Подготовка учителя новой формации в республике казахстан – приоритетное направление деятельности высшего педагогического учебного заведения



бет2/13
Дата11.01.2017
өлшемі4,16 Mb.
#7180
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Нелишне будет отметить уникальность диссертационного совета К 14.61.09, в котором защищаются кандидатские диссертации по 4 педагогическим специальностям: 13.00.01 – общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика; 13.00.02 – теория и методика обучения и воспитания (музыка в системе начального, среднего и высшего образования); 13.00.03 – коррекционная педагогика (сурдопедагогика и тифлопедагогика, олигофренопедагогика и логопедия); 13.00.07 – теория и методика дошкольного образования. Следует подчеркнуть, что по трем последним шифрам защита возможна только в нашем совете.


Весь указанный комплекс наряду с реализуемыми образовательными программами ориентирован на подготовку Учителя новой формации, который по праву будет определять будущее страны, будущее нашей нации.

Вместе с тем, реализация поставленных задач перед системой профессионального педагогического образования, требует адекватного разреше-ния следующих проблем:



  • до настоящего времени не отработаны механизмы совершенствования кредитной системы обучения;

  • несмотря на то, что двухуревневая система подготовки педагогических кадров в стране уже действует, в обществе нет однозначного понимания статуса “бакалавра”, что затрудняет проблему его трудоустройства;

  • решение проблем поднятия престижа учителя в обществе сопряжено с разрешением прежде всего его социальных нужд, чего можно было бы добиться принятием в стране специальных подзаконных актов.

Эффективное решение этих задач определяется высоким уровнем профессионального образования, общей культурой и эрудицией педагога, его опытом, индивидуальностью, творческим отношением к собственному опыту и опыту других – всем тем, что стоит за профессиональной компетентностью и определяет учителя-мастера. Конечно, выпускник высшей педагогической школы еще не является учителем-мастером. Таковым ему предстоит стать. И вуз, в этом его ценность, создает необходимые предпосылки для личностного самоопре-деления и становления профессионально компетентного педагога.
мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру

Бастауыш сыныптарға оқулық жазудың

теориялық және әдістемелік мәселелері

Аймағамбетова Қ.А (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім берудегі орын алып отырған дағдарысты талдай келіп, "Шынайы демократияның болмауы және мемлекеттің біртұтас білім беру саясаты салдарынан Қазақстанда жаппай масылдық психология етек алды. Сол себепті мұғалімдер ғана емес, ғалым педагогтар да төл оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар жасаудан өздерінен-өзі шеттеп қалды" - деп көрсетеді. Шынында да осы кезеңге дейін қазақ мектептерінде негізгі пәндерден көбіне аударма түріндегі оқулықтар қолданылып келді.

1997 жылдан бастап жаңа талап, жаңа міндетке орай 1-4-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көре бастады. Мәселен, дүниетану оқулықтарын Республикада бұрыннан оқу - әдістемелік мәселелермен шұғылданып жүрген ғалым-әдіскерлер: Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов, К.Жүнісова, Н.Нұрах-метов, З.Ф.Олейник т.б. жазды.

Осы кезге дейін ТМД көлемінде мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылысына байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның ішінде оқулықтардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық мазмұнына байланысты мәселелермен айналысқан авторлар қатарында: Д.Д.Зуев, К.Сосницкий, Г.М.Донской, В.А.Онищук, К.Ф.Зайцева, И.Д.Зверевтерді атауға болады. Оқулықтардың теориялық, тәрбиелік мазмұны мен оның құрылысы жайындағы пікір таластары 1974 жылдан бастап жинақталып, жыл сайын “Проблемы школьного учебника” деген атпен (1974-1990 жылдар) жарық көріп отырды. В.Г.Бейлисонның 1986 жылы жарияланған “Арсенал образования” атты еңбегінде оқулықтағы оқу материалының құрамына біріншіден ұғым, екіншіден деректер, үшіншіден белгіленген әрекеттер (деректер мен ұғымдарды меңгеру үшін) енетіндігін көрсетеді. Осы үшеуінің оқулықтағы ара қатысын айқындау арқылы оқулықты білім берудің көзіне айналдыруға болатындығын дәлелдейді. Ұғым, дерек және белгіленетін әрекеттер әр пәннің мазмұнына байланысты белгілі бір жүйелілікпен беріледі. Мектеп оқулықтарының жазылуы жайында сөз еткенде оқулықтағы материалды беру жүйелілігіне байланысты мәселеге соқпай кететін авторлар кемде - кем.

Н.Сосницкий оқулықтағы оқу материалдарының берілуін бірнеше жүйеге бөледі. Олар тізбекті, сызықты, сатылық, мақсатты және қоршаған ортаға байланысты жүйелілік т.б. Осылардың ішінен тізбекті немесе сызықты жүйелілікте берілетін материалдар үнемі бірізділікпен алға қарай жылжи дамып, бір бағытта, бірінен біріне өтіп отыруға тиіс. Мұндай тура тартатын тізбектің бір бөлігін алып тастасаң, арасы үзіледі. Сондықтан да оның әр бөлімін есте сақтай отырып, келесі жаңа бөліммен міндетті түрде байланыстыра оқыту талабы туындайды. Мұндайда тізбек ішінен материалдың негізгі түйінін тауып, басқа ұғымдарын осыған бағындыра білу керек. Бұл бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай келе бермейді. Себебі, психологтардың пікірі бойынша - бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау көлемі тар, аумағы шағын. Сондықтан, тізбектің бір бөлімін ұмытса, басқа бөлімдерін меңгеру қиынға түспек.



Сатылық жүйелілік кейде психологиялық жүйелілік деп те аталады. Бұл жүйелілік бойынша материал оқушылардың даму кезеңдеріне (фазасына) қарай жекелеп, топтап, шағындап берілуге тиіс. Мұндай әр оқушының жеке ерекшелігіне лайықтап беруге біріншіден, оқулықтың көлемі көтермейді, екіншіден, бастауыш сынып оқулығы психологиялық даму деңгейлері бір-бірімен шамалас оқушыларға арналатын болғандықтан, материалды бөлшектеп беруге бой ұру қолайлы емес. Ал, оқушылардың жекебас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мұғалімге, оның қолданатын әдіс-тәсілдерінің түрленуіне, тиімділігінің артуына тікелей байланысты.

Бастауыш сыныптарға арналған оқулықтардың өзіне тән ерекшелігі бар. Соның бірі- бастауыш сынып дүниетану оқулығына енетін материалдарды беруде қоршаған ортаға байланысты жүйелілік жақын келеді. Қоршаған ортаға байланысты жүйелілікте оқушылардың оқу әрекеті тек логикалық операцияларды орындауға ғана бағытталып қоймай, оның эмоциялық жағы басым болмақ.

ХХ-ғасырдың атақты психологтері Л.С.Выготский және И.А.Васильева адам күшінің ең құдіреттісі эмоция екенін айтады. Сезім,эмоция адамның ішкі дүниесін тез арада баурап алып, сол арқылы қабылданған затқа, немесе құбылысқа қызығу, қуану, не өкіну, алаңдау т.б. әрекеттер пайда болып сыртқа шығады дейді. Зерттеуші психологтардың айтуына қарағанда адамның ми клеткасының 90 пайызы эмоциялық қызмет атқарады екен. Сондықтан, оқушылардың қоршаған ортаға байланысты материалдарды меңгеруі үшін олардың нақты қабылдауына мүмкіндік беретін заттар мен құбылыстарды өздері бақылап тікелей қатыса отырып, сезінуіне жағдай жасайтындай жүйелілікпен беру қарастырылады.

Материалды қоршаған орта жүйелілігімен беру оқушылар сезіміне, нақты қабылдауына, олардың эмоциялық көңіл күйіне әсер ететеді. Мұндай жүйелілік бойынша оқыту оқушылардың өмір тәжірибесіне, бақылауларына сүйенуге қолайлы болатындай қоршаған орта нысандарына негізделеді, осының нәтижесінде оқушылар түрлі оқу әрекеттерін өздігінен орындайды.

Бастауыш сынып оқулығында берілетін материалдарды үнемі бір ғана жүйелілікпен орналастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқулықтағы материал мазмұны спираль тәрізді қайталана отырып кеңиді. Сондай-ақ, оқулыққа енген материалдар қоршаған ортаға байланысты жүйелілікпен қоса кейде сызықтық, сатылық және мақсаттық, жүйеліліктерді аралас қолдана отырып та беріледі.

Мақсаттық жүйелілікті қолданғанда материалдың ғылыми мазмұнымен қатар оның практикалық мәні ескеріледі. Л.В.Вахидов “Оқушыларға үнемі дайын ақпараттарды берумен шектеліп отырмыз. Сондықтан олар дайын күйіндегі материалды артық күш жұмсап, талдап, ой қорытып жатпай-ақ тыңдап, ең қолайлы жағдайда көрнектіліктерді қарап қабылдаумен шектеледі” - деген пікір айтады. Біздің пікірімізше, оқулықтарға хабарлар жиынтығы емес, ғылымда айқындалған, ғалымдар талқысынан өтіп, қоғам дамуында қолданылып келген және болашақта үлкен ғылымды меңгеруге жол ашатын материалдар енуге тиіс. Сол материалдарды меңгеруде оқушылардың оқу әрекеттерін дұрыс ұйымдастырып, сезімдеріне әсер ететіндей дәрежеге көтеру, ғылыми тұрғыда қабылдауға жағдай жасау, олардың есінде сақтау процесін күшейту мұғалімінің шеберлігіне байланысты.

Оқушының қабылдауы негізінде оның психологиясына жан-жақты әсер етіп, ойлау, ой қорыту процестеріне материал жүйесінің тиімділігі қандай әсер етсе, оны оқытуды ұйымдастыра білуден оқушылар әрекетінің тиімділігі туады. Осы тұрғыдан алғанда дүниетану оқулығындағы материалдардың берілуіне мақсатты жүйеліліктің де қолданылуы орынды. Оқулыққа енген материалдардың мазмұнының сапасы оның жүйелілігіне тікелей байланысты. Материалды жүйелі беру арқылы берілетін білім жүйелілігін де қамтамасыз етеді. Жүйесіз қабылданған білімді, К.Д.Ушинский айтқандай-ақ, керек кезде тауып, өмірде қолдану да қиынға түспек.

Оқулық қай заманда да, сол тұстағы ғылым жетістіктерін, мәдениет және әдебиет деңгейі мен халқының салт-дәстүрін оқушыларға жеткізетін, білім беретін негізгі құрал болып табылады. Білім негіздері ұрпақтан-ұрпаққа оқулықтар арқылы беріліп келеді. Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан өтіп, ғылымға айналған шындықтар ғана енеді. Оқулыққа енетін материалдар ғылыми шындық болғандықтан, мұны меңгеру үстінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттерінің басым болуына жағдай туады.

Д.Д.Зуев оқулыққа байланысты басты идеологиялық, психологиялық, логикалық, лингвистикалық, әдістемелік, дидактикалық, эстетикалық, полиграфиялық, экономикалық талаптар қойып, оларды кең көлемді принцип-критерийлері ретінде ұсынды. Республикамызда оқулық жайында еңбек жазып, оны зерттеу көздеріне айналдырған ғалымдар да баршылық. Олардың қатарына А.Қ.Құсайынов, Ә.Асылов, К.Н.Мамырова т.б. атауға болады.

"Дүниетану" пәні бойынша бастауыш сыныпта оқушыларға білім беруде ең негізгі құрал оқулық екенін ескере отырып, оқулықта берілген материалдардың оқушылардың дүниетанымын дамытуға ғылыми түсінігін қалыптастыруға, тәрбиелік және дамытушылық жақтарын күшейтуге баса көңіл бөлінеді.

Бастауыш сыныптан бастап түрлі атауларды, деректерді, табиғат заңдылықтарын, оның құбылыстарын теориялық тұрғыдан ұғындырып, білімді меңгерудің әдіснамалық жолдарын бала бойына сіңіру оқулықтағы материалды меңгеру негізінде жүзеге асады. Дүниетану оқушыларға адам, табиғат, қоғам жайында білім бере отырып олардың арасындағы байланысты ғылыми тұрғыда ұғындырады. Бастауыш сыныптың өзінде-ақ оқушылар заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бақылап түсіне бастайды.

А.В.Усова ғылыми ұғымды қалыптастыру жолдары туралы пікірінде білім беретін ғылым салалары оқушыларға ғылыми деректерді, түсініктерді, заңдарды міндетті түрде меңгерту арқылы әр ғылымның теориясынан оларды хабардар етуге тиістігін айтады. Яғни, ғылыми түсінікке негіздеу оқулықтар мазмұнының басты міндеті.

“Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның, қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты екені белгілі” - дейді белгілі философ Д.Кішібеков. Басқаша айтсақ, адам тіршілігінің көзі - табиғат. Осы табиғат заттарын танып-білу арқылы адам оған әсер етеді. Мұндай жетістікке олар бақылау жүргізу, ой қорыту арқылы, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.

Қазақ мектептеріне арналған оқулық тілінің әдеби ерекшеліктерімен (ана тілінде, тартымдылығы, түсініктілігі, көркемділігі, эмоциялығы, т.б.) қатар ұғымның ғылыми тілде берілуі үлкен ізденісті керек етеді. Бірақ осы кезге дейін республикада бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар тілі жайында, жалпы оқулықтар жазудың тілдік мағынасы тұрғысында зерттелген еңбек жоқтың қасы.

Дүниетану оқулығының тақырыптары жеңіл түрде берілгенмен, ғылыми тілді қолдануды керек етеді. Осы тұста Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С.М.Исаевтың “Оқулық қалай жазылады” деген мақаласына жүгінеміз. Автордың пікірінше оқулық үш түрлі деңгейдегі адамдарға (оқушы, мұғалім, ата-ана) арналады.

Оқулық жазғанда оқушының әлеуметтік тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін, өздігінен ізденуіне жол ашатын, ой елегінен өткізуге жағдай жасайтын материалдарды қамту мәселелері көзделеді. Психолог М.М.Мұқанов “Оқыту - бұл білім беру және білімді тиісті жағдайда қолдануға үйрету” - дейді.

Бастауыш сынып оқулығына ғылыми деректерді енгізумен қатар олардың мәтін ретінде берілу, яғни, баяндалуын әр түрлі деңгейде (әңгіме, деректі баяндау, ғылыми мақала, тапсырмалар, ескертпелер т.б.) жүзеге асыру жағы қарастырылады.

Оқулықтағы материалдардың оқушылардың ой операциясына түрткі болуы қажетті жағдай. Берілген ғылыми ұғымды оқушылар ой толғау барысында ғана меңгере алады. Оқыған материалдарды меңгеру үшін талдау, топтау, салыстыру, нақтылау, абстракциялау т.б. арқылы ой елегінен өткізу керектіктен, мазмұнның соған лайықты болу жағы қарастырылды, сөйтіп, ойлау процесін туғызу, оқулықтағы мәтін мазмұнымен байланысты екендігі ескеріледі.

Оқушыларға берілетін білім үнемі біртіндеп тереңдеп, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтастықта үзілмей беріле отырып, көлемі кеңейіп, мазмұны тереңдей түседі.

Оқулықта берілетін түрлі суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар, сызбалар, яғни, оқулықтың әдістемелік аппараттары тартымды және жеткілікті болған жағдайда ғана тақырып мазмұны сол пәннің мақсатын аша алады. Оқулықта берілетәін сұрақтар мен тапсырмалар бірнеше деңгейде қарастырылады да, оқушылардың ойлануына, ой тұжырымдауына, өткен материалдар мен жаңаны байланыстыруына, қоршаған ортаға күнделікті бақылау жүргізуіне, бақылау нәтижелерін қортындылауына, тәжірибелер, шығармашылық әрекеттер жасауына осылардың нәтижесінде мәтінді саналы меңгеруіне жағдай жасайды.
Түйіндеме

Мақалада осы кезге дейінгі оқулық жазуға байланысты жүргізілген Отандық және шетелдік ғалым-педагогтардың зерттеулеріне талдау жасай отырып, «Дүниетану» пәнінің негізінде бастауыш сыныптарға оқулық жазудың теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье на основе анализа исследовательских работ отечественных и зарубежных ученых­ – педагогов, авторов учебников раскрываются теоретические и методические основы написания учебника на примере учебника «Познание мира» для начальной школы.




БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ МЕН ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Әмірова Ә.С. (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық пен гуманистік қарым-қатынас олардың өзара шығармашылық іс-әрекетінде іске асады. Ынтымақтастық идеясы біріккен ізденісті ынталандырады, бір жағынан оқушының қиындылықтарды жеңудегі өз күшіне деген терең сенімділігін тұрақтандырса, екінші жағынан мұғалімнің өз оқушыларының рухани күшіне деген сенімін көрсетеді.

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетіндегі шығармашылықтың бастауы оқытудың ішкі мүмкіндіктерін ашады, мектептегі бүкіл оқу-тәрбие үрдісін жаңа деңгейге көтеріп, педагогикалық идеялар мен технологияларды жаңартады.

“Шығармашылық” сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес, оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесінің негізінде оған жаңа, белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни, оқушының танымдық іс-әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі өлшемдері: дербестік (толық немесе жартылай); ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау (толық немесе жартылай көлемде); мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау (толық немесе жартылай түрде).

Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың төмен, орташа, жоғары деңгейлері анықтайды. Шығармашылық іс-әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажеттіні ала алмаса, дербес ізденбесе нәтижеге жетуі мүмкін емес. Кез-келген шығармашылық іс-әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын ала көру жатыр. Сондықтан, оқушылардың теориялық материалды шығармашылық деңгейде меңгеруі, оған болжам жасауды қажет етеді. Мұндай болжамның қарапайым түрі сөзжұмбақтағы сөздерді іздестіріп табу, бұл ізденістер бұрынғы меңгерілген білімге негізделеді.

Жаңа білімді меңгерудегі ақпаратты болжау, оны алдын ала білу екі циклға бөлінді. Бірінші циклдың мәні мида ақпараттың пайда болуы, екінші циклдың мәні ақпаратты ауызша не жазбаша жеткізу. Сөзжұмбақты оқушы меңгерген білімін есіне түсіру, жаңғырту арқылы шешеді, сондықтан болжам еске түсіре алушылықтың негізінде ғана мүмкін.

Қазіргі кезде зерттеу әдісі, проблемалық тапсырмалар, проблемалық ситуациялар және де тұтастай проблемалық оқыту белсенді үгіттеліп оқу үрдісіне енгізіліп отыр. Проблемалық оқытуды іске асыру мақсатында жаңа әдістемелерді қарастыру қажет. Сондай әдістемелердің бірі оқушылардың теориялық материалды игеруін еске түсіру мен болжамды қиюластыру негізінде құру.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті күрделі де ауқымды құбылыс. Оның құрамында іс-әрекеттің мақсаты мен міндеті, мазмұны, деңгейлері, тәсілдері мен амалдары, нәтижелері енеді. Оқушының танымдық іс-әрекетін жемісті басқару үшін мұғалім болжамның басты міндеттерін өзі жақсы білуі қажет.

Оқушы ақпараттарды есіне түсіргенде оның алдында мынадай міндеттер тұрады: а) тану, ақпаратты түсіну, ой елегінен өткізу; ә) жүйелеу, маңыздыны, бастыны таңдап алып, оны есте сақтау; б) алған білімін есіне түсіріп, оны практика жүзінде қолдану.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытудың педагогикалық болжамы есіне алу деңгейінен есіне алу – шығармашылыққа, есіне түсіру – шығармашылықтан, шығармашылық деңгейге өтуді дәл есепке алуы керек.

Теориялық материалды шығармашылық деңгейде игеру үрдісінің әрбір болжамдық кезеңінде оқушылар сәйкес операцияларды орындай алуы керек. Алғашқы болжамдық кезеңде көру, ұстап көру операциялары, ойлау операциялары (салыстыру, талдау, жинақтау) және пәндік. Екінші болжамдық кезеңде білімді ауызша жеткізу іске асады, сол себепті негізінен сөздік – логикалық операциялар орындалады. Бұл операциялар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан олар бірін-бірі толықтырып отырады.

Психология ғылымы бойынша адамның танымдық іс-әрекетінде өндірген білімді ауызша жеткізу кезеңі маңызды роль атқарады. Бақылаулар көрсеткендей барлық жоғары психикалық үрдістер осы кезеңде толық және терең дамиды. Мысалы, ғалымдарды бақыласақ, жазған кезде олар сыртқы дүниеден өздерін бөлектеп осы үрдіске тереңінен енеді, ой қойнауынан жаңа мәліметтерді шығарады.

Б.И.Коротяев шығармашылық іс-әрекеттің ара қатынасының басты заңдылықтарын негіздеді:

1) еске түсіру мен шығармашылық таным тұтастықтың екі дербес буыны, еске түсіру дайындық буыны болса, ал шығармашылық негізгі буын.

2) бұл екі таным тұтастық арақатынасқа тән элементтері бар, бірінші буында шығармашылық элемент болса, екінші буында еске түсіру элементі болады.

3) бұл екі танымдық іс - әрекет арасындағы шекара шартты, екі таным өзара кірігіп жатады /1/.

Мектеп өмірінде шығармашылықты үздіксіз білім беруді іске асыруда оқушылардың негізгі іс-әрекеттерінің (оқу-танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық) тиімді арақатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік сұраныстарына, мектеп бітірушілер жан-жақты даярлығының деңгейіне қойылатын жоғары талаптармен айқындалды.

Егер оқу жоспары бойынша оқушылардың негізгі іс-әрекеттерінің байланысын сағатпен өлшеп көрсек, шартты түрде мынадай арақатынасты көруге болады: оқу-танымдық іс-әрекет басым, ол 80% құрайды, ал қалған 20% басқа іс-әрекеттерге біркелкі бөлінбейді.

Бұдан көріп отырғанымыздай, оқу-танымдық іс-әрекетке бөлінген уақытты азайтып, басқа іс-әрекеттердің сағатын көбейтуге болады. Мектеп өміріне: тәрбиелеу мен оқытудың формалары мен әдістеріне, басқару мен өзін-өзі басқаруға, күн режиміне, өзара қарым-қатынасқа рухани шығармашылық бастауларын енгізу бүгінгі күннің талабы.

Бірақ негізгі іс-әрекеттердің тиімді арақатынасын ешкім анықтаған жоқ, бұл сұраққа жауапты ұзаққа созылған ғылыми-педагогикалық қалыптастыру эксперименті ғана бере алады деп есептейміз. Тиімді варианттардың теориялық моделін Н.Н.Скаткин, Э.Г.Костяшкин, Б.С.Гершунскийдің және олардың шәкірттерінің еңбектерінен көруге болады.

Оқушылардың негізгі іс-әрекеттері мына циклдар арқылы іске асуы қажет: ғылым негіздері және оқу-танымдық іс-әрекеттер; моральдік негіздер және адамгершілік қарым-қатынас; мінез-құлық тәжірибелері; эстетикалық негіздер және эстетикалық іс-әрекет тәжірибелері, оның қолданбалы түрлері мен жанрлары; еңбек негіздері және қоғамдық пайдалы іс-әрекет тәжірибелері; физкультура және спорт негіздері, спорттық іс-әрекет тәжірибелері. Әрине, бұл үрдіс күрделі және ұзаққа созылады, бірізділікті талап етеді. Сондықтан циклмен оқытуды біртіндеп енгізу керек, әуелі 1-сыныпқа, оқушылар жинақтаған тәжірибенің негізінде эксперименттік вариантты 2-сыныпқа қоюға болады; осындай бірізділік жоғары сыныптарда да сақталуы қажет.

Жаңашыл педагог Ш.Амонашвили оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың дүниетанымын, моральдік қасиеттерін тәрбиелеу керек және оқушыларға мектепке келген күннен бастап өмір тәжірибесін үйретіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оларды еңбекке баулу қажет, - деп есептеді /2/.

Шығармашылық рухты мектеп өміріне енгізу мұғалімнің кәсіптік даярлығына, азаматтылығына, шығармашылығына байланысты. Олай болса, осындай мұғалімді даярлау бүгінде педагогикалық оқу орындарының үлесінде.

Болашақ мұғалімді кәсіби және жалпы білімдік даярлаудың өзіндік аспектісін қамтиды. Соның бірі – психологиялық-педагогикалық пәндерді оқу жүйесінде студенттердің психологиялық-педагогикалық білім, білік және дағдылардың арнайы жиынтығын меңгеруі және барлық оқу жылдарында педагогикалық практиканы ұйымдастыру болып табылады. Бұл бағытты кәсіби мамандар педагогика, жеке әдістемелер және психология кафедралары іске асырады.

Зерттеуші ғалым В.В.Шахгулари жоғары оқу орнында мұғалім даярлауды қайта құрып жетілдірудің төмендегідей стратегиялық бағыттарын көрсеткен:



  • қайта құрудың жалпы мақсатына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қайта жасаудың негізінде студенттердің оқу, кәсіби, қоғамдық іс-әрекеттердің күн тәртібі мен тынысын, ырғағын өзгерту;

  • студенттердің, оқытушылардың, барлық бөлімшелер жетекшілерінің кәсіби және қызметтік құқығын, дербестігін, жауапкершілігін кеңейту; ұжымда шығармашылық ахуал тудыру; осының негізінде жаңа дәстүрлер, жаңа ұрпақ қалыптастыру;

  • деканаттар, кафедралар, оқытушылар мен студенттердің кәсіби функцияларын қайта бағдарлау; қағаз бастылықты жою;

  • студенттер және оқытушылар ұжымының іс-әрекеттерінің құндылық бағыттары мен өлшемдерін өзгерту; алдыңғы қатарға идеялық-адамгершілік және кәсіби құндылықтарды, іске деген шығармашылық қарым-қатынасты шығару.

Сондай-ақ, автор оқытушылардың студенттермен жұмыс жүргізудегі іс-әрекеттерінің соңғы нәтижелерін анықтайтын негізгі өлшемдері мен құндылық (тұспалдар) бағыттарын ұсынады:

  1. Идеялық-адамгершілік мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;

ол адамгершілік сынау нәтижелері бойынша анықталады, оның мазмұны, күрделілік, дәрежесі қайта құру барысында жасалады, дамытылады;

  1. Интеллектуалдық мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;

ол бақылау тапсырмалары мен шығармашылық есептерді орындау нәтижелері бойынша жалпы анықталады, оның мазмұны мен көлемі қайта құру барысында жасалынып дамытылады;

  1. Кәсіби мүмкіндіктердің қалыптасу деңгейі;

ол арнайы кәсіби тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша анықталады, мазмұны күрделілік дәрежесімен, көлемі жеке дамытылады.

  1. Студенттердің денсаулығы (1 курстағы деректермен бітірушілердің денсаулық жағдайларын салыстыру) /3/.

Барлық тапсырмалардың орындау нәтижелері студенттердің кәсіби іс-әрекетке даярлығының дәрежесі мен деңгейін анықтайтын негізгі өлшемдері болып табылады. Тапсырмалар мазмұны факультеттің профилін ескере жасалынады.

Қайта құрудың ортасында студенттің жеке тұлғасы болады, талаптардың жалпы жүйесінде мынадай логика орнығады: әр студент кепілді ең аз төменгі деңгейден, жеке дара мүмкіндіктің жоғары деңгейіне дейін көтеріледі. Міне, осындай даярлықтан өткен студент яғни болашақ мұғалімдер оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра алады деп санаймыз.

Мұғалім мен оқушылардың біріккен шығармашылығының аймағы шексіз: қалыптасқан өмір салты және қоршаған жағдайлардың өзгеруі, қайта құру, көркемдік құндылықтарды жасау, өнертапқыштық пен құрастыру іс-әрекеті, оқушының танымдық іс-әрекеті және мұғалімнің білім берушілік іс-әрекеті. Соңғы аймақ ерекше, себебі ол мұғалімнің де, оқушының да уақытының көбін алады. Мұнда шығармашылықтың ауқымы да өте кең, есеп шығарудан бастап оқушылардың өздерінің шығарма жазуына (материалдарды құрастыру) дейін; жеке дара шығармашылықтан ұжымдыққа дейін және керісінше, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формаларын өзгертуден құндылық бағдарлардың, өлшемдерінің өзгеруіне дейін көтеріледі. Қайта құрудың мәні осында.

Бұл тұрғыда В.Ф.Шаталовтың шәкірті В.М.Шейманның тәжірибесін атап өтуге болады. В.М.Шейманды қайталау мүмкін емес, сол сияқты ол өз-өзін де қайталамайды, себебі ол әрдайым ізденіс үстінде: өзін жөндейді, толықтырады, қайта құрады, ойлап табады:



  • мұғалімнің әр сабақта оқушыларды дүниені бөлшектемей тұтас қабылдауға үйретуі, баулуға тырысуы;

  • мұғалімнің мақсаттық ұстанымдарының тұрақтылығы мен негізділігін сәйкестендіру, оны іске асыруда түрлендіріп отыру;

  • теорияны меңгеруде, есеп шығаруда оқушыларды мақсатты және жүйелі түрде гностикалық аппаратта үйрету (есеп шығару технологиясы);

  • оқушылардың өмірлік тәжірибесіне сүйену, ынталандыру.

Біз шығармашылық рухы жоғары осындай мұғалімдердің іс-тәжірибесін қолдай отырып, өз тәжірибесінде шығармашылықтың қиындығы мен қуанышын басынан кешірген, шаршамай-талмай ізденетін және өз оқушыларын осы ізденіске жұмылдыра алатын рухани бай мұғалім дайындау қажет деп санаймыз.
әдебиеттер

  1. Коротяев. Б.И. Учение – процесс творческий. -М., 1989г. 141-143с.

  2. Амонашвили. Ш.А Школа жизни. А., 2002. 47- 49с.

  3. Шахгулари. В.В. Подготовка будущих учителей творческой дейятельности в школе. -А., 2002. 292с.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетіндегі шығармашылық бастаулар сөз болады. Тұлға дамуында шығармашылық ерекше роль атқарады. Біздің пікірімізше мұғалімнің оқушымен бірлескен іс-әрекеті ғана әр бір оқушының шығармашылығын дамыта алады.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются вопросы творческого начала учителя и учащихся. Огромную роль в развитии личности играет творчество. По мнению автора только совместная деятельность ученика и учителя дает возможность развитию творческого начала.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет