Студенттердің өздік жұмыстары
1 - тақырып
1-4 сыныптарда математиканы оқыту бағдарламаларына талдау
Мақсаты:
- бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ерекшеліктерін, мақсаттары мен міндеттерін, бастауыш математика курсының мазмұнын және оқушылардың математикалық дайындығына қойылатын талаптарын білу.
Құрал - жабдықтар:
Жалпы білім беретін мектептің 1 – 4 сыныптарына арналған математиканы оқу бағдарламасы
Өз бетімен орындауға арналған тапсырма:
1 - 4 сыныптарына арналған математиканы оқыту бағдарламаларына талдау
Тексеру формасы: Ауызша хабарлама
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
1. Бастауыш математиканы оқыту бағдарламасының құрылысы:
неше және қандай біліктерден тұрады.
2. Түсініктемеге талдау жасау:
бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері, оқыту мазмұнына сипаттама.
3. Математикалық білім мазмұнынының сыныпаралық бөлінуі.
4. Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар: міндетті және мүмкіндік деңгейлері.
Әдебиеттер:
1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Алматы, 2003 г.
2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу – әдістемелік топтама. – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2006.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
2 - тақырып
Бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарын талдау
Мақсаты:
- Бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарының ерекшеліктерін және құрамын білу
Құрал – жабдықтар:
Жалпы білім беретін мектептің 1–4 сыныптарына арналған математика оқулықтары, №1, №2 математика дәптерлері.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырма:
1 – 4 сыныптың математика оқулықтарына талдау жасау
Тексеру формасы:
Тақырып бойынша ауызша хабарлама
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтың мазмұнына кіретін негізгі идеялар мен принциптер.
Оқулықтың структурасы:
негізгі бөлімдері, бөлімдердің оқу бағдарламасымен байланысы, материалдардың топтастырылуы, пәнаралық және пәнішіндік байланысты жүзеге асыру.
Оқулықтың көрнекілік аппараты:
жаттығулардың әр түспен берілуі, шартты белгілеулер, материалдың орналасуы.
Оқулықтың оқу бағдарламасының негізгі үғымдарын ашуы.
Бастауыш оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқулықтың безендірілуі және мазмұнының сәйкестігі.
Оқулықтың бағыттылығы – оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланыста жүргізуге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамытуға және дамыта оқытуды жүзеге асыруға арналған материалдар.
Оқулықтың иллюстрациялары:
сурет мазмұнының қоршаған ортамен байланысы; оқушыларды еңбектің қарапайым түрлерімен таныстыруға және тәрбие тақырыбында әңгіме құрастыруға болатындай мүмкіндік жасау мақсатымен оқулықтың қосар бетіндегі сурет мазмұнынын ортақ тақырыпқа сәкестендіруі; сурет мазмұнының жыл мезгілдеріне, мемлекеттік және ұлттық мейрамдарына сәкестігі.
Оқулықтың баспа негіздегі «Математика дәптерімен» байланысы, оның безендірілу ерекшелігі.
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1- 4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В. Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2006.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1, №2 Математика дәптерлері. - Алматы, «Атамұра», 2005.
3 - тақырып
Бастауыш сыныптағы математика сабағының жоспарын жасау
Мақсаты:
– Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу.
Құрал-жабдықтар: бастауыш сыныптағы математика пәнінен сабақ жоспарының үлгілері, 1 - 4 сыныптарға арналған математика оқулықтары.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырма:
Математика пәнінен сабақ жоспарын құру
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау:
СОӨЖ-де дайындалған сабақтардың жоспарын «Сабақ үзінділерін өткізу және талдау» тақырыпты СОӨЖ сабағында пайдалану.
Тексеру формасы – сабақ жоспарын ауызша қорғау.
Тапсырманы орындаудағы арналған әдістемелік нұсқаулар:
Сабақ жоспарын құру үшін, сабақтың негізгі типтерінің құрылымын, бастауыш сыныптардағы математика сабағының өзіндік ерекшеліктерін және математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды білу қажет.
3.1 Сабақтың негізгі типтерінің құрылымы
Сабақ – уақыт мөлшері шектелген, жұмыс жоспары және қатысушылардың құрамы нақты анықталған ағымды оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
Негізгі дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың бірнеше типін бөліп көрсетуге болады: жаңа материалды оқып үйрену сабағы; білім, білік және дағдыларды бекіту сабағы; бақылау және ББД түзету сабақтары. Егер сабақтың тең шамалас бірнеше дидактикалық мақсаттары болса, онда мұндай сабақтарды аралас сабақтар деп айтады.
Бастауыш сыныптарда жиі қолданылатын аралас сабақтар, ол кіші жастағы оқушылардың және математиканың бастауыш курсын құру ерекшіліктерімен түсіндіріледі.
Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін:
өткенді қайталау және өтілген материал бойынша білімдерін тексеру;
жаңа материалды оқып-үйрену;
осы материалды бекіту;
үйге тапсырма беру,
немесе
жаңа материалды оқып-үйрену;
жаңа материалды және бұрын игерілген білімді бекіту;
үйге тапсырма беру;
келесі тақырыпты игеруге дайындық жұмысы.
Жаңа материалды оқып үйрену сабағы
Бастауыш сыныптарда жаңа тақырыпты оқытуға арналған арнайы сабақтар жоқ. Бірақ кейбір сабақтарда, жаңа тақырыпты оқыту негізгі дидактикалық мақсат болып табылады. Мұндай типтік сабақтың құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1. Оқушыларды ұйымдастыру: сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;
Жаңа материалды оқытуға даярлау;
Жаңа материалмен таныстыру;
Оқытылған материалды алғаш бекіту;
Үйге тапсырма беру;
Өтілген сабақты қорытындылау.
Білімді бекіту сабағы
Бұл типті сабақтардағы негізгі орын оқушылардың түрлі машықтандырушы жаттығулар мен шығармашылық жұмыстар орындауына беріледі. Осы сабақтарда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне зор көңіл бөлінеді. Бұл сабақтардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқып үйреніліп отырған материалды қайталау мен бекіту (өздік жұмыстары).
Орындалған тапсырмаларды тексеру, қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Білімді бақылау және тексеру сабағы
Бұл сабақтарда негізгі орын оқып үйренілген материалды ауызша және жазбаша тексеруге бөлінеді.
3.2 Бастауыш сыныптағы математика сабағының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптағы математика сабағының өзіндік ерекшелігі бар:
Бір сабақта әр тараудың материалдары қарастырылады, яғни арифметикалық материалмен бірге алгебраның және геометрияның элементтері, есептерді шығару және салыстыру, дамытушылық және шығармашылық тапсырмалар қарастырылады.
Теориялық және практикалық сұрақтар бір-бірімен байланыса қарастырылады.
Кіші жастағы оқушыларда көрнекі – образдық ойлау басым болғандықтан және зейін әлі толық тұрақтанбағандықтан, материалдың абстрактілі сипаты көрнекі құралдарды, оқытудың тиімді тәсілдерін ірктеуді қажет етеді.
Сабақтарда оқытудың ойын және қызықты тапсырмалар түрлері қолданылады.
Оқушының іс – әрекетін өз деңгейінде басқару үшін материалдың меңгерілуіне және білімдегі олқылықтарды жою мақсатында саралап оқытуды жүзеге асыру барысына үнемі бақылау жасалады.
Сабақтың барлық кезеңдері мақсатты түрде таңдалынылып алынған жаттығуларды орындау арқылы іске асып отырады.
3.3 Математика сабағына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар
1. Сабақтың тақырыбын анықтау.
Сабақтың мақсатын анықтау: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.
Сабақтың құрылымын және әр кезеңнің міндеттерін анықтау.
Сабақтың білімділік мақсатына және әр кезеңнің міндеттеріне сәйкес оқыту материалын таңдау.
Оқушылармен жұмыс істеудің әдісі - тәсілдерін анықтау.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау.
Оқыту құралдарын таңдап алу (оқулық, дидактикалық немесе таратпа материалдар, көрнекіліктер).
Сабақтың материалын айқындап беретін жаттығулар жүйесі белгіленеді.
Үй тапсырмасын орындауға арналған нұсқаулар және сабақтың қорытындысын үйымдастыру формасы.
Осылардың нәтижесінде сабақ жоспары белгіленеді – сабақтың негізгі бөліктері, олардың реті, орындалу уақыты анықталады. Осының бәрі сабақтың жазбаша толық жоспарында жазылады.
Сабақтың жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмалары, сонымен қатар оқушылардың шамамен беретін жауаптары жазылған толық жоспар.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар- Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
7. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
4 - тақырып
Сабақ үзінділерін өткізу және талдау
Мақсаты:
- Сабақты талдауға қойылатын талаптарды білу;
- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.
Құрал жабдықтар: сабақ жоспары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, сабақты талдау схемасы, математика оқулықтары.
СОӨЖ тасырмалары:
Сабақ үзінділерін өткізу және талдау
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау
Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.
Тексеру формасы - жұмысты ауызша қорғау.
Тапсырманы орындаудағы арналған әдістемелік нұсқаулар:
Сабаққа талдау жасау үшін:
- сабақты талдау схемасын және сабақтың барысын жазуды білу қажет.
4.1 Математика сабағын талдау схемасы:
1. Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы). Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны. 2. Сабақтың басталуы. Оқушылардың сабаққа даярлығы. Окушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің пайдаланатын тәсілдері. Жалпы сыныппен, жеке оқушымен жұмыс.
3. Сабақ жабдығы. Көрнекіліктің тақырыпқа, талапқа сай болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.
4. Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, оқыту міндеттері қалай шешіледі?
5. Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалы негізгі мақсатпен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүмыс жүргізілді? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуі, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5-7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірмен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны. Математикалық терминдерді қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі. Жаңа сабақты түсіндіруде, пысықтауда, қайталауда оқулықтағы мысал,есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс. Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін негізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстіңде қанша есеп шығарылды? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіле ме? Үйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы.
6. Сабақтың әдістемелік қорлары. Оқу материалын іріктеп алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтын барлық кезеңдеріне оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдалаңды ма? Сабақ үстіңде шығарылған есептер окушыларды кызықтырып қана қоймай, олардың жан-жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?
7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі-мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.
8. Сабақ жоспарының орыңдалуы. Мақсатқа қол жетуі.
9. Қорытындылар мен ұсыныстар.
4.2 Қатысқан сабақты жазу схемасының үлгісі
Мектеп № .... Сынып... Мұғалім...
Күні...
Тақырыбы...
Сабақтың мақсаты....
Құралдар....
Сабақ барысы
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
6. Абдуалиева К.К., Есенжолов Е.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2011.
5 - тақырып
Дайындық кезеңінің сабақ үзінділерін өткізу және талдау
- Мақсаты:
- Сабақты талдауға қойылатын талаптарды білу;
- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.
Құрал жабдықтар: сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, сабақты талдау схемасы, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, №1 дәптері.
СОӨЖ тасырмасы:
Дайындық кезеңінің сабақ үзінділерін өткізу және талдау
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау
Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.
Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М., «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2009.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997.
6. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2003ж.
7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, «Атамұра», 2005.
6 - тақырып
«10 көлеміндегі сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарларын дайындау
Мақсаты:
- Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу;
- «Сан және цифра…» немесе «Санның құрамы…» тақырыптары бойынша сабақ жоспарларын құруды білу.
Құрал-жабдықтар: бастауыш сыныптағы математика пәнінен сабақ жоспарының үлгілері, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, баспа негіздегі математикаға арналған №1 дәптері.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырма:
«Сан және цифра…» немесе «Санның құрамы…» тақырыптары бойынша сабақ жоспарларын құру.
Әдістемелік нұсқау №3 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас
Тексеру формасы - сабақ жоспарларын ауызша қорғау.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2009.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997.
6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
7. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2003ж.
8. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, «Атамұра», 2005.
9. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
7 - тақырып
«10 көлеміндегі сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау
Мақсаты:
- Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу;
- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.
Құрал жабдықтар: «Сан және цифра…» немесе «Санның құрамы…» тақырыптары бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, 1-ші сыныпқа арналған математика оқулығы, баспа негіздегі математикаға арналған №1 дәптері.
СОӨЖ тасырмасы:
«10 көлеміндегі сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау
Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.
Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2009.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997.
6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған №1 Математика дәптері. - Алматы, «Атамұра», 2005.
8. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математика: 12-жылдық жалпы білім беретін мектептің 1- сыныбына арналған (байқау нұсқа). – Алматы: «Алматыкітап» 2003ж.
9. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
8 - тақырып
«Көп таңбалы сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау
Мақсаты:
- Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу;
- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.
Құрал жабдықтар: «Көп таңбалы сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, математика оқулықтары.
СОӨЖ тасырмасы:
«Көп таңбалы сандар нумерациясы» тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау
Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.
Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
Достарыңызбен бөлісу: |