«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәні бойынша – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы үшін
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Оқыту формасы _ күндізгі, _____ЖБ___ Кафедра __ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі Курс __________2.3_________________________ Семестр ____2_______________________________
Кредит саны _________4_____________________ Барлық сағат саны_________90_________________
Дәріс _____________8______________________ Зертха сабақтар_______5________________
СОӨЖ______________________________1____
СӨЖ _______________________56____________
Емтихан ___2___ семестр
Жұмыс оқу бағдарламасы:
– «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«LDMC364 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша «_28_». 02. 2022 ж бекітілген жұмыс оқу жоспары негізінде жазылды.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасын оқытушы Б.Гүлжазира дайындады және Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, « 28» .02. 2022 ж., хаттама №
Бағдарламаны жазған ____________________ Гүлжазира .Б
Кафедра меңгерушісі _____________________
Жұмыс оқу бағдарламасы Педагогика және психология институтының Ғылыми кеңесінде мақұлданды «28_» 02. 2022ж. хаттама №
1. Пәннің мақсаты мен міндеті «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәнінің мақсаты болашақ маман кадрларға мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамытудың әдіс-тәсілдері мен жолдарын үйрету және балалармен ұйымдастырылатын жұмыста тиімді қолдана білуге дағдыландыру болып табылады. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері: - ғылыми-педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу;
- балалардың ауызша сөйлеу тілін, өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қарастыру;
- бала тілін дамытуға, ауыз екі сөйлеуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін ашу;
- теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу біліктілігін жетілдіру.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі» пәнін оқу негізінде студент: - тіл дамыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын;
- әр топ балаларының тіл ерекшеліктерін;
- “Балабақшада білім беру және тәрбиелеу”, “Балбөбек” «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының мазмұнын;
тіл дамытудың әдіс- тәсілдері мен жолдарын;
тіл дамыту сабақтарын ұйымдастыру формаларын;
мектепке дейінгі мекемедегі оқу-әдістемелік кешендерді
әдістемелік жұмыстың формаларын білуі керек; балалардың тілін дамыу әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуді;
балабақшадағы тіл дамыту сабақтарын жоспарлауды, перспективті және күнтізбелік жоспарларды жасауды;
тіл дамыту бағытындағы жұмыс түрлерін (әр топ бойынша дидактикалық ойындар, балалармен жүргізілетін тәрбиеші әңгімесінің ұйымдастырылу түрлері)
сабақ жүргізуді, талдауды;
әдістемелік папка жасауды меңгеруі керек. ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
№
Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
1
Қазақ әдебиеті
2
Қазақ тілі (Фонетика, Лексика, Сөзжасам, Морфология, Синтаксис)