ПОӘК 042-14. 01. 20. 168/02-2015 20. 05. 15 ж. №2 басылым



бет1/13
Дата19.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#10589
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ПОӘК 042-14.01.20.168/02-2015

20.05.15 ж. №2 басылым

–ші беті 10 беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.01.20.168/02-2015



ПОӘК

«Математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



20.05.15 ж.

№2 басылым









5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»

мамандығы үшін

«Математиканы оқыту әдістемесі»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрыстырушы __________ «_20__»___мамыр__ 2015ж.


Абдуалиева К.К., «Математика және математиканы оқыту әдістемесі»


кафедрасының аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедра отырысында

«_21___» __мамыр____ 2015__ж., № _9__хаттама.

Кафедра меңгерушісі ______________ О.М. Жолымбаев

2.2 физика – математика факультетінің оқу - әдістемелік бюросының отырысында

«__11__» ____маусым__ 2015__ж., № _6__хаттама

ОӘБ төрағасы ______________ Батырова К.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

«_11__» _маусым____ 2015__ж., № __6_хаттама

ОӘК төрағасы ______________ Г. К. Искакова

4 10.06.2014 № 1 басылым орнына еңгізілді






Мазмұны

1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

6

3

Практика сабақтары




4

Студеттің өздік жұмысы














«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнінең

ГЛОССАРИЙ


Деректі сандар

Олар есепте берілген сандардың арасындағы қатынастарды сипаттайды: шамалардың мәндері, жиындардың сандық сипаттамалары, олардың арасындағы сандық қатынастар.


Есеп

 Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, – бұл есеп (Бантова М.А.).

 Есеп – бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын немесе (Оспанов Т.К.)

 Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі – бұл есеп.


Есепті иллюстрациялау

Есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай–ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану.

График

түріндегі иллюстрация

Бұл «кесінді» түріндегі иллюстрация (шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы қатынастар берілген есептерді).

Заттық иллюстрация

Иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылады.

Схемалық иллюстрация

Шамалар, сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы.

Есептің мазмұнымен танысу

Оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуацияларын көз алдына келтіру.

Есептің сұрағы – есептің талабы, қорытынды

 Бұл ізделінді не болатынын көрсету.

 Қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді.




Есепті талдау

Мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс және саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қоятып арнайы әңгіме.

Аналитикалық

Талдау

Шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы.

Синтетикалық

Талдау

Деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу.


Есептің шарты

 Есептің бір бөлігі, мұнда объект пен оны сипаттайтын кейбір шамалар, шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, шамалар арасындағы қатынастар туралы мәліметтер беріледі, яғни шартында сандар (берілген деректер және ізделінді) және сәйкес арифметикалық амалдар таңдауды анықтайтын берілген және ізделінді сандар арасындағы байланыс қамтылады.

 Берілген сандардың арасындағы, сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы баланыс көрсетілетін есептің бір бөлігі. Бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды анықтайды.



Есепті шешу

Шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау.

есепті шешудің алгебралық тәсілі

Есепті теңдеу құрып шығару

есепті шешудің арифметикалық тәсілі

Есепті арифметикалық амалдарды қолдану арқылы шешу


есепті шешудің графикалық тәсілі

Есепті чертеждың көмегімен шешу, кесінділер салу арқылы


есепті шешудің практикалық тәсілі

Заттармен әрекеттер жасау арқылы есепті шешу


Есепті шешуін тексеру

Оның дұрыстығын не қателігін анықтауу.

Есепті шығару

 Есептің шартында берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады.

 бұл есептің шартындағы берілген деректер мен ізделінді шама арасындағы байланысты ашу, ненің негізінде таңдау, соған сәйкес арифметикалық амалдар орындау және есептің сұрағына жауап беру, яғни есептің нақты мазмұнынан математикалық модельге (өрнек, теңдеу) көшуді жүзеге асыру – жағдаятты цифрлар мен таңбалар тілінде сипаттау, яғни табиғи тілден математикалық тілге ауысу.



Жай есептер

Бір амалмен шығарылатын есеп.

Кері есеп

Берілген есептегі белгілі белгісіз, ал белгісіз белгілі болатын есеп.

Кері есептер

Мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болады.

Құрама есеп

Өзара байланысты екі немесе одан да көп амалмен шығарылатын есеп.

Өзара кері есептер

Мәтіні мен сандары ұқсас, өзара бір-біріне кері болатын үш есеп.

Шығару жоспары

Қандай да бір амалды орындау арқылы нені білетінімізді түсіндіру және арифметикалық амалдарды орындау ретін анықтау.

Ізделінді сан

Ізделіп отырған белгісіз шаманың мәні

Лекция №1

Лекция

Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Мақсаты:

– Сабақ жоспарына қойылатын әдістемелік талаптарды білу.



  1. Бастауыш сыныптағы математика сабағының ерекшеліктері

2. Сабақтың негізгі типтері

3. Математика сабағына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар

4.Математика сабағын талдау схемасы


  1. Бастауыш сыныптағы математика сабағының ерекшеліктері

Бастауыш сыныптағы математика сабағының өзіндік ерекшелігі бар:

  1. Бір сабақта әр тараудың материалдары қарастырылады, яғни арифметикалық материалмен бірге алгебраның және геометрияның элементтері, есептерді шығару және салыстыру, дамытушылық және шығармашылық тапсырмалар қарастырылады.

  2. Теориялық және практикалық сұрақтар бір-бірімен байланыса қарастырылады.

  3. Кіші жастағы оқушыларда көрнекі – образдық ойлау басым болғандықтан және зейін әлі толық тұрақтанбағандықтан, материалдың абстрактілі сипаты көрнекі құралдарды, оқытудың тиімді тәсілдерін ірктеуді қажет етеді.

  4. Сабақтарда оқытудың ойын және қызықты тапсырмалар түрлері қолданылады.

  5. Оқушының іс – әрекетін өз деңгейінде басқару үшін материалдың меңгерілуіне және білімдегі олқылықтарды жою мақсатында саралап оқытуды жүзеге асыру барысына үнемі бақылау жасалады.

  6. Сабақтың барлық кезеңдері мақсатты түрде таңдалынылып алынған жаттығуларды орындау арқылы іске асып отырады.

Сабақ жоспарын құру үшін, сабақтың негізгі типтерінің құрылымын, бастауыш сыныптардағы математика сабағының өзіндік ерекшеліктерін және математика сабағына қойылатын негізгі талаптарды білу қажет.

  1. Сабақтың негізгі типтері

Сабақ – уақыт мөлшері шектелген, жұмыс жоспары және қатысушылардың құрамы нақты анықталған ағымды оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Негізгі дидактикалық мақсатқа байланысты сабақтың бірнеше типін бөліп көрсетуге болады: жаңа материалды оқып үйрену сабағы; білім, білік және дағдыларды бекіту сабағы; бақылау және ББД түзету сабақтары. Егер сабақтың тең шамалас бірнеше дидактикалық мақсаттары болса, онда мұндай сабақтарды аралас сабақтар деп айтады.

Бастауыш сыныптарда жиі қолданылатын аралас сабақтар, ол кіші жастағы оқушылардың және математиканың бастауыш курсын құру ерекшіліктерімен түсіндіріледі.

Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін:


  1. өткенді қайталау және өтілген материал бойынша білімдерін тексеру;

  2. жаңа материалды оқып-үйрену;

  3. осы материалды бекіту;

  4. үйге тапсырма беру,

немесе

  1. жаңа материалды оқып-үйрену;

  2. жаңа материалды және бұрын игерілген білімді бекіту;

  3. үйге тапсырма беру;

  4. келесі тақырыпты игеруге дайындық жұмысы.

Жаңа материалды оқып үйрену сабағы

Бастауыш сыныптарда жаңа тақырыпты оқытуға арналған арнайы сабақтар жоқ. Бірақ кейбір сабақтарда, жаңа тақырыпты оқыту негізгі дидактикалық мақсат болып табылады. Мұндай типтік сабақтың құрылымы мынадай болуы мүмкін:

1. Оқушыларды ұйымдастыру: сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;


  1. Жаңа материалды оқытуға даярлау;

  2. Жаңа материалмен таныстыру;

  3. Оқытылған материалды алғаш бекіту;

  4. Үйге тапсырма беру;

  5. Өтілген сабақты қорытындылау.

Білімді бекіту сабағы

Бұл типті сабақтардағы негізгі орын оқушылардың түрлі машықтандырушы жаттығулар мен шығармашылық жұмыстар орындауына беріледі. Осы сабақтарда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне зор көңіл бөлінеді. Бұл сабақтардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Оқып үйреніліп отырған материалды қайталау мен бекіту (өздік жұмыстары).

  3. Орындалған тапсырмаларды тексеру, қорытындылау.

  4. Үйге тапсырма беру.

Білімді бақылау және тексеру сабағы

Бұл сабақтарда негізгі орын оқып үйренілген материалды ауызша және жазбаша тексеруге бөлінеді.



3. Математика сабағына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар

1. Сабақтың тақырыбын анықтау.



  1. Сабақтың мақсатын анықтау: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

  2. Сабақтың құрылымын және әр кезеңнің міндеттерін анықтау.

  3. Сабақтың білімділік мақсатына және әр кезеңнің міндеттеріне сәйкес оқыту материалын таңдау.

  4. Оқушылармен жұмыс істеудің әдісі - тәсілдерін анықтау.

  5. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау.

  6. Оқыту құралдарын таңдап алу (оқулық, дидактикалық немесе таратпа материалдар, көрнекіліктер).

  7. Сабақтың материалын айқындап беретін жаттығулар жүйесі белгіленеді.

  8. Үй тапсырмасын орындауға арналған нұсқаулар және сабақтың қорытындысын үйымдастыру формасы.

Осылардың нәтижесінде сабақ жоспары белгіленеді – сабақтың негізгі бөліктері, олардың реті, орындалу уақыты анықталады. Осының бәрі сабақтың жазбаша толық жоспарында жазылады.

Сабақтың жоспары – мұғалімнің сұрақтары және тапсырмалары, сонымен қатар оқушылардың шамамен беретін жауаптары жазылған толық жоспар.

4.Математика сабағын талдау схемасы:

1. Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы). Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны. 2. Сабақтың басталуы. Оқушылардың сабаққа даярлығы. Окушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің пайдаланатын тәсілдері. Жалпы сыныппен, жеке оқушымен жұмыс.

3. Сабақ жабдығы. Көрнекіліктің тақырыпқа, талапқа сай болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.

4. Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, оқыту міндеттері қалай шешіледі?

5. Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалы негізгі мақсатпен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүмыс жүргізілді? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуі, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5-7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірмен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны. Математикалық терминдерді қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі. Жаңа сабақты түсіндіруде, пысықтауда, қайталауда оқулықтағы мысал,есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс. Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін негізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстіңде қанша есеп шығарылды? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіле ме? Үйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы.

6. Сабақтың әдістемелік қорлары. Оқу материалын іріктеп алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтын барлық кезеңдеріне оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдалаңды ма? Сабақ үстіңде шығарылған есептер окушыларды кызықтырып қана қоймай, олардың жан-жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?

7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі-мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.

8. Сабақ жоспарының орыңдалуы. Мақсатқа қол жетуі.

9. Қорытындылар мен ұсыныстар.

4.2 Қатысқан сабақты жазу схемасының үлгісі

Мектеп № .... Сынып... Мұғалім...

Күні...

Тақырыбы...



Сабақтың мақсаты....

Құралдар....



Сабақ барысы

Мұғалім

Оқушы

Ескерту










Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

4. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.

Лекция №2

Ауызша есептеу тәсілдері

Мақсаты:

- «Ауызша есептеу тәсілдері» тақырыбын оқыту кезінде ауызша есептеуді ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру




  1. Ауызша есептеулер әдістемелері

  2. Ауызша есептеуге арналған жаттығулардың түрлері




  1. Ауызша есептеулер әдістемелері

Мүғалімдердің практикасында мынадай жақсы дәстүр қалыптасқан: әрбір сабақта ауызша есептеулерге 5 - 7 мин арнайы уақыт бөліп, былайша айтқанда ауызша санау жүргізіледі. Сабақтың осы кезеңі үшін мүғалім материалды оқу-лықтан, сондай-ақ ауызша есептер мен жаттығуларға арналған арнайы жинақтардан таңдап алады. Ауызша жаттығулар сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес келуі және осы сабақта оқылып отырған немесе бүрын өтілген материалды игеруге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мүгалім сабақтағы ауызша санаудың орнын анықтайды. Егер ауызша жаттығулар бүрын өтілген материалды қайталауға, есептеу дагдыларын қалыптастыруға арналған болып, жаңа материалды окып үйренуге дайындайтын болса, онда оларды жаңа материалды оқып үйренуге дейін өткізген жөн. Егер ауызша жаттығулардың мақсаты осы сабақта оқылғанды пысықтау болса, онда жаңа материалды оқығаннан кейін ғана ауызша санауды жүргізу керек болады. Оны сабақтың соңында жүргізуге болмайды, себебі ол кезде балалар әбден шаршайды, ал ауызша санау үлкен зейін қоюды, есті, ойлауды қажет етеді. Жаттығулардың саны балалар тым шаршамайтындай, сабақтың оған бөлінген уақытынан артып кетпейтіндей болуы тиіс.

Ауызша саналуға арналған тапсырмаларды оқушыларға ұсынғанда, олар ол тапсырмаларды не көру арқылы, не есту арқылы немесе әрі көру арқылы, әрі есту арқылы қабылдайтындай болуы ескеріледі.

Бірінші жағдайда жаттығулар тақтаға жазылады немесе плакат түрінде жабдықталады, таблицаға жазылады. Оқушылар тапсырманы көру арқылы қабылдайды. Тапсырманы тақтаға жазып көрсету есептеуді жеңілдетеді (сандарды есте сақтаудың керегі жоқ).

Кейбір жағдайларда көру арқылы және есту арқылы қабылдауға арналған тапсырмаларды үсынған пайдалы: жаттығуды мұғалім немесе оқушы оқығаннан басқа, ол тақтаға немесе дәптерге жазылады.

Тапсырманы есту арқылы қабылдағанда мұғалім немесе оқушылардың біреуі оны дауыстап оқиды, ал барлық қалған оқушылар оны тыңдайды. Мұнда адамның есіне (жадына) салмақ көп түседі, сондықтан оқушылар тез шаршап қалады. Алайда мұндай жаттығулар өте пайдалы: олар есту есін дамытады. Тапсырманың үш түрін кезектестіріп тұру ұсынылады.

Өздеріне ұсынылған тапсырманы орындағаннан кейін, балалар қол көтеріп мұғалімнің нүсқауы бойынша бірнеше оқушы жауабын ауызша айтып береді. Балаларға жауапты кеспе цифрлардың көмегімен немесе тақталарда көрсетуді ұсынуға болады, бұл жұмысқа оқушылардың барлығын қатыстыруға көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалім балалардың тапсырманы қалай орындағандығын бірден көреді. Егер оқушы қателессе, онда оған есептеуді дауыстап жүргізу ұсынылады.

Ауызша жаттығуларды орындағанда балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне толық мүмкіндік беру үшін кейде тапсырма варианттар бойынша беріледі. Оқушылар жауаптарын дәптерлеріне жазады, содан кейін есептеудің дұрыстығын тексереді, қателерін анықтайды және түзетеді.


  1. Ауызша есептеуге арналған жаттығулардың түрлері

Бастауыш кластарда көптеген ауызша жаттығуларды ойын түрінде өткізу ұсынылады. Тапсырмалардың мұндай формасы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Математикалық ойындардың ішіндегі неғұрлым көп тарағандарын қарастырып көрелік.

«Үндемес» ойыны. Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады, ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады. Центрге жазылған санның жанына арифметикалық, амалдардың бірінің таңбасы қойылады. Центрге жазылған сан ғана тұрақты болып табылады. Ойын былай өткізіледі: мүғалім көрсеткішпен тақтада контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді, ал балалар центрде жазылған осы санмен көрсетілген амалды орындайды. Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады. Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса, қолдарын көтеріп белгі береді. Барлық жұмыс үн-түнсіз жүргізіледі. Ойынды өзгертуге де болады: мұғалім санды көрсетеді, ал балалар үндемей кеспе цифрлардан нәтижесін көрсетеді. Балаларды түрлі түсті етіп жабдықталған «Ең жақсы капитан немесе космонавт кім» деген түрдегі «үндемес» ойыны қатты қызықтырады.

Бүл дөңгелек мысалдар. Оларды былай құрастырады: бірінші мысал еркін алынады (32:4), осы мысалдың нәтижесі келесі мысалдың (8+16) компоненті болуы керек, ал бұл мысалдын нәтижесі келесі мысалдың (24:8) компоненті болуы керек т.с.с. соңғы мысалдың нәтижесі бірінші мысалдың бірінші компоненті (32) болуы керек. Содан кейін бұл мысалдар кез келген тәртіппен жазылады. Ойын былай жүргізіледі: мысалдар тақтаға немесе плакатқа жазылады; окушылар бірінші мысалды шығарады; аты аталған оқушы нәтижені емес, нәтижеге (8+16) тең саннан басталатын мысалды атайды; балалар осы мысалды шығарады және осы мысалдың нәтижесінен басталатын келесі мысалды 24:8 атайды, бірінші мысалға келіп жеткенше осылай жасайды. Ойлаған мысалдарды табу. Тақтаға мысалдар жазылады. Мұғалім олардың біреуінің (біріншісінен басқасының) жауабын айтады, ал оқушылар мұғалімнің айтқан жауабы бойынша оның ойлаған мысалын табулары керек. Бұл жағдайда оқушылар керекті мысалды табу үшін мысалдардың барлығын немесе барлығына жуығын шығарады. Ойынды өзгертуге болады.



Сиқырлы немесе қызықты квадраттар.

Бұл — 9, 16, 25 клеткадан тұратын квадраттар. Клеткаларда барлық бағытта (жолдар, бағандар және диагональдар бойынша) алғанда да қосындысы бірдей болатындай сандар жазылуы тиіс. Бірінші жағдайда барлық сандар берілген — квадрат толтырылған. Квадрат сиқырлы квадрат бола ма, соны тексеріп көру керек. Екінші жағдайда квадратта барлық сандар берілмеген, бірақ қосындысы көрсетілген квадратты толтыру керек. Үшінші жағдайда сандар да түгел берілмеген және қосынды да берілмеген, осы қосындыны да табу керек және бұдан кейін квадратты толтыру керек.



«Лото» ойыны. Бүл ойынды таблицалық көбейту, сондай-ақ таблицалық қосу туралы білімді пысықтау үшін пайдалануға болады. Оған түрлі таблицаларда кездесетін таблицалық нәтижелер (16, 18, 24, 36) қосылады және оқушылар оны (54, 56) кебіне шатастырып алады, оларды (27, 28, 42, 49, 63, 64, 72, 81) есте сақтау да қиын.

Ойын кезінде әр окушының алдында карточка (9см  15см) мен 1-ден 15-ке дейінгі нөмірі бар фишкалар (2см 2см) жатады. Ойын тез жүргізіледі. Мұғалім таблицалық көбейтуге арналған мысалды атайды, балалар есептеп көреді де карточкадағы сәйкес санның бетін фишкамен жабады.

«Ең жақсы есептегіш», «Баспалдақ», «Лабиринт», «Математикалық эстафета», балалардың ойлаған сандарын табу сияқты басқа да ойындар бар.

Бұлардың барлығы ауызша есептеу дағдыларының дами түсуіне көмектеседі. Ойынды таңдап аларда мүғалім өзіндік мақсат емес, балалардың қызметін жандандыра түсу құралы екендігін басшылыққа алуы тиіс. Мүнда сабақтағы аз уақыт ішінде көптеген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін және барлық оқушыларды қамтитын ойын ғана пайда келтіретінін ескеру керек.

Көптеген мұғалімдер есептеу дағдыларып есепке алу үшін математикалық диктанттарды пайдаланады. Ол үшін оқылып кеткен материал бойынша түрліше жаттығулардан 8—10 тапсырма таңдап алынады. Сабақта мұгалім әрбір тапсырманы 1—2 рет айтады, ал барлық оқушылар ауызша есептеуге арналған арнайы дәптерлеріне жауаптарын жазады. Тексеру не сабақ үстінде, немесе сабақтан кейін жүргізіледі де, қателері анықталады.

Математикалық өрнектердің мәндерін табу. Бұл жаттығулардың көптеген варианттары бар. Математикалық санды өрнекті және әріпті өрнекті ұсынуға болады, мұнда әріптерге сан мәндер беріледі де алынған өрнектің сан мәні табылады. Мысалы:

1) 100 бен 9 сандарының айырмасын табыңдар.

2) а =100, с=9 деп алып, а – с, өрнегінің мәнін табыңдар.

Өрнектер түрлі сөздер формасында берілуі мүмкін: 100-ден 9-ды шегеру керек; 100 минус 9; азайғыш 100, азайтқыш 9, айырмасын табу керек; 100 бен 9 сандарының айырмасын табу керек; 100-ді 9-ға кеміту керек т.с.с.

Өрнек бір амалмен орындалуы да және бірден артық амалмен орындалуы да мүмкін. Бірнеше амалға арналған өрнектер бір баспалдақты амалдан немесе әр түрлі баспалдақты амалдан түруы, жақшамен берілуі де, жақшасыз берілуі де және де әр түрлі сөзбен берілетін тұжырымдамасы болуы мүмкін. Мысалы:

90-нан 42 мен 3 сандарының беліндісін шегеру керек; азайғыш 90, ал азайтқыш 42 мен 3 сандарының бөліндісімен өрнектелген.

Өрнектер сандардың түрлі облыстарында берілуі мүмкін, алайда, әдетте, ауызша есептеу әдістері 100 көлеміндегі сандарға амалдар қолдануға келіп саяды. Өрнекті мысал ретінде, таблица түрінде беруге болады, қызықты фигураларды да пайдалануға болады.

Математикалық өрнектерді салыстыру. Бұл жаттығулардың бірқатар варианттары бар. Екі өрнек беріліп, олардың мәндері тең болуы мүмкін бе, жоқ па, ал егер тең болса, олардың қайсысы үлкен немесе кіші екендігін тағайындау қажет болады. Мұнда қатынастың таңбасын таңдап алу не берілген өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстыру негізінде, немесе сәйкес білімді қолдану негізінде орындалуы мүмкін.

Теңдеулерді шешу. Ауызша жаттығулар ретінде түрлі теңдеулер де ұсынылады. Бүл — ең алдымен (х + 2=10) сияқты қарапайым теңдеулер және (15х - 9 = 51) түріндегі одан да күрделірек теңдеулер. Теңдеулерді түрлі формада ұсынуға болады:

1) 24 : х = 3 теңдеуін шешіңдер,

2) 40 санын алу үшін қандай саннан 18-ді шегеру керек?

3) Белгісіз санды табыңдар: 73 – х = 73 - 18.

4) Бір сан ойладым, оны 5-ке көбейтіп, 85 санын алдым. Мен қандай сан ойладым?

Ауызша жұмыс үшін жай есептер де, құрама есептер де ұсынылады.


Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.

2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.

3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005

4. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986.

5. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.

6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
Лекция №3

Он көлеміндегі сандар


  1. Он көлеміндегі сандарды оқытудың міндеттері

  2. Цифрларды жазу ережелері

  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет