Пікір жазғандар: Базарбаева З. Филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиева Ж



Pdf көрінісі
бет47/159
Дата29.10.2022
өлшемі17,97 Mb.
#155535
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159
Байланысты:
Qazaq til Абнасырова Р. (6)

СӨЙЛЕСІМ
Шағын мәтінді оқыңыздар
Кіші жүзде Алшын Қаражігіт би деген атақты кісі болған екен. Сол кісінің қартай-
ған уақытында бір жұт болыпты. Ел жаман жұтап, төрт түлік малдан дәнеме қалмап-
ты. Қаражігіт бидің азамат боп ер жеткен жалғыз баласы бар екен. Сол баласын Ұлы 
жүзде Үйсін Төле биге жіберіпті дейді.
– Бар балам, ақыл сұрап кел, кедейліктен кісіні ерікке қоймай сүйреп алып шығып 
құтқаратұғын айла болар ма екен? – деп.
Содан бала Ұлы жүз Үйсін Төле биге әдейі іздеп барып, мейман болып, барған күні 
жатып, ертеңінде қайтпақшы болған соң, Төле би сұрапты дейді:
– Балам, жай жүр ме едің, жұмысың не еді? – деп. Бала айтыпты:
– Елім жұтап, төрт аяқты малдан тұяқ қалмаған соң, әкем сізге жіберіп еді, ақыл 
сұрап кел деді. Қайтсек біз ел қатарына қосыламыз деп. Сонда Төле би айтыпты:
– Ә, балам, жігіт адамды кері тартатын үш кесір бар. Бас кесір – еріншектік, ортан-
шы кесір – ұйқышыл болу, кенже кесір – көжірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол 
адам өмірінде оңбайды, осы үшеуінің бірде-бірі жоқ болған адам ештеңеге мұқтаж 
болмайды, күннен-күнге ілгері баса береді, – дейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мәтіннен не ой түйдіңіз? 
2. Жұт, көжірлік, мұқтаждық
сөздерін естіп пе едіңіз? Мәтінде бұл сөздер қан-
дай мағынада қолданылып тұр деп ойлайсыз?
3. Төле бидің айтқан пікіріне қосыласыз ба? Төле бидің берген кеңесі қазіргі за-
манға сай келеді деп ойлайсыз ба?


57
56
Есте сақтаңыздар!
ЖАЗЫЛЫМ
1. Төменде берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Берілген сөз-
дердің бірнешеуін қатыстырып
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап»
 
(Абай) тақырыбына шағын эссе жазыңыздар.
А) жуас, тентек, ынталы, жалқау, қатты, жұмсақ, семіз, арық, әдемі, жаман;
Ә) қысқа, ұзын, ащы, тұщы, қышқыл, сопақ, дөңгелек, жалпақ, қисық, түзі
2. Берілген мақал-мәтелдерді толықтырып жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет