Пәннің оқу-әдістемелік кешені



бет36/46
Дата05.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#12755
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Дәріс мазмұны: 1.Физикалық географияны оқытудың мақсаты.Курстың
құрылымы,мазмұны.
IV класта табиғаттану пәні аптасына 1 сағ жалпы 34 сағатқа бөлінген. Ол II-III кластарда оқушылар оқып үйренген табиғаттану пәні жалғасы болып табыладыжәне келесі кластарда география, биология, физика, химия пәндерін оқып үйрену үшін маңызды дайындық кезеңі қызметін атқарады. Мұғалім табиғаттануды оқыту кезінде оқушылардың бастауыш сыныпта алған біліміне сүйену керек. Табиғаттану пәні мазмұны Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде, табиғаттың біртұтастығы туралы алғашқы түсініктерді оқып отырып, оның компоненттерінің өзара тығыз байланысы мен өзара әрекеті оның үздіксіз өзгеруі мен дамуы туралы оқушыларда ғылыми-материалистік дүниетанымның қалыптасуына жәрдемдесу.Сондай-ақ тірі және өлі табиғат арасында қарапайым байланысты анықтау икемділігін дамытуға, табиғаттағы адам әрекетін бағалауға бейімдейді.Табиғаттануды оқып үйренген кезде мектеп оқушыларының оқу әрекетіндегі бақылау, қарапайым тәжірибелер жасау, экскурсия өткізу және т.б. әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Табиғаттанудың мазмұнындағы ерекшелік пен оқыту әдістері мұғалімнің оқушыларды бақылағыштыққа өз бетінше ойлана білуге баулу, сөйлеуге машықтандыру тәрізді міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
20дәріс Физикалық географияны оқытудағы білім мен іскерлікті қалыптастыру
Дәріс мазмұны: 1.Білім мен іскерлікке қойылатын талаптар.Физикалық
географияны оқытудағы қолданылатын әдістердің
ерекшеліктері
VI кластағы физикалық географияны оқытудың басты міндеті-оқушыларға осы пән туралы табиғат және халық, географиялық карта жанында түсінік беріп өлкетану принципінде олардың бойында географиялық білім мен қабілетті қалыптастыру.
VI класта физикалық географияны оқытудағы мақсаттары:
1.Оқушыларға жер сферасы,оларды зерттеу әдістері,негізгі компоненттері
туралы түсінік
2.Оқушылардың абстрактылы ойлау арқылы ұғым жеке түсініктерін
қорытындылау
3.Оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасы және оны қорғауға тәрбиелеу
Физикалық географияның кіріспе бөлімін мұғалім оқушыларға география ғылымын алғаш оқып отырғандарын және география сабақтарында оларға оқулық, атлас, контур карталар жинап, тор көзді дәптер, компас т.б. құралдардың қажет екендігін айтады. Адамның практикалық қызметі үшін географияның маңызын айта келіп, біздің уақытымыздағы физикалық географияның негізгі міндеттерінің бірі - адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде табиғатта болатын өзгерістерді алдын - ала көре білу екенін атап айту керек. Бұдан кейін мұғалім қазіргі заманғы аса ірі құрылыстар жөнінде бұл құрылысқа ғалымдардың соның ішінде географтардың қосқан үлесі, географтың байтақ территорияны зерттеп, жатқанын оған бір мемлекеттің шамасы келмейтіндігін сондықта әр елдің ғалымдары көп объектілерді бірлесіп зерттеу үшін күш жұмылдырып отырғанын айту керек.
План және карта тарауын географиялық карта және оны пайдалану әдістері жергілікті жерді бағдарлай білуге үйрету керек.
Жер қабығы тарауын өткізген кезде құрлық, дүние жүзі, мұхиттар мен жер шарының ауа қабығы олардың бір - бірімен тығыз байланыстылығы қарастырылады.Мысалы: құрлықты оқыта отырып жер щарының ішкі құрылысы, жер қыртысының түзілген жыныстар, құрлықтың баяу тербелуі туралы түсінік беру.Мұғалім сабақты түсіндіруде көбіне ауызша баяндау әдістерін қолданады. Бұл сабақтарда: картина, кинофильмдерді көрсету қажет.
Атмосфера тарауын өткен кезде ауа райын бақылауда метерологиялық құралдарды пайдалана білулері қажет.
Гидросфера тарауын өткен кезде түсіндіру илюстрациялық әдісті пайдалана отырып оқушыларға проблемалық сұрақтар қоюға болады.
21 дәріс Материктер мен мұхиттар географиясы курсы

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет