КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 275
технология проблемного обучения. Применение новейших технологии повышают уровень
качества знаний, усвоить материал по предмету и расширяют возможности педагога по
преподаванию предмета.
Every person has his own life position according to the environment, to the working functions and
different things. Among these I prefer pedagogical position. Because only a teacher with a high
pedagogical position can achieve the success.
What should be the pedagogical position? Teacher shouldn’t only give their students education but
also to bring up a good person. There are many new technologies nowadays to achieve these aims. Using
modular teaching technology, development of critical thinking technology, support drawing technology
and problem-vased learning technology we can show the best results at the Kazakh language and
literature. It helps to deep understanding and interpretation of Kazakh language and literature.
Түйін сөздер: ұстаным, педагогикалық
ұстаным, жаңа технология, өз
-
өзіңді үйрет, зерттеу
жұмысы, нәтиже.
Ұстаным! Зерделей келсем, ұстаным дегенді әрқалай түсінуге болады екен. Азаматтық,
саяси, ....
Жалпы өмірлік ұстаным дегеніміз
-
нақты бір мәселеге көзқарас, позиция, ішкі қағида. Ал
осы өмірлік ұстанымнан әрбір адам өзінің қандай мамандық иесі болатынын анықтайды.
«Білім
-
қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына»,
-
деген қағиданы ұстанған
жан жақсы ұстаз болады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
оқушыларға әдеби
шығармаларды оқытқанда, ақын
-
жазушылардың жазу шеберлігіне, әдеби сөз
саптауына, шұрайлы көркем тіліне қатты мән береді. Осы арқылы қазақ тілінің шексіз бай,
кестелі тіл екенін ұғындырады.
Мұғалім болып мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстанған педагогикалық
ұстаным
-
ана тілі
-
ар өлшемі
-
болу керек. Иә, нақ өзі. Өйткені ана тілін құрметтемеу
–
мәңгүрттік.
Ана тілін құрметтемеген бала әдеби шығармалардан қалай нәр алып, көркем сөздің тұнығынан
қалай сусындайды?
Себебі ана тілі мен әдебиет
-
үндес.
«Әдебиеттің әлсіреуі ұлттың құлдырауын білдіреді»,
-
деген екен неміс ақыны Иоганн
Гете. Бұл пікірмен толықтай келісем. Өз ұлтының поэзиясынан от алмаған, прозалық, драмалық
шығармасынан рухтанбаған ұрпақ ұлт жанашыры болады дегенге сену қиын.
Ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов: «Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз
-
оқу» [
5,30],-
деген екен. Көзі қарақты, көкірегі ояу, тәлім
-
тәрбиелі жас ұрпақ
–
ұлт байлығы,
қымбат қазына. Осындай ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымының қолында. Өйткені ұстаз
-
қоғамның айнасы.
«Алдымен өзіңді
-
өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың, өзгелерге үйрете
аласың» деген нақыл сөз бар. Күннен
-
күнге ғылымның ғарыштап дамып, сәт сайын ақпараттың
өзгеріп отыратын заманында біліміңді толыстырып, ізденіс үстінде жүру маңызды.
«Ел есінде мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты
міндет
-
оқушылардың шығармашылық
білім дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін түрлі инновациялық технологияларды пайдалану
тәжірибеге еніп, өз нәтижесін көрсетіп келеді.
«Технология» сөзі гректің «teche»
-
өнер, шеберлік және « logos»
-
ғылым деген сөзінен
шыққан, яғни « шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Технология «Қалай нәтижелі
оқытуға болады?» деген мәселені қарастырады және мынадай технологияларды ұсынады:
1) Модульдік оқыту технологиясы
2)Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
3)
Дамыта оқыту технологиясы
4)Тірек
-
сызба технологиясы
5) Проблемалық оқыту технологиясы
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы»
-
оқушыларды өз бетімен жұмыс
істеуге, жүйелі білім алып, қорытынды жасауға, өзін
-
өзі, өзгені де бағалай білуге үйрететін
технология. Модульдік оқыту технологияның мақсаты оқу үрдісінде оқушының
шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу
болып табылады.