ПОӘК 042-14. 01. 20. 168/02-2013 02. 09. 13 ж. №1 басылым



бет5/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,33 Mb.
#12846
1   2   3   4   5

2. Фигураның ауданын табуға берілген есептер

2.1. Фигураның ауданын палетканың көмегімен табуға берілген есептер

Квадрат сантиметрлерге бөлінбейтін — еркін пішіндегі дөңгелектер, сопақшалар сияқты фигуралар көрсетіледі; толық емес шаршылар шығады. Содан кейін еркін пішіндегі фигуралардың аудандарын өлшеуге арналған арнайы құрал көрсетіледі — ол палетка деп аталады — квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина (10x10). Ауданды өлшеу үшін ол фигураның үстіне салынады («М— 3», 77-бет). Палетканы қолдану тәсілі және ауданды есептеу үлгісі көрсетіледі: толық шаршылар санына толық емес шаршылардың жартысы қосылады — бұл фигураның ауданы. Мысалы, толық шаршы сантиметрлер саны 6, ал толық емес шаршы сантиметрлер саны 14 болсын, онда фигурының ауданы:

6 см2 + 14:2 см2 = 13 см2

2.2. Тік төртбүрыш пен шаршының аудандарын табу ережелері

Тік төртбұрыштың үзындығы 4 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың ауданы

4 ∙ 2 = 8 (см2) немесе 2 ∙ 4 = 8 (см2)

Ереже: Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек («М- 3», 82-бет).

Оқушылар өз беттерімен шаршының ауданын табу ережесін түсіндіреді: шаршы қабырғасының ұзындығын өзін-өзіне көбейту қажет немесе шаршы қабырғаларының квадратын табу керек.

2 ∙ 2 = 2 2 = 4 (см2)

2.3. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы

Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы туралы түсінік үшінші сыныпта енгізіледі:

– Берілген екі үшбұрыштан тік төртбұрыш қүрастыр және оның ауданын тап:

4 ∙ 3 = 3 ∙ 4 = 12 (см2)

– Осы үшбұрыштың ауданы туралы не айтуға болады? Оның ауданы қабырғалары 4см және 3 см болатын тік бұрышты төртбұрыштың ауданының жартысына тең:

(4 ∙ 3): 2 = 12: 2 = 6 (см 2)

2.4. Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу

Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша аудандарын табу арқылы табу үшінші сыныпта қарастырылады.

Мысалы, №5 (М-3,с.169) трапецияның ауданын табу үшін оны шаршы мен тік бұрышты үшбұрышқа бөлеміз де, олардың аудандарын табамыз:

S = 4 ∙ 4 = 16 (см2)

S= (4 ∙ 3): 2 = 12 : 2 = 6 (см2)

Sтр = S + S = 16 + 6 = 22 (см2 )



3. Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемін табуға берілген есептер

Текшенің көлемін табу үшін көбейткіш ретінде оның қырының ұзындығын үш рет алу және көбейтіндінің мәнін табу керек, яғни ұзындығын еніне көбейту, көбейтіндіні биіктігіне көбейту немесе қырының кубын табу керек 23 = 8 (см3)






2см

2см

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін оның ұзындығын еніне көбейту керек. Сонда шыққан көбейтіндіні биіктігіне көбейту керек:

(4 ∙ 2) ∙ 1 = 8 (см3).


1см



2см



4см


Тексеру формасы – жазбаша жұмыс

Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2000-2004.

6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.

5. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.

6. «Вестник СГПИ» журналы, №2 (3) Семей, 2005 ж. 101-106 бет.

7. «Вестник СГПИ» журналы, №2 (5) Семей, 2006 ж. 108-111 бет.
21 - тақырып

Сыныптан тыс сабақтың жоспарларын дайындау

Мақсаты:

- бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстың өзгешілігін және математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарын дайындауды білу.



Құрал – жабдықтар:

математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарының үлгілері.



СОӨЖ тасырмасы:

сыныптан тыс сабақтың жоспарларын құру.



Әдістемелік нұсқау:

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете тусу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінін әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға (жұмыстарға) тарту; соның аркасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген суйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі — еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу щапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Кластан тыс жұмыс үшін мұғалім шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі — ол матеатикалық ойын-есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мунда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Алайда қызықтыратын форманы пайдалана отырып, мынаны есте ұстау керек: егер мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себі тисе ғана ол кұнды болмақ.

Муғалім сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, ол белсенділікті, инициатива және оқушылардың өз бетінше жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей, мұқият ойластыруы тиіс.

Муғалімдер тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың алуан түріне бай. Бұл сыныптан тыс сабақтар математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері, математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады.

Сыныптан тыс сабақтар, немесе кейде оны «қызықты математика сағаты» деп атағаңдай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін. Мүндай сабақ айына 1—2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен ол сабақтағы жұмыспен байланысты болуы тиіс, алайда мұнда қиынырақ есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептер, мысалдар шешу үшін түрлі әдістер пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадраттарды толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу т. б. ұсынылады. Бүл материалмен жұмысты қимылды және тыныш ойындар формасында ұйымдастыруға болады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылса, балаларға өте әсерлі болу үшін ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе тіпті жақсы.

Сыныптан тыс сабақтың жоспарының схемасы:


  • сабақтың тақырыбы;

  • сабақтың мақсаты;

  • безендіруі;

  • сабақтың жоспары;

  • қолданылған әдебиеттер.

Тексеру формасы – Сыныптан тыс сабақтың жоспарларын ауызша қорғау.

Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

4. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.



22 - тақырып

Сыныптан тыс сабақтардың үзінділерін өткізу және талдау

Мақсаты:

- Сыныптан тыс сабақтарға қойылатын талаптарды және қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.



Құрал жабдықтар:

сыныптан тыс сабақтардың жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер.



СОӨЖ тасырмасы:

Сыныптан тыс сабақтардың үзінділерін өткізу және талдау



Әдістемелік нұсқау:

Сыныптан тыс сабаққа талдау жасау үшін сабақты талдау схемасын және сабақтың барысын жазуды білу қажет.



    1. Математикадан сыныптан тыс ісшараларды талдау схемасының үлгісі

  1. Ісшара жайлы жалпы мәліметтер.

  1. Сынып, ісшара өткізген студенттің аты-жөні.

  2. Ісшараның мақсаттары.

  3. Ісшараның таңдауы неге негізделген: сыныптың, мектептің дәстүрлеріне, сыныптың тәрбие жұмысының жалпы жүйесіне.

  1. Ісшара дайындығының талдауы.

  1. Ісшараны ұйымдастырушы (мұғалім, оқушылар).

  2. Ісшараны таңдау барысында оқушылардың қызығушылығын еске алуы.

  3. Ісшараны жоспарлау мен дайындаудың ерекшіліктері.

  4. Ісшараны дайындау процесінде оқушылардың жаңа ұғымдар туралы түсініктерінің қалыптасуы.

  5. Ісшараны дайындау барысында оқушылар ұжымының бірлігіне тигізген әсері.

  6. Ісшараны дайындаудағы белсенділердің ролі.

  1. Ісшараны талдау:

  1. Оқушыларды ұйымдастыруы.

  2. Оқушылардың қызығушылығын оятуы.

  3. Ісшараны дайындауға және өткізуге мұғалім тұлғасының әсері.

  1. Ісшараның қортындылары:

  1. Жұмыстың идеялық және тәрбиелік қүндылығы;

  2. Ісшараның оқушылар ұжымының арықарай дамуына әсер етуі;

  3. Ұжымдағы қарым – қатынасты дамытуға, ісшараның жоспарына кірген құбылыстарға қызығушылығын оятуы;

  4. Ісшараның сапасын төмендеткен әдістемелік қателер мен кемшіліктер, оларды жоюдың жолдары.

СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау

Нәтижесі – сыныптан тыс сабақтарға талдау жазылған дәптер.

Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау.

Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

4. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.


ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ НҰСКАЛАРЫ

1. Тіктөртбұрыштың және шаршының қасиеттері оқылады:

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

2. Айырмалық салыстыруға берілген есептер алғаш оқылады:

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

3. Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны негізгі бөліктерден құрылады:

A) теріс емес бүтін сандар нумерациясы; арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; шамалар және оларды өлшеу; алгебра элементтері; геометрия элементтері; есеп және оны шешу процесі;

B) арифметика, алгебра, геометрия, логиканың элементтері, информатиканың элементтері;

C) есептерді шешу; арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері; алгебра және геометрия элементтері;

D) миллион көлеміндегі сандар нумерациясы, арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру; есеп және оны шешу процесі;

Е) арифметикалық материал, алгебралық материал, геометриялық материал, шамалар, есептер.

4. Есептің түрін анықта:

Бір метр сәтен 90тенге, ол бір метр жібектен 3 есе арзан. Бір метр жібек неше теңге тұрады?

A) санды бірнеше есе кеміту;

B) санды бірнеше есе арттыру;

C) тиісінше бөлу;

D) бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға арналған есеп;

Е) сандарды еселік салыстыру.

5. Дамыту сипатындағы жаттығулар оқулықта қай түспен беріледі?

A) қызыл түс;

B) көк түс;

C) жасыл тус;



D) қара түс;

Е) сары түс.

6. Егер жылдамдық пен қашықтық белгілі болса уақытты қалай табамыз?

A) жылдамдықты қашықтықка көбейтеміз;

B) қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз;

C) жылдамдықты қашықтық бөлеміз;

D) қашықтықты жылдамдыққа көбейтеміз;

Е) жылдамдыққа қашықтықты қосамыз.

7. Бөлу амалының мән - мағынасы ашылады:

A) тиісінше және теңдей бөлуге арналған жай есептерді шығару барысында;

B) қалдықты табуға арналған есептерді шығару барысында;

C) қосу кестесін құру барысында;

D) көбейтудің кестесін құру барысында;

Е) үлесі бойынша санды табуға арналған есептерді шығару барысында.

8. Қалдықпен бөлу қарастырылады:

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

9. Таблица бойынша есептін түрін анықта:

бағасы

саны

құны

бірдей


6 дәптер

4 дәптер


теңге

A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі;

B) пропорционал бөлуге арналған есеп;

C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі;

D) қозғалысқа байланысты есеп;

Е) белгісіз қосылғышты табуға арналған есеп.

10. Екі таңбалы сандардың жазбаша нумерациясы құрастырылады:

A) цифрдың мәні сандағы орнына байланысты принципіне сүйеніп;

B) арнайы белгілеулерді енгізу арқылы;

C) көрнекі кұралдардың көмегімен;

D) таблицаның көмегімен;

Е) дидактикалық ойындардың көмегімен.

11. Балаларға көбейту кестесін терең меңгерту үшін қажет:

A) атаналардан үйде балалармен бірге көбейту кестесін жаттауға өтіну;

B) жағза тапсырма беру – алдын ала көбейту кестесін жаттау;

C) әр сабақта көбейту кестесін тексеруге арналған жұмыс беру;

D) көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларын сыныпта орындалатын және үйге берілетін әр түрлі тапырмаларға еңгізу, балалардың кестені есте сақтау әрекеттерін белсендіру;

Е) көбейту кестесін әр сабақта басында қайталау.

12. Қосындыны санға бөлу орындалады:

A) екі тәсілмен: алдымен қосындының мәні есептеледі, одан соң оны санға бөліп, өрнектің мәні табылады; әр қосылғышты санға бөліп, нәтижелерін қосуға болады;

B) бір тәсілмен: бөлінділердің мәнін тауып, одан соң оларды қосып, өрнектің мәні табылады;

C) көп тәсілмен;

D) бір тәсілмен: сынап көру арқылы бөліндінің мәнін табу;

Е) бір тәсілмен: әр қосылғышты санға бөліп, нәтижелерін қосуға болады.

13. Шамаларды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері қай сандарды оқытумен қатар басталады:

A) "Көп таңбалы сандар";

B) "Он" көлеміндегі сандар;

C) "Жүз" көлеміндегі сандар;

D) «Мың" көлеміндегі сандар.

Е) « Миллион көлеміндегі сандар».

14. Есептің шешуін тексеру тәсілдері нешеу?

A) 2: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару;

B) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру;

C) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, нәтижені жорамалдау;

D) 1: екі кері есеп құру және шығару;

Е) 4: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру, нәтижені жорамалдау.

15. Ұзындық өлшем бірліктерімен таныстырудың қай реті дұрыс?

A) см, мм, дм, м, км;

B) см, дм, м, км, мм;

C) см, дм, км, м, мм;

D) мм, см, дм, м, км;

Е) см, дм, м, мм, км.

16. Санды шығарып алудың қандай тәсілдері бірінші сыныпта қарастырылады?

A) заттарды, дыбысты, қозғалысты санау арқылы;

B) шаманы өлшеудің нәтижесінде: кесіндінің ұзындығын немесе уақытты өлшеу арқылы;

С) заттарды санау арқылы, қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде;

D) көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде;

Е) заттарды санау арқылы, көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде.

17. 907 005 санындағы әр кластың бірліктерін тап

A) I-ші кластың 907 бірл., II-ші кластың 5 бірл.;

B) I-ші кластың 90 бірл., II-ші кластың 70 бірл., III- ші кластың 5 бірл.;

C) III- ші кластың 90 бірл., II-ші кластың 70 бірл., I-ші кластың 5 бірл.;

D) I-ші кластың 9 бірл., II-ші кластың 7 бірл., III- ші кластың 5 бірл.;

Е) II-ші кластың 907 бірл., I-ші кластың 5 бірл.

18. Арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептердің тобына қандай есептер кіреді:

A) қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған;

B) қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер;

C) көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер;

D) қосындыны және қалдықты табуға арналған есептер, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер;

Е) қосындыны және қалдықты табуға арналған есептер, көбейтіндіні және бөліндіні табуға берілген есептер.

19. Санның үлесін табу үшін

A) санды сызықтын астындағы санға көбейту керек;

B) санды сызықтын астында тұрған санға бөлу керек;

C) санды сызықтын үстіндегі санға бөлу керек;

D) санды сызықтын үстіндегі санға көбейту керек;

Е) сызықтын астындағы санды берілген санға бөлу керек.

20. Азайту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланыс былай тұжырымдалады:

A) айырманың мәніне азайтқышты қосқанда, азайғыш шығады, азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда, азайтқыш шығады;

B) айырманың мәнінен азайтқышты алғанда, азайғыш шығады, азайғышқа айырманың мәнін қосқанда, азайтқыш шығады;

C) айырманың мәнін азайтқышқа көбейтсе, азайғыш шығады, азайғышты айырманың мәнін бөлсе, азайтқыш шығады;

D) азайтқышты айырманың мәніне қосқанда, азайғыш шығады, айырманың мәнінен азайғышты азайтқанда, азайтқыш шығады;

Е) азайтқышты айырманың мәнінен алғанда, азайғыш шығады, азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда, азайтқыш шығады.

21. 3-4 амалдан туратын мәтінді есептердің шешімінің формасы мынадай болуы қажет:

A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша немесе өрнектердің көмегімен;

B) әр амалға сүрақ қою арқылы және сол амалдардан;

C) өрнектердің көмегімен;

D) амалдар бойынша, өрнектердің көмегімен, әр амалға сүрақ қою арқылы және сол амалдардан;

Е) амалдар бойынша, өрнектердің көмегімен, жазбаша түсіндіру арқылы амалдар бойынша.

22. 56 – 40 = (50 - 40) + 6 = 10 + 6 = 16 есептеу тәсілі қандай ережеге негізделген:

A) бірліктерге бірліктерді қосады;

B) бірліктерден бірліктерді азайтады;

C) санды разрядық қосылғыштардың қосындысымен алмастыру;

D) ондықтарды ондықтарға қосады;

Е) ондықтарды ондықтардан азайтады.

23. Шешуі бойынша есептің түрін анықта:

1) 6 + 4 = 10 (дәптер)

2) 20 : 10 = 2 (теңге)

3) 2 ∙ 6 = 12 (теңге)

4) 2 ∙ 4 = 8 (теңге)

A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі;

B) пропорционал бөлуге арналған есеп;

C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі;

D) қозғалысқа байланысты есеп;

Е) бірігіп жұмыс істеуге берілген есеп.

24. Ауызша көбейтудің жалпы тәсілі негізделген:

A) көбейтудің косындыға қатысты үлестірмелік қасиетіне;

B) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне;

C) көбейтудің терімділіқ қасиетіне;

D) кері амалдар қасиетіне;

Е) көбейтудің ерекше жағдайларына.

25. Математиканы бастауышта оқыту бағдарламасы кандай бөліктерден тұрады?

A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар;

B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері;

C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны;

D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар;

Е) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар.

II нұсқа

1. Бағасы, саны, құны - пропорционал шамалармен байланысты есептер қай сыныптан бастап оқылады?

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

2. Аудан бірліктері - ар және гектар қай сыныпта енгізіледі?

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

3. Санның квадраты мен кубы туралы түсінік беріледі

A) 1- ші сыныпта;

B) 2 - ші сыныпта;

C) 3 - ші сыныпта;

D) 4 - ші сыныпта;

Е) бастауыш сыныптарда оқылмайды.

4. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу жағдайлары қандай білімге негізделіп қарастырылады?

A) сынап көру арқылы бөліндінің мәнін табу;

B) ондықтар мен бірліктерді санға бөлу;

C) қосындыны санға бөлу ережесіне;

D) теңдік құру арқылы;

Е) ондықтар мен бірліктерді санға бөліп шыққан нәтижелерін көбейту арқылы.

5. 1-ге бөлу тәсілі қандай білімге негізделіп еңгізіледі?

A) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа;

B) көбейтудің кестелік жағдайларына;

C) көбейту мен бөлу байланысына;

D) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне;

Е) бөлу амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа.

6. «Математика» оқулығына әдістемелік ңұсқау қандай бөліктерден тұрады?

A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар;

B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері;

C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны;

D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар;

Е) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандарына шамамен бөлу.

7. Оқушылардың өздік жұмысы сабақтың қандай кезеңдерінде үйымдастырылуы мүмкін:

A) білім, білік, дағдыларын бекіті және тексеру;

B) білімді жалпылау және жүйелеу;

C) жаңа материалды еңгізуге дайындық;

D) білім, білік, дағдыларын қалыптастытудың барлық кезеңдерінде;

Е) сабақты қортындылау кезеңінде.

8. Жаңа материалды оқыту барысыда оқушылардың танымдық іс- әрекеттерін белсендіру үшін қандай әдістер қолданылады?

A) ойын және қызықты тапсырмалар қолдану, жетекші сүрактар қою;

B) қозғалмалы ойындар үйымдастыру, проблемалық жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, үлестірме материал қолдану;

C) шығармашылық тапсырмалар орындау, бақылау, ойын жағыдаяттар туғызу;

D) проблемалық жағыдаяттар туғызу, жетекші сүрактар қою, ойын жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, тапсырманы өз бетімен орындау, бақылау, салыстыру, жалпылау;

Е) шығармашылық тапсырмалар орындау, проблемалық жағыдаяттар туғызу, қызықты тапсырмалар қолдану, ойын ойнау.

9. Шешуі бойынша есептің түрін анықта:

1) 6 – 4 = 2(м)

2) 10 : 2 = 5(тг)

3) 5 ∙ 6 = 30(тг)

4) 5 ∙ 4 = 20(тг)

A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі;

B) пропорционал бөлуге арналған есеп;

C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі;

D) қозғалыска байланысты есеп,

Е) айырмалық салыстыруға берілген есеп.

10. Есептің шешуі қалай жазылған?

22 ∙ 7 – 3 ∙ 7 = 133(кг)

A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша;

B) ауызша түсіндіру арқылы амалдар бойынша;

C) теңдеу түрінде;

D) өрнектердің көмегімен;

Е) теңсіздік түрінде.

11. 9дм 3см+ 6см=  см

теңдігі тура болатындай бос орынға дұрыс санды тауып қой:

A) 153;

B) 89;


C) 909;

D) 99;


Е) 98.

12. "Ауызша есептеу" әдетте өткізіледі:

A) сабақтың басында;

B) сабақтың соңында;

C) үйге беріледі;

D) сабақтың ортасында;

Е) сабақтың кез келген кезенінде.

13. Бастауыш мектепте математиканы оқыту жұмысын үйымдастырудың негізгі формасы:

A) ойын;

B) үйірме;

C) сабақ;

D) жалпылама жұмыс;

Е) экскурсия.

14. Оқушыларды көбейтудің ауыстырымдылық қасиетімен таныстыру үшін қандай білімдерді белсендіру қажет:

A) көбейту амалының мағынасы, көбейту амалының компоненттері мен нәтиженсінің атаулары;

B) көбейту және бөлу амалдарының мағынасы;

C) көбейту және қосу амалдарының мағынасы, қосудың ауыстырымдылық қасиеті;

D) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің атаулары, көбейту кестесі;

Е) амалдың компоненттері мен нәтижесінің атауларын.

15. Оқушыларды бір таңбалы сандарды ондықтап аттап қосудың тәсілімен таныстыру үшін мүғалім қандай көрнекіліктерді қолданады?

A) түрлі түсті фигураларды және бірінің астында бірі орналасқен екі сөрені;

B) он көлеміндегі қосу кестесін, 10 дөңгелектен салынған жолақтар (ондықтар) және жеке дөңгелек салынған жолақтар (бірліктер);

C) әр түрлі геометриялық фигураларды және қалталы полотноны;

D) көрнекіліктерді қолданудың қажеті жоқ;

Е) екі түсті фигураларды және он қалталы полотноны.

16. 78 005 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет:

A) 7 000 + 800 + 5;

B) 70 000 + 8 005;

C) 70 000 + 800 + 5;

D) 78 000 + 5;

Е) 70 000 + 8 000 + 5.

17. 105 784 пен 253 сандарының бөліндісінде неше цифр болатынын анықта:

A) 2;

B) 3;


C) 4;

D) 5;


Е) 1.

18. Өзара кері есептердің қандай түрлері I-ші сыныпта оқылады?

A) қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған;

B) қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер;

C) санды бірнеше бірлікке арттыру, айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептер;

D) көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген есептер;

Е) санды бірнеше есе арттыру, еселік салыстыру, санды бірнеше есе кемітуге берілген есептер.

19. Теңдеуді шешудің қандай тәсілдерімен оқушылар бірінші сыныпта танысады?

A) арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты пайдалану тәсілі;

B) теңбе-тең түрлендіруге негізделген тәсіл;

C) «сынап көру» тәсілі;

D) қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екендігін пайдалану тәсілі;

Е) көрнекілікке сүйену аркылы.

20. Гектар - ол

A) қабырғалары 10 м шаршы;

B) қабырғалары 100 м шаршы;

C) қабырғалары 10 м шаршының ауданы;

D) қабырғалары 10 м шаршының ауданы;

Е) қабырғалары 100 м шаршының ауданы.

21. Таблица бойынша есептін түрін анықта:



бағасы

саны

құны

бірдей


5 кітәп

3 кітәп


?, 130 теңге артық

?


A) төртінші пропорционал шаманы табу есебі;

B) пропорционал бөлуге арналған есеп;

C) екі айырма бойынша белгісіз шаманы табу есебі;

D) қозғалыска байланысты есеп;

Е) белгісіз қосылғышты табуға арналған есеп.

22. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін

A) бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек;

B) қабырғасының квадратын табу керек;

C) оны қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша ауданын табу керек;

D) оның барлық қабырғаларының қосындысын табу керек;

Е) осындай екі үшбұрыштан тік төртбұрыш құрастырып, шыққан тік төртбұрыштың ауданының жартысын табу керек.

23. Мына шамалардың қайсысын салыстыруға болады?

A) 75 м * 56 мин;

B) 18км * 16м2;

C) 8520 мм * 35км;

D) 815л * 35а;

Е) 18кг * 16м3.

24. Шамаларды салыстыру қалай орындалады?

A) бірдей өлшем бірлікпен өрнектелген шамалардың сандық мәндерін салыстыру арқылы;

B) заттарды беттестіру арқылы;

C) өлшеу қүралдардың көмегімен;

D) кестелер кұрастыру арқылы;

Е) «көз мөлшерімен».

25. 1-ді және 0-ді санға көбейту тәсілі қандай білімге негізделіп еңгізіледі?

A) көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы байланысқа;

B) теңдіктерді салыстыру негізінде;

C) көбейту мен бөлу байланысына;

D) көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне;

Е) көбейтудің анықтамасы білімінің негізінде.

18. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін

A) бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек;

B) қабырғасының квадратын табу керек;

C) оны қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже бойынша ауданын табу керек;

D) оның барлық қабырғаларының қосындысын табу керек;

Е) оның ұзындығы мен енінің көбейтіндісінің жартысын табу керек.

19. Есептің шешуі қалай жазылған?

22 ∙ 3 – 3 ∙ 4 = 54(кг)

A) түсіндіру арқылы амалдар бойынша;

B) ауызша түсіндіру арқылы амалдар бойынша;

C) теңдеу түрінде;

D) өрнектердің көмегімен;

Е) теңсіздік түрінде.

20. «Математика» оқулығына әдістемелік ңұсқау қандай бөліктерден тұрады?

A) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптар;

B) бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; оқытудың әдіс-тәсілдері;

C) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нұсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны;

D) математикалық білім мазмұны; математикалық білім мазмұнының сыныпаралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар;

Е) математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандарына шамамен бөлу.

21. Есептің шешуін тексеру тәсілдері нешеу?

A) 2: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару;

B) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру;

C) 3: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, нәтижені жорамалдау;

D) 1: екі кері есеп құру және шығару;

Е) 4: есепті басқа тәсілмен шығару, кері есеп құру және шығару, алынған нәтиже мен есептің шартын сәйкестендіру, нәтижені жорамалдау.

22. "Ауызша есептеу" әдетте өткізіледі:

A) сабақтың басында;

B) сабақтың соңында;

C) үйге беріледі;

D) сабақтың ортасында;

Е) сабақтың кез келген кезенінде.

23. Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы курсының пәні:

A) кіші жастағы оқушыларды математикаға оқыту процесі;

B) кіші жастағы оқушыларда математикалық түсініктерді қалыптастыру процесі;

C) кіші жастағы оқушыларда математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру процесі;

D) математиканы мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары мектепке дейінгі оқыту процесі;

Е) болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математиканы оқытудың теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру процесі.

24. Уақыт өлшем бірліктерімен таныстырудың қай реті дұрыс?

A) сағат, минут, секунд, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр;

B) сағат, минут, тәулік, секунд, апта, ай, жыл, ғасыр;

C) сағат, минут, тәулік, жыл, ғасыр , апта, ай, секунд;

D) сағат, минут, тәулік, апта, ай, секунда, жыл, ғасыр;

Е) сағат, секунд, минут,тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр.

25. Санды шығарып алудың қандай тәсілдері бірінші сыныпта қарастырылады?

A) заттарды, дыбысты, қозғалысты санау арқылы;

B) шаманы өлшеудің нәтижесінде: кесіндінің ұзындығын немесе уақытты өлшеу арқылы;

С) заттарды санау арқылы, қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде;

D) көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде;

Е) заттарды санау арқылы, көбейту және бөлу амалдарын орындау нәтижесінде, шаманы өлшеудің нәтижесінде.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет