Он көлеміндегі сандарды оқытудың міндеттері
Математиканың бастауыш курсының негізгі мазмұнын арифметикалық материал құрайды. Соның ішінде ерекше орын алатын теріс емес бүтін сандардың нумерациясы.
Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын оқытудың алғашқы «Он көлеміндегі сандар» кезенінің міндеттерінің бірі-сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру:
- санды әр түрлі тәсілмен шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды сәйкес цифрлармен белгілеуді меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
- Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әр түрлі тәсілдермен шығарып алудан басталады:
-кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы шығарып алу;
-санды шаманы өлшеудің нәтижесінде шығарып алу.
Содан кейін сандардың аталуын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды естиді және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды цифрлардың көмегімен жазумен танысады: оқушылар санды белгілейтін таңба ретінде цифрды көреді және жазады, демек, ауызша және жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.
Цифрларды жазу ережелері
Цифрларды жазу кезінде төмендегі талаптарды басшылыққа алуымыз керек:
Барлық цифрлар торға толығымен, оң жақ жартысында қабырғасын бойлай орналасуы қажет.
Цифрдың ені оның ұзындығынан шамамен екі есе кіші болуы қажет.
Цифрды жазуды түсіндірмес бұрын алдымен балаларға үлгісін көрсетіп, әр цифр қандай элементтерден тұратынын талдау қажет (таяқша, ирек, ирек сызық)
Мұғалім цифрдың жазылуын көрсетуге тиіс (тақтадағы арнайы дайындалған торға сызып көрсету), қысқаша түсіндірмелермен бірінші сызықтың қайдан басталатынын жазу қандай бағытта жүргізілетінін, қай жерде анықталатынын, қаламның үзілісін, келесі сызық қайдан басталатынын айтып тұру қажет.
Мұғалімнің түсіндірмесінен және бақылаудан сон қол қозғалысының бағытын игерту: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу, дәптердегі үлгіні бастыру;
Баланың өздігінен жазған алғашқы цифрын дер мезгілде жеке дара ескерту беру үшін мұғалімнің тексеруі қажет. Тек содан кейін ғана балаларға жазған цифрларын мұғалімнің дәптердің бірінші жолына алдын ала жазылған үлгісімен салыстыруға ұсыныс жасай отырып, жазу жаттығуларын жалғастыруға болады.
Балалардың жұмысын батыл ұйымдастыру және бақылау үшін мұғалімнің өзі әр цифрдың жазылу ерекшеліктерін нақты және дәл жеткілікті білуі тиіс.
1 цифры 2 элементтен (1-еуі ұзын, 2-іншісі қысқа таякшалардан) тұрады және үзіліссіз жазылады. Алдымен кіші таяқшаны жазады. Оны тор ортасынан сол жоғарырақ бастайды да. тордың жоғарғы оң жақ бұрышына дейін жүргізеді. Сонан кейін қаламды қағаздан көтермей, тордың жоғарғы он жақ бұрышынан оның төменгі кабырғасынын ортасына дейін негізгі көлбеу таяқша жазылады.
2 цифры 2 элементтен: ілгіштең және толқынды сызықтан тұрады және үзіліссіз жазылады. Ілгішің тордың жоғары кабырғасының ортасынан сәл төмен іректеу бастап, сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді және тордың төменгі кабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді.
Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі кабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толкынды сызық жүргізеді. (Бұл цифрдың жүзген аққуға ұксайтынын балаларға айтуға және оның басын, мойнын, құйыршығын көрсетуге болады).
3 цифры 2 элементтен: оң жаққа ығысынқыраған жоғары және төменгі жарты сопакшадан, яғни жоғарғы және төменгі оң жақ жарты ойықтан (доға сызық) тұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрды жазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғары жарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және каламды қағаздан ажыратпай төменгі сопақшаны жазады.
4 цифры 3 элементтен: таяқшалардан тұрады. Алғашкы екі элементі үзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғарғы қабырғасының ортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төмендерлік жеткізеді. Ортасынан бастап қаламды қағаздан ажыратпай, көлденең таяқшаны оңға қарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді.
Қаламды қағаздан ажыратпай 4 цифрының үшінші элементін ұзын таяқшаны жазады және ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары басталып, оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.
5 цифры 3 элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақ бастап, тордың ортасына дерлік көлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оң жақ сопақшаны жазады. Ең соңында солдан оңға карай цифрдың жоғары элементін жазады.
6 цифры 2 элементтен : сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардан тұрады.
Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірек бастайды. Көлбеу орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықты жоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққа қарай иеді.
7 цифры 3 элементтен: толқынды сызықтан, көлбеу жөне кіші түзу таяқшалардан тұрады.
Толқынды сызықты тордың жоғарғы кабырғасының ортасынан сәл төменірек бастап тордың оң жақ жоғары бұрышына дейін жүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай тордың төменгі қабырғасынын ортасына дейін көлбеу таяқша жүргіземіз.
8 цифры 2 элементтен: жоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоғары сопақша төменгісінен сөл кішіректеу) тұрады. Цифрды жазуды тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу және оңырақ бастап, сызықты оңға қарай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жақ қабырғаларын жанастыра иеді, сонан кейін сызықты (оңнан солға қарай) жүргізгенде де иеді және тордың төменгі қабырғасынын ортасына таман солдан оңға қарай жүргізеді. Әрі карай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы нүктеге дейін жеткізіледі.
9 цифры 2 элементтен: сол жақтағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкен жарты сопақшадан тұрады.
Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғары бұрышынан сәл төменірек бастайды да сызықты солға қарай және жоғары жүргізеді, тордың ортасына таман иеді сонан кейін оңға қарай және жоғары жүргізеді.
0 цифры 1 элементтен: үлкен ойықтан тұрады.
Ойықты клетканың жоғарғы жағының ортасынан бастап, төмен көлбеулетіп, клетканың төменгі жағынан жанай иіп, жоғары қарай, клетканың оң жақ бұрышына әкеліп тағы да иеді.
Достарыңызбен бөлісу: |