Кадрлық саясат – кез-келген меншік нысанындағы әрбір заманауи компанияның ұйымдық мәдениетінің ажырамас элементі. Компаниядағы кадрлық саясатқа қойылатын негізгі талаптар төрт негізгі постулаттардан тұрады.
1. Кадрлық саясат кәсіпорынның даму стратегиясымен тығыз байланысты болуы керек. Бұл тұрғыда ол осы стратегияны іске асырудың кадрлық қамтылуын білдіреді.
2. Кадр саясаты жеткілікті икемді болуы керек. Бұл бір жағынан тұрақты болу керек дегенді білдіреді, себебі қызметкердің белгілі бір үміттері тұрақтылыққа байланысты, екінші жағынан серпінді болуы тиіс, яғни кәсіпорынның тактикасына, өндірістік және экономикалық жағдайының өзгеруіне сәйкес түзетілуі тиіс. Персоналдардың мүдделерін ескеруге бағдарланған және кәсіпорынның ұйымдық мәдениетіне қатысы бар жақтары тұрақты болуы тиіс.
3. Білікті жұмыс күшін қалыптастыру кәсіпорынның белгілі бір шығындарына байланысты болғандықтан, кадрлық саясат оның нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қарай экономикалық тұрғыдан негізделген болуы тиіс.
4. Кадрлық саясат өз қызметкерлеріне жеке тәсілді қамтамасыз етуі тиіс.
1. Ұйымның қызметкерлерін басқару
Жеке және ұйымдық мақсаттарға бірдей қолжеткізу принципі
- мемлекеттік сатып алу бойынша оқыту семинарларын өткізу;
- қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін оқытудың басқа түрлері.
Кадрлық саясат – бұл ұйымның барлық басқарушылық қызметінің және өндірістік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол біртұтас, жауапты, жоғары дамыған және жоғары өнімді жұмыс ұжымын қалыптастыру мақсатына ие.