298
на, оның жеке адамгершiлiк болмысына тәуелдi, өз сөздерi
мен әрекеттерiнің дұрыстығына кепiл бола алған жағдайда
ғана оның үгiтi мақсатына жетедi. Бала тәрбиесiнде ұнамды
үлгi-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадiрiн сезiну, ар-намысты
қолдан бермеу секiлдi алғы шарттарды пайдаланған педагог
қай күрделi жағдайда да үгiт жұмысының өз нысанына жетiп,
жемiстi боларына толық сенуiне болады.
Үгiттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкiну
сезiмiне келтiруге болады. Педагог баланың мұндай сезiмдерiн
оятып қана қоймастан, келеңсiз әрекеттерiн түзетудің жолда-
рын да көрсетедi. Бұл жағдайларда орынсыз әрекеттің, оның
салдарының мәнiн дәлелдi ашып берумен бiрге тәрбиеленушi
мiнезiне ұнамды ықпал жасаушы тәрбие көздерiн тауып,
қолданады. Кейде орынсыз қылық бiлместiктің салдары-
нан болады. Мұндайда үгiт ұғындыру және сендiрумен бiрге
қолданылып, оқушы өз қателерiн мойындап, мiнезiн оң қалыпқа
келтiргендей әсерде жүргізіледi.
Тәжiрибе кемiстiгiнен не балаға деген немқұрайлылықтан
жоғары iзгiлiктi әдістер-әңгімелеу, ұғындыру, үгiттеу-дерексiз
ақыл айту формасын алады. Мұндай “ақылгөйлiктен” тәрбие
мақсаты орындалмайды. Керiсiнше, бос сөзді мораль оқу бала-
ны қырсықтырып, айтқанға қарсы әрекет жасауға ұрындырады.
Бұның мәнi - өздiгiнен әдіс бейтарап, әңгіме оны кiм және қайтiп
қолдануында.
Достарыңызбен бөлісу: