Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет17/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Педагогикалық ағымдар
Педагогика ғылымында әзiрге дейiн баланы қалай 
тәрбиелеу жөнiнде ортақ бiр пiкiр қалыптасқан емес. Ежелгi 
заманнан бiздің күнiмiзге дейiн бiр-бiрiне тiкелей қарсы кел-
ген тәрбие бағыттары жасап келуде: 1) балаларды қорқыту 
мен бағындыру арқылы тәрбиелеу қажет және 2) балаларды 
қайырымдылық және әлпештеумен тәрбиелеу керек. Егер өмiр 


осы көзқарастардың қайсы бiрiн қаламаған күнде, ол қашан-
ақ қолданымнан шығып қалған болар едi. Мәселенің қиындығы 
сонда: бiр жағдайларда үлкен қоғамдық пайданы қатаң ере-
желер мен тәртiп құрсауында тәрбиеленген, өжет, қайтпас 
пiкiрлi адамдар келтiредi, екiншi жағдайларда – мұндай қоғам 
мүдделерiн жұмсақ, қайырымды, зиялы, Алланы мойындаған 
және барша адамға құшағын аша бiлген тұлғалар орындайды. 
Халықтың жасап жатқан жағдайларына, мемлекеттің ұстанған 
саясатына тәуелдi тәрбие салт-дәстүрлерi қалыптасады. Ұзақ 
мерзiм бейғам, тоқ өмiрмен жасап жатқан қоғамда тәрбиенің 
iзгiлiктi 
(гуманистiк) бағыты үстем болады. Ал ұдайы күрес 
жүргізіп жатқан қауымдардың тәрбиесi қатал сипатта болып
ересектердің бедел, абыройына және өсiп келе жатқан әулеттің 
көзсiз бағыныштылығына негiзделедi. Соғыс, аштық, әлеуметтік 
соқтығыстар мен жоқшылық жағдайларында да балалар-
ды жұмсақ тәрбиеге алу мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда 
әлпештеп өскен бала өз тіршілігін қорғай алмайды. Сондықтан 
да балалар тәрбиесі жайлы мәселе тек ғылымдық қана емес, 
ол тікелей өмірге байланысты шешімін тауып барғаны жөн. 
Әмiршiл-әкiмшiл (авторитарлы) тәрбие
өз сипаты-
на сай ғылыми дәлелдерге негiзделедi. Бұл бағытты ғылым 
сахнасына келтiрген 
И.Ф.Гербарт 
(1776-1841) балаға туған 
күнiнен бастап “жыртқыштық бiтiстер” тән деген тұжырымды 
алға тартып, мүмкін болғанша тәрбиенi қаталдықпен жүргізудi 
талап еттi. Тәрбие тәсiлдерi ретiнде ол қорқыту, балалар iзiне 
бақылау қою, бұйрықтар және шектеулердi пайдалануды орын-
ды деп есептедi. Әмiршiл тәрбие ережелерiн толығынан құптап 
қолданған елдердің iшiнде Ресей ерекше ынта танытты. 
Әмiршiл тәрбиеге тiкелей қарсылық бiлдiрiп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет