет лап еткен сезім әдістері өмір бойы өзгерместен тұрып қалмайды. Әрекет сайын өзгеріп, түрленіп отырады. Егер, олар өзгермесе – таптаурындылыққа айналады.

Ал, ақыл –басшы, сезім – қосшы болған жерде жалғандық , таптаурындыллық болмақ емес. Ақыл, сезім тіршіліктің меншігі десек, адам баласы жалған ақыл, өтірік сезімге бой алдырмай, шынайы ғұмыр кешеді.

Ендеше, сахна алаңында ойын өрнегі өрбіп жүрген актерлердің көпшілігінің рөлдері әбден жауыр болған, «татқа» айналған таптаурындылық әдістерден құр алақан болмайтыны қалай? Кейіпкердің көркемдік көркіне көлеңкесін түсіріп, шығарманың мазмұны мен мағынасының топшылау жүйесіне көз жүгіртіп, қимыл іс-әрекетінің әсемдік әрі мен нәріне қара күйедей жабысып, қалмайтын таптаурындықтың кінәратынан арала алмайтынымыз неліктен?

«Өйткені біздер, актерлер, таптаурындылықты жақсы көреміз, көп жағдайда алаңғасырлықпен құпия түрде оған жалаң түйсік арқылы өзіміз барып жармасамыз» -дейді К.С.Станиславский.

Таптаурындылық қашан да қолдан табылатын нәрсе; әрі жеңіл, әрі оңтайлы, көп күш жұмсамайтын арнаға бұра тартуға ыңғайлы, бойға сіңген әдет сияқты, ал әдет болса – адамның екінші бір мінезі екені белгілі». К.С. Станиславский.

Таптаурындылық термині – немістің Stamfe, италияның Stampa деген сөздерінен алынып, сахна тіліне лайықталған. Сахналық жұмыс терминіне айналдырып, қалыптастырылған К.С. Станиславский. Орыс тіліндегі баламасы – штамп, печать, штемпель ұғымын білдірсе, қазақ тіліндегі баламасы мөр, таңба, ен ұғымын білдіреді.

Таптаурындылықтың шығу тегі де әр қилы болады. Кейбірде оңды үлгілерге еліктеуден пайда болса, кей кезде өзіңнің сәтті табылған әдістеріңді қайталаудан да туындап жатады, ақыр соңында жеке басыңның әдеттерінен де пайда болады.

Таптаурындылықпен күресудің басты жолы – дер кезінде тамыр жайғызбай отап отыру. Алайда, қылт еткен кінәратты қағып тастасам, одан ада-күде арылады екем деген жаңсақ ойдан аулақ болған абзал. Өйткені таптаурындылық өміршең келеді.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Таптаурындылық дегеніміз не?

Сахнадағы ақыл, сезім туралы не түсіндің?

Таптаурындылықпен күресудің басты жолы неде?

Таптаурындылық қалай пайда болады?

Таптаурындылық термині туралы не білесің?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
Дәріс № 7

Тақырыбы: Театрдың рухани бастауы туралы.

Қарастырылатын сұрақтар: К.С.Станиславский жүйесі бойынша театр өнеріндегі ағымдардың маңызы, ерекшелігі.

Дәрістің мақсаты: Театрдың руханилығы туралы түсіндіру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту. Көркем талғамын қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны:

Рухани өнер және рационалды өнер. Театр өнерінің басты тұлғасы актердің рухани творчествосының шарықтауы театр негізі деп қаралатын қағида ұстанған өнер ошағында ғана өз көрермені болуы ықтимал.

Театрлық шығармашылықтың табиғаты адамның эмоциялық, интелектуалдық қабілетін дамытуға ықпал етуші, жан дүниесін байытып, құндылықтарын арттырушы ретінде көрінеді.

Театрдың рухани бастауы халықта. Халық өнерді қабылдағанда ғана театр сахнасының жұмысы жүреді.

Прогрессивтік, демократтық дәстүрдегі орыс театр мектебінің жалынды жарнамашысы және оны жалғастырып алып барушы К.С. Станиславский өз зерттеулері мен еңбектерінде тек орыс өнерінің зиялы қайраткерлері төңірегінде ғана шектеліп қалмай, шетел театры мәдениетінің қол жеткен жетістіктерін талмай зерттеді.

Театр өнеріндегі ең негізгі қозғаушы күш режисер. Ол кез келген драмалық шығарманы өзгеше сахналық творчествоға айналдырар импульс ретінде көрінетін бүтін театр шығармасын жасаушы. Ол - қойылымның көркемдік құрамының логикалық байланысын режиссерлық шығармашылық ниетімен сабақтастыра отырып актер және т.б. театрдың мәнерлеуші құралдарымен толықтырып, жаңа, көркем гармониялық рухани шындықты жасаушы.

Қазіргі театр - режиссер театры. Бүгінгі режиссер театрдағы ең бірінші адам. Ол - театр процесінің топбасшысы, театр ісін басқарушы және жүргізуші, яғни, театрдың шығармашылық келбетін, оның идеялық бағытын, репертуарлық саясатын, көркем стилін айқындаушы. Әрбір театр қойылымының тағдырын шешуші. Театр қойылымдарының рухани құндылығы көбіне режиссердің біліміне, дүниетанымына, көркем талғамына байланысты.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Рухани өнер деген не?

Театрдың рухани бастауы дегеніміз не?

Театрлық шығармашылықтың табиғаты ықпалы -дегенді қалай түсінесің?

Театр өнеріндегі ең негізгі тұлға актер және режиссер - деген қағиданы қалай түсінесің?

Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Құндақбайұлы Б. «Театр туралы толғаныстар». Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. 320б.

Нұрғали. Р.Драма өнері. Алматы. «Санат» б, 2001. 480бет.

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.

Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967


Дәріс № 8

Тақырыбы: Әрекет сахна өнерінің негізгі мәнерлеуші құралы.

Қарастырылатын сұрақтар: Сахналық әрекет, оның түрлері, атқаратын қызметі.

Дәрістің мақсаты: К.С.Станиславский жүйесі элементтерімен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.

Дәрістің мазмұны:

Сахналық әрекет – сезім туғызушы элемент. Сахналық әрекет – ұсынылған жағдайда белгілі бір мақсатқа жету үшін қозғалу, көру, есту, ойлау және сөйлеу.

Сахналық әрекет – актер ойын өрнегінің ауыр жүгін сахналық өмір жолында арқалап, онда көздеген көркемдік мәреге жеткізер белсенді элемент.

Әртүрлі әрекеттердің өзінің белгілі бір өлшемде жылдамдықта өтеді. Бұлшық ет жиырылуы және нерв жүйесі күшіне байланысты , яғни өзі жасалған қозғалыстың өзгермелі жылдамдығынан тұратын ырғақты суреттеу. Ырғақ тек адамның физикалық қозғалысында ғана емес, оның психикалық өмірінде де бар. Белгілі бір ырғақта ойлар келеді, сезімдер туындады. (мыс: сезімдер)

Әрбір адамның өзінің ерекше ырғағы бар. Соған байланысты оның физикалық өмірі өрбиді. Әр халық, әр ел, әр қала, әр мекен (вокзал, аурухана, мұражай, мейрамхана ) әр оқиға табиғаттың өз құбылысы,яғни сырттай және іштей қозғалысқа қазықталған. Ендеше әр құбылыстың өзінің ырғағы болады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

Сахналық әрекет дегеніміз не?

Сахналық әрекеттің атқаратын қызметі қандай?

Сахналық әрекеттің өлшемі мен жылдамдығы дегенді қалай түсінесің?



Пайдаланатын әдебиеттер:

Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993

Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978

Нұрғали. Р.Драма өнері. Алматы. «Санат» б, 2001. 480бет.

Құндақбайұлы Б. «Театр туралы толғаныстар». Алматы: «Өнер» баспасы, 2006. 320б.

Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.


Дәріс № 9

Тақырыбы: Сахналық этюдпен жұмыстағы образдық әсерді қолдану маңызы.

Қарастырылатын сұрақтар: Сахналық этюдпен жұмыста көрінетін театр элементтері мен мәнерлеуші құралдардың бар болуы, олардың атқаратын қызметі.

Дәрістің мақсаты: Сахналық этюдпен жұмысты нақты қалыптастыру үшін бірінші оның мазмұнын, формасын айқындаушы элементтермен танысу, оларды дұрыс пайдалану қажет.

Дәрістің мазмұны:

Қазір режиссер театр көрерменіне әсердің жаңа сапасы, түрі ретінде образдық әсерді қолдануда. Режиссердің ойы, ниеті және режиссер тебіренісінің көрермен залына тіке апарар мәнерлеуші құрал ретінде, этюдтың атмосферасы, өлшем ырғағы, мизансценасы және этюд композициясы қаралады. Сахна уақытын кеңістіктен меңгеруге арналған этюдтың мақсаты, оқиға орны, жоспарлық қоршаулар, декорация және реквизитпен жұмысты жандандырып, музыка және дыбыс партитурасын қолдану арқылы оқиға атмосферасын айқын бейнелеу. Бейнелеу өнері шығармалары тақырыбына жасалған этюдтарда, студенттер алғаш автордың ойы ниетімен өз қиялдарын ұштастырады. Шығарма тақырыбының өзектілігі басты назарда болады. Тақырып не туралы деген сұраққа жауап беретін өмір аумағын қамтитын мәселелер шеңбері десек. Идея - шығармадағы көріністердің (оқиғалардың) өмір шеңбері - негізгі ойы. Қойылымның идеясын айқындауда қателеспегеніне толық сену үшін шығарманың басынан аяғына дейін өтпелі желі тәрізді өтер әрекет арқауы ретінде дамып отырған «негізгі әрекетке» шиеленіс туғызар «қарсы әрекетті» (контрдействие) кімдер қарсы жүргізіп отырғанын зерттеп көз алдына елестете білу режиссер үшін өте ұтымды процесс. Қазіргі театрда көрермен залында әсер өзгеріс үстінде. Сахна қорабының 4-ші жары қолданды.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет