План урока Шет тілі (ағылшын тілі) Сабақтың тақырыбы/ Тема урока History of styles



бет6/7
Дата04.07.2017
өлшемі0,54 Mb.
#20686
түріУрок
1   2   3   4   5   6   7

.

Ұлттық валюта – теңге.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды.

Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары»фабрикасында басылып шықты. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада басталып, 20 қараша күні аяқталды.

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері : Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.

1995 жылы Алматыда өз банкнот фабрикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.

2006-2011жылғы банкнот фабрикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды.

Теңге 2006 жылы өз бейнесін өзгертті.

2006жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді.

Банкноттардың бет жағында, ортаңғы бөлігінде”Астана-Бәйтерек” монументі қазіргі заманғы сәулеттің конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкноттың ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналды сандық белгісі жазылған.”Бәйтерек” ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған

Оң жақ жоғарғы бөлігінде - мемлекеттік жалау бейнеленген. Банкноттың төменгі бөлігінде сенімді шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдика ашық алақан бейнеленген.

Оң жақ төменгі бұрышында тігінен номиналы 200, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге деп жазылған.

Тапсырмалар:



  1. Оқу, асты сызылған сөздердің аудармасын сөздік арқылы тауып, жазып алу;

  2. Мәтінді түсіндіру, негізгісін жазып алу;

  3. Қарамен жазылған абзацты көшіріп, орыс тіліне аудару;

  4. Банкнота, бөлік, геральдика – сөздеріне дыбстық талдау жасау.


Сабак №5

Сабақ жоспары/План урока

Қазақ тілі / казахский язык.

Сабақтың тақырыбы/ Тема урока

Ризашылық. Құттықтау. Дауыссыздар.

Сабақтың мақсаты/ Цель урока

Білімділік/ Образовательная

Ризашылық білдіруге, құттықтауға үйрету, дауыссыз дыбыстарға көңіл бөлу.

Дамытушылық /Развивающая

Оқушылардың ойлауын , есте сақтау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік /Воспитательная

Адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдістемелік/Методическая

Оқушылардың білім деңгейлерін әр түрлі әдістермен көтеру.

Болашақ нәтижені болжау/ Описание ожидаемого результата

Әр адам ризашылық білдіруді, құттықтау айтуды білуге тиіс.

Білім/Знания

Жаңа сөздермен, мәтінмен, дауыссыз дыбыстарға талдау жасай білу.

Икемділік/ Умения

Оқу, аудару, талдау, әңгімелесу.

Дағды /Навыки

Білген білімдерін қолдану.

Сабақтың түрлері/ Тип урока

Ойын сабағы.

Әдіс- тәсілдер/ Методы

сұрақ-жауап, әңгімелеу, сипаттау.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет / Материалы, учебно-методическая литература, справочная литература

Сөздіктер, «Қазақ тілінің практикалық курсы», мақал-мәтелдер.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / Оборудование, наглядные пособия

Сөздіктер, қосымша материалдар, үлестірмелер,кесте.

Пәнаралық байланыс / Межпредметные связи

Мәдениеттану, қазақ әдебиеті.

Сабақ барысы / Ход урока

Сабақ кезеңдері / Этапы урока

Оқытушы іс-әрекеті / деятельность преподавателя

Оқушылар іс-әрекеті / деятельность учащихся

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар / оборудование, наглядные пособия

1

Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі / организационно-целевой этап

Оқушыларды сабаққа даярлау, барлық көңілерін өзіме қарату;

Сабаққа дайындалып, мұғалімді қарсы алады

-

2

Операция-танымдық кезеңі / операционно-познавательный этап

Сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу, себептерін анықтау, ауа райы туралы әңгімелесу:

  • Сәлеметсіздер ме;

  • сыныпта кім кезекші, кім жоқ, қай себеппен?

  • ауа райы қандай, жыл мезгілін атаңдар.

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарына жауап береді, кезекші мен мұғалім арасында әңгімелесу өтеді

А. Үй тапсырмасын тексеру /

Этап проверки домашнего задания

Үй тапсырмасын тексеру:

Ұлттық теңге дегеніміз не? Ол айналымға қашан енді? Ақша белгілері дегеніміз не? Ең үкен теңге нешеге тең? Қандай мақал-мәтел жазып әкелдіңдер?

Әр оқушы үй тапсырмасына жауап береді және мұғаліммен әңгімелеседі,

Б. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі / Этап подготовки учащихся к активному усвоению нового материала


Ата-ананның ризашылығын алсаң, азамат боласың- дегенді қалай ұғасыздар? Осында қандай жаңа сөз бар екен? Ризашылық – благодарность- деген сөзді жазып алайық, бұл біздің жаңа сабақтың тақырыбы. Қалай ризашылықты білдіруге болады, қандай сөздерді қолданамыз? Рахмет, көп рахмет. Олар көбінесе қайда кездеседі? Иә, дұрыс, диалогтарды, әңгімелесулерде. Ал егер, мен сіздерге , туған күніңізбен деп айтсам, сіздер осы сөйлемді қалай аяқтайсыздар? Дұрыс, құттықтаймын, Құттықтау – бұл да біздің тақырыбымыз. Немен құттықтауға болады? Мерекемен, туған күнмен, Наурызбен т.б.

оқушылар мұғалім берген сұрақтарына жауап береді, жаңа тақырыпқа шығады, өздері білген ақпаратты мұғалімге жеткізеді.

-құттықтаймын.

Мерекемен, мейраммен, тоймен т.б.

Сөздіктер

В. Жаңа білімді меңгеру / Этап усвоения новых знаний


Жаңа сөздермен, сөз тіркестермен жұмыс:алғыс-благодарность, бата беру-благославить, көмек-помощь, әдептілік-воспитанность, мәдениеттілік-культура, ойлау – думать, бақыт-счастье, денсаулық-здоровье, тілеймін-желаю, береке-достаток, арманын орындалсын-исполнения желаний, құттықтаймын-поздравляю.

Сөздерді оқу, жазу, сөз тіркестер құрастыру, тек дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Дауыссыз дыбыстарды қайталау, түрлерін ажыратып дәптерлеріне кесте арқылы жазып алу.

Үлестірмемен жұмыс жасау: мәтінді оқу, көшіру, жаңа сөздердің астын сызу, барлығымыз бірге аударамыз және тек үнді дауссыздардың дыбыстарын сызамыз.

Оқушылар бүкіл ынтамен мұғалімді тыңдайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді,


Жаңа сөздермен жұмыс жасайды, сөз тіркестер құрастырады, дауыссыздырды еске алып, қайталайдыкесте арқылы жазып алады, үлестірмелермен жұмыс жасайды, жазады, аударады, үнділердің және жаңа сөздердің астын сызады

Сөздіктер үлестірмелер, кесте.

Г. Жаңа білімді бекіту / Этап закрепления новых знаний


Әр партаға құттықтаудың үлгісі таратылады, сол үлгі бойынша дәптерлеріне құттықтау жазады, ең алдымен дауыстап оқимыз, түсіндіреміз.

Оқушылар үлгі бойынша дәптерлеріне құттықтау жазады, түсініксіз жағдайда сұрақтар қояды. .

үлгі,

сөздіктер

3

Рефлексивті бағалау кезеңі / рефлексивно-оценочный этап

Сонымен, бүгінгі сабақта біз қандай жұмыс орындадық, нені еске түсірдік, нені білдік?

Оқушылар өз ойларын айтады. .

-

А. Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезені / Этап информации учащихся о домашнем задании


Үй тапсырмасын жазып алыңдар:

1.жаңа сөздерді жаттау,;

2. дауыссыздарды қайталау;

3. Қандай мерекелермен құттықтауға болады?-деген сұраққа жазбаша жауап беру.



Оқушылар үй тапсырма-сын дәптерлеріне жазып алады, сұрақтары болса –сұрайды.

Б. Сабақты қорытындылау / Подведение итогов урока

Сонымен, бүгін сабақта біз қандай тақырыпты өттік,нені қайталадық, қандай жаңалықты білдік? Кім қандай баға алды?

Оқушылар алған бағаларынайтады және түсіндіреді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет