Планирование деятельности предприятия


ПЛАНИРОВАНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРЕДПРИЯТИЯ



бет2/2
Дата10.07.2017
өлшемі358,89 Kb.
#20993
1   2

ПЛАНИРОВАНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРЕДПРИЯТИЯ


Силлабус

Мамандық: 5В050600 «Экономика»

Оқу түрі: күндізгі


Курс

3

Семестр

6

Кредит саны

2

Сағат саны:

Дәрістер:



90

15


Іс-тәжірибелік сабақтар:

15

СОӨЖ:

15

СӨЖ:

45

Емтихан

6 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014
Силлабус 5В050600 – Экономика мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты 6.08.080-2010 негізінде «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасында дайындалды.


«Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Н.В. Краузе

____________________ж. №____ хаттама


Экономика және менеджмент факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

Төраға Р.П. Дрансейко
______________________ж. №____ хаттама
Дайындаған Н.В. Краузе

лауазымы профессор, э.ғ.к.

Т.А.Сулейменова


аға оқытушы

Норма бақылаушы Т.В. Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Кәсіпорын экономикасы» кафедрасы, Экономика және менеджмент факультеті (Г-3-211 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Краузе Нина Васильевна, профессор, э.ғ.к., «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының меңгерушісі; Сулейменова Толкын Асыпхановна, аға оқытушы.

Жұмыс телефоны: 540-206.

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушылардың жұмыс кестесі бойынша.


1 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ



1.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы
Нарықтық экономика шартындағы кез келген шаруашылық субъектісінің табысты қызмет етуі мен тұрақтылығы оның экономикалық қызметін тиімді жоспарлау жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Жоспарлау жеке шаруашылық бірлік қызметін жоспарлау және шаруашылық қатынастарды жоспарлау аясында қызмет етеді. Жоспарлау басқарудың орталық звеносы ретінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен шектелген ресурстарды пайдалану саласында нарықтық механизмдерді реттеу әдістері мен, нысандары және қағидалары жүйесін қамтиды.

Нарықтық экономика жағдайындағы жоспарлаудың мәні кәсіпорынның экономикалық мақсаты мен шаруашылық қызметінің нысанын ғылыми негіздеу, оларды жүзеге асырудың ең ұтымды әдістерін таңдау, нарық талаптарына сай келетін тауарлардың түрлері, көлемі мен мерзімдерін анықтау, клешекте болжалған сапалы және сандық нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік беретін шектеулі өндірістік ресурстард мүмкіндігінше толық пайдалану кезіндегі өндіру, бөлу және тұтыну көрсеткіштерін анықтауды білдіреді. Кәсіпорындағы нарықтық жоспарлау қазіргі заманғы маркетинг, өндірістік менеджменттің және шаруашылық жүргізудің барлық экономикалық жүйесінің негізгі қызметі ретінде қызмет етеді.

Кәсіпорындағы жоспарлы қызметің әдіснамасы, әдістері мен технологиясы жалпы жоспарлау аәнін құрайды. Кәсіпорынның жоспарлы қызметінің жалпы немесе қорытынды пәні ретінде жоспардың жобалары қолданылады. Оларды кешенді жоспар, тапсырыс, бизнес-жоспар және т.б. деп атайды.
1.2 Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Курсты оқыту мақсаты дамудың стратегиялық және қысқа мерзімді жоспарлау әдістерін және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін оқу болып табылады.

Студент бұл пәнді оқу барысында білуге міндетті:



  • кәсіпорын қызметі жоспарының құрамы мен құрлымын;

  • өндірістік қуат пен өндірістік бағдарламаны есептеу әдістерін;

  • кәсіпорындағы персоналдар мен еңбекақыны жоспарлауды;

  • өндіріс шығындарын, табыстар мен қаржылық нәтижелерді жоспарлауды;

  • жоғарыда көрсетілген пунктер бойынша есептеулер жүргізе алуы тиіс.


1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі:

Білім алушылар білуге тиіс: жоспарлаудың міндеттерін, негізгі қағидалары мен нысандарын; жоспарларды тиімділеуді; кәсіпорындағы жоспарлы жұмысты ұйымдастыруды; өнімді өндіруді және өткізуді жоспарлауды; кәсіпорын қызметінің ресурстық қамтамасыз етілуін жоспарлауды; кәсіпорындағы персоналдар мен жалақыны жоспарлауды; өндіріс шығындарын, табыстар мен қаржылық нәтижелерін жоспарлауды.



Дағдылары:

Білім алышулар дағдыралға ие болуы керек: маңызды жоспарлық көрсеткіштерді есептеу, өндірістік ресурстардың прогрессивтік техника-экономикалық нормативтері мен шығын нормаларын пайдалану, болжам жасау, өндірістік қуатты анықтау және кәсіпорының өндірістік бағдарламасын есептеу, еңбек бойынша көрсеткіштерді, өзіндік құнды және қаржылық нәтижелерді есептеу, операциялық және қаржылық бюджеттердің негізгі түрлерін әзірлеу.



Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады: нарықты зерттеу және сұранысқа ие тауарлар, жұмыстар мен қызметтер түрлерін және өндіріс көлемдерін анықтау; шығарылатын өнімге сұраныс пен ұсыныс динамикасын ішкі және сыртқы ортаның өзгерісі есебімен болжау; басқару объектісін үлгілеу, оның даму мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру, нарық жағдайы мен шектеулі ресурс шартындағы көздеген мақсатқа жетудің тиімді әдістері мен құралдарын таңдау; кәсіпорынның дамуының стратегиялық және қысқа мерзімді жоспарларын әзірлеу, оның экономикалық стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру; жоспарлау ережелері мен тәртібін әзірлеу және қолдану; кәсіпорын персоналдарының жоспарлық-экономикалық қызметі сферасындағы жұмыстарын үйлестіру; кәсіпорынның жоспарлық-экономикалық қызметінің нәтижелеріне талдау және бақылау жасау, оларды жақсарту бойынша жедел шешімдер қабылдау.


1.4 Пререквизиттер
Пререквизиттері (алдын-ала міндетті курстары): математика, информатика, микро - және макроэкономика, статистика, бухгалтерлік есеп, кәсіпорын экономикасы.
1.5 Постреквизиттер
Постреквизиттері: дипломдық жұмыс.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ



2.1 Тақырыптық жоспар

Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек

сыйымдылығы, сағ.



Ұсынылатын әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақ

Тақырып 1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың жалпы сипаттамасы: Нарықтық жоспарлаудың мәні мен қызметтері. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың міндеттері мен қағидалары. Кәсіпорын қызметін жоспарлау әдістері. Кәсіпорындағы жоспарлау үдерісі мен кезеңдері. Жоспарлар түрлері, олардың сипаттамалары, міндеттері. Кәсіпорын жоспарларының жүйесі және олардың байланасы.

1

[1], [4], [6], [10]

Тақырып 2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру:

Кәсіпорындағы жоспарлаудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жоспарлық бөлімдердің (командалардың) функциясы мен құрылымы. Жоспарлық жұмыстарды ұйымдастырудағы инженер-экономисттің орны мен рөлі. Жоспарлардың сапасы мен тиімділігін бағалау. Жоспарлаудағы тәуекел есебі: Тәуекел түсінігі. Тәуекелді анықтайтын факторлар. Тәуекел түрлері. Тәуекелді есептеу көрсеткіштері мен әдістері.

1

[1], [4], [5], [10]

Тақырып 3. Жоспарлаудың нормативтік базасы: Жоспарлау нормалары мен нормативтерінің түсінігі, олардың кәсіпорын қызметін жоспарлаудағы рөлі. Жоспарлы нормалар мен нормативтердің топтастырылуы және олардың сипаттамасы. Еңбек және материал нормативтері, олардың түрлері және белугенуі мен қолданылуы. Жоспарлы нормативтер мен нормаларды құру әдістері.

2

[1], [4], [6], [8]

1

2

3

Тақырып 4. Желілік жоспарлау: желілік жоспарлаудың мәні, міндеттеріжәне қағидалары. Желі түрлері. Желілік үлгіні құру. Желі кестелерінің жоспарлы параметрлерін есептеу. Желілік жоспарды талдау және үйлестіру.

1

[4], [6]

Тақырып 5. Іскерлік ортаны болжау: Іскерлік орта түсінігі, мәні және түрлері. Болжау және оның кәсіпорын қызметіндегі рөлі. Болжау типтері. Болжау түрлері. Іскерлік ортаны болжау әдістері. Экспертті бағалау әдістері. Трендті экстраполяциялау әдістері. Регрессиялық талдау әдістері. Жоспарлық есептеулерде экономика-математикалық әдістерді, есептеу техникасын және бағдарламалық қамдануларды пайдалану. Жоспарлауды тиімділеуде қолданылатын экономика-математикалық әдістерді топтастыру. Көліктік есептер класына жатқызылатын жоспарлау есептері. Кәсіпорының даму сценарийлері, олардың кәсіпорын қызметін жоспарлаудағы рөлі, сценарий түрлері және құру техникасы.

1

[4], [6]

Тақырып 6. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау: Стратегиялықжоспарлаудың мәні мен міндеттері, мазсұны мен құрылымы. Басты мақсатты жоспарлау және оның кезеңдері. Кәсіпорының сыртқы және ішкі мүмкіндіктерінталдау. SWOT талдау. Кәсіпорынның миссиясы мен мақсаттары жүйесін анықтау. Кәсіпорындағы стратегиялық талдау. Кәсіпорының даму стратегиясын қалыптастыру және оның саясаттары.

2

[1], [2], [4]

Тақырып 7. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау: Ағымдық жоспарлау кәсіпорынның пайдалану қызметін жоспарлаудың негізгі түрі ретінде. Кәсіпорынның ағымдық жоспары, оның мазмұны және жасаудың жалпы әдістемелері. Оперативті-өндірістік жоспарлау (өндірістік логистика) және өндірісті реттеу, өнімді (қызметті) өндіру мен өткізудің әртүрлі кезеңдеріндегі олардың мазмұны мен рөлі.

2

[4], [6]

Тақырып 8. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау: Кәсіпорынның операциялық (өндірістік) қызметін жоспарлау. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының міндеттері мен мазмұны. Өндірістік бағдарламаны жасаудың жалпы әдістемелері. Кәсіпорынның өндірістік қуаты. Өндірістік бағдарламаны орындауды ұйымдастыру. Кәсіпорын запастарын жоспарлау. Запастың тиімді мөлшерін, тапсырыс санын есептеу әдістемелері.

2

[4], [6], [16]




1

2

3

Тақырып 9. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау: Еңбек жоспарының міндеттері мен мазмұны, оны жасау тәртібі. Еңбек өнімділігінің өсуін жоспарлау. Жұмыс уақытының балансы. Санат бойынша жұмыс істейтіндердің санын жоспарлау. Еңбек ақының құрамы. Еңбек ақы қорын және санат бойынша орташа еңбек ақыны жоспарлау. Еңбек ақы қоры қаражаттарын шығындауға бақылау жүргізу. Инфляция есебімен жұмыкерлердің табыстарын индекстеу. Кадрлар біліктілігін кешендеуді, дайындауды және көтеруді жоспарлау.

2

[4], [6], [16]

Тақырып 10. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау: Өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру және өткізу шығындарын топтастыру. Өндіріс шығындарын және өнімнің (қызметтің) өзіндік құнын есептеу әдістері. Пайда мен рентабелділікті жоспарлау, жоспарлау көрсеткіштері мен әдістері. Бюджеттік жоспарлау негіздері.

2

[4], [6], [8]

Тақырып 11. Қаржылық жоспарлау: Қаржы жоспарының кәсіпорын жоспарының басқа тарауларымен байланысы. Қаржы жоспарының құрылымы, мазмұны және жасау алгоритмі. Айналым капиталына қажеттілікті анықтау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін жоспарлау.

1

[4], [6], [1]

Тақырып 12. Іскерлік жоспарлау (кәсіпорынның бизнес-жоспары): Бизнес-жоспар кәсіпорынды құру және дамыту негізі ретінде. Бинзнес-жоспарлаудың қызметтері, міндеттері, ерекшеліктері. Бизнес-жоспарды құру кезеңдері, құрылымы мен мазмұны. Кәсіпорында бизнес-жоспарды жүзеге асыру

1

[1], [3], [4]

Семинарлық (практикалық) сабақтар

Тақырып 1. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау. Стратегияны талдаудың портфельдік моделі: БКТ(Бостондық консалтингтік тобы)

1

[4], [1], [2]

Тақырып 2. Жоспарлауды тиімдеуде ЭММ және ДК қолдану. Есептер шешу.

1

[4], [1]

Тақырып 3. Өндірістік бағдарламаны жоспарлау

2

[4], [6],

[9]


Тақырып 4. Кәсіпорындағы қорлар деңгейін жоспарлау және бақылау

2

[6], [16],

[9]


Тақырып 5. Еңбек өнімділігінің өсуін жоспарлау

2

[4], [6], [7]

Тақырып 6. Еңбек ресурстарындағы қажеттіліктерді жоспарлау

2

[4], [6], [7]

Тақырып 7. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарлау

2

[4], [6], [7], [8]

Тақырып 8. Өндіріс тиімділігін арттыруды жоспарлау

2

[6]

Тақырып 9. Кәсіпорындағы экономикалық көрсеткіштерді (пайданы) ЭММ көмегімен жоспарлау және болжау.

1

[4], [6], [9]











1

2

3

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

1 Жоспарлар түрлері, олардың сипаттамалары, міндеттері.

1

[1], [2], [6] ,

2 Қалалық электркөлігі кәсіпорнының (трамвай паркі) және онымен көрсетілетін қызметтің қысқаша сипаттамасы. Маркетинг: келісім-шарттық міндеттер.

2

[11]

3 Жобаның операциялық жоспарын жасау: Сату көлемін, өндірістік бағдарламаны негіздеу

2

[11]

4 Жобаның операциялық жоспарын жасау: Материалды-техникалық ресурстарға қажеттілікті есептеу

2

[11]

5 Жобаның операциялық жоспарын жасау: Еңбек ресурстарына қажеттілікті есептеу

2

[11]

6 Жобаның операциялық жоспарын жасау: Қаржы ресурстарға қажеттілікті анықтау. Пайдалану шығындарының бюджеті

2

[11]

7 Жобаның операциялық жоспарын жасау: Өндірістік – пайдалану қызметінің негізгі көрсеткіштері

2

[11]

8 Операциялық жоспарды тиімдеу: Зиянсыздық моделі негізінде өндірістік бағдарлама жобасын талдау

2

[11]

9 Операциялық жоспарды тиімдеу: Тиімділік критерилерін (қызметтің мақсаттық көрсеткіштерін) анықтау

1

[11]


2.2 Өзіндік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)


Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың жалпы сипаттамасы

Нарықтық экономикадағы жоспарлаудың мәні мен орнын анықтау, кәсіпорындағы жоспарлаудың негіздерін айқындау

[1], [4], [6], [10]

1 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Глоссарий кұру.



2-апта

2. Кәсіпорында жоспарлы жұмысты ұйымдастыру


Кәсіпорындағы жоспарлаудың үрдістері мен оның кезеңдерін зерттеу

[1], [4], [5], [10]

1 апта

Реферат, презентация әзірлеу

2-14 апталар

3. Жоспарлаудың нормативтік базасы:

Материалдық нормативтермен танысу.

Жоспарлы нормалар мен нормативтерді әзірлеу әдістерін зерттеу



[1], [4], [6], [8]

1 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Глоссарий кұру.




3-апта

1

2

3

4

5

6

4. Желілік жоспарлау

Желілік графиктердің жоспарлы параметрлерімен танысу

[4], [6]

2 апта

Желілік график тұрғызу

5-апта

Тақырып 5. Іскерлік ортаны болжау

Болжамдау жүйесін құрастырудың негізгі қағидаларын талқылау, болжамдауды әзірлеудің кезеңдерін айқындау

[4], [6]

1 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Глоссарий кұру.



6-апта

Тақырып 6. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау:

Стратегияның типтері мен элементтерін анықтау. Стратегиялық жоспарлаудың технологиясымен танысу.

[1], [2], [4]

1 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Баяндамалар жасау



7-апта

Тақырып 7. Кәсіпорындағы ағымдық және оперативті жоспарлау:

Оперативтi-өндiрiстiк жоспарлаудың негізгі элементтер жүйесімен танысу, оларға қойылатын басты талаптарды айқындау

[4], [6]

2 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Есептер шығару



9-апта

Тақырып 8. Өнім өндіру мен өткізуді жоспарлау

Кәсiпорын өнімін өткізудегі маркетингтің рөлін анықтау. Кәсiпорынның өндiрiстік бағдарламасын әзірлеу (тактикалық кейс)

[4], [6], [16], [11]

2 апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Тактикалық кейсті қорғау.



11-апта

Тақырып 9. Кәсіпорында еңбекті және әлеуметтік дамуды жоспарлау

Еңбек өнімділігін жоспарлау, еңбек ақы жүйесін жоспарлау әдістемелерін зерттеу (тактикалық кейс)


[4], [6], [16], [11]

2апта

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.

Тактикалық кейсті қорғау.



13-апта

Тақырып 10. Өндіріс шығындары мен бағаны жоспарлау

Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, бағалауды жоспарлауға әсер ететін факторлар анықтау. Кәсіпорындағы өнімнің өзіндік құнын жоспарлау (тактикалық кейс)

[4], [6], [16], [11]

2 апта

Ауызша талкылау.

Тактикалық кейсті қорғау.



15-апта




    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі




Бақылау түрі

Оқытудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Қатысуы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектілері



















*






















*

Практиалық тапсырмалар

*

*




*




*




*




*




*




*

*

Реферат



















*



















*




СӨЖ тапсыру




*

*

*




*

*

*




*




*




*

*

Деңгейлік тесттілеу




*




*







*







*




*







*



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізгі әдебиеттер


  1. Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы: Учебно-методическое пособие – М: Финансы и статистика, 2005

  2. Бенке И.Ю. Стратегическое планирование в деятельности фирмы: учебное пособие / И.Ю.Бенке – Алматы: ТОО Издательство ЛЕМ, 2010

  3. Бизнес-планирование: учебник/ ред.: В.М. Попов, С.И. Ляпунов – М.: Финансы и статистика, 2009

  4. Бухалков М.И. Планирование на предприятии: Учебное пособие. – М: ИНФРА – М, 2010

  5. Горемыкин В.А. Планирование на предприятии: М.: Юрайт, 2012

  6. Ильин А.И. Планирование на предприятии. 2-е изд. - Мн.: Новое знание, 2004

  7. Котляров И.Д. Планирование на предприятии: учебное пособие – М.: Эксмо, 2010

  8. Кукушкин С.Н., Поздняков В.Я., Васильева Е.С. Планирование деятельности на предприятии: базовый курс для бакалавров, М.: Юрайт, 2012

  9. Симунин Е.Н. и др. / Планирование на предприятии: 3-е издание, перараб. и доп. М.: КНОРУС, 2010

  10. Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики: Учебное пособие (2-е издание дополнительное и переработанное) – Алматы: Экономика, 2004

  11. Краузе Н.В. Кәсіпорын қызметін жоспарлау: СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар, ШҚМТУ, Өскемен, 2013




    1. Қосымша әдебиеттер




  1. ҚР удемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің №958 Жарлығы 19.03.2010 – Астана, 2010

  2. Ниязбекова Р.Қ., Рахметова Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2008 ж.

  3. Красс М.С. Математические методы и модели: Учебник для магистрантов, Минск, 2006

  4. Краузе Н.В. Экономика жилищного хозяйства города: монография / Н.В.Краузе, Н.И.Китаева, Е.И.Чижикова, У-Ка: ВКГТУ, 2003

  5. Фатхутдинов Р.А. Организация производства: Учебник. – 2-е изд., перераб. И доп. - М.: Инфра-М, 2011

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:

  • сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100 балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:


Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер және ауызша сұрау

Ағымдық

тестілеу


Баяндама

СӨЖ тапсыру

Деңгейлік тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

1х7=7

2х7=14

10х2=20

10

8х4=32

17

100

Рейтинг 2

1х8=8

1,5х8=12

10х2=20

10

7х5=35

15

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)

мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;



Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:

Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған

4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәліметтер

Емтихан бағасы 0-100 балға дейін. Тестінің дұрыс жауаптары бойынша 1 сұрақ 5 балл. Тест 20 сұрақтан тұрады (20 сұрақ көбейтілген 5 балл бойынша =100 балл ).


Қорытынды баға жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептелінеді. Ол студенттің курстық теориялық және практикалық тарауын қалай меңгергенін көрсетеді.

Егер студент қойылған бағаға қанағаттанбаса, тәртіп бойынша аппеляция себебін айта отырып факультет деканының атына өтініш жазу; оқу барысында орындалған жұмыс, тапсырмаларды көрсету; белгіленген уақыт бойынша комиссияға ауызша немесе тест арқылы емтихан тапсыру. Комиссия құрамына: кафедра меңгерушісі, екі оқытушы енеді.
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет