ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 01. 03-2010 №1 басылым 02. 09. 2008 орнына


-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#935
1   2   3   4

10-тақырып. Сананың пайда болуы және дамуы

  1. Сананың негізгі белгілері.

  2. Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде.

  3. Сананың қалыптасуының алғышарттары.

Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға, өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ , өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады.

Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі.

Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне ие болады.

Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз.

Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты.

Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет-қылықты басқару қызметін атқарады.

Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.

Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:



  1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.

  2. Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.

  3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.

  4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.


11-тақырып. Сана және бейсана (астар сана).

  1. Психикалық процесс, қасиет және қалыптағы бейсаналық бастаудың көрнісі.

  2. Бейсаналық психикалық құбылыстардың типтері.

  3. Сана және бейсананың өзара байланысы.

Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.

Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.

Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар.

Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады.

Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:


  • Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;

  • Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;

  • Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;

  • Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.

Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.

Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді:



  1. психоанализ теориясы;

  2. астарлы психикалық нұсқаулар (установки).


12-тақырып. Психология және адам туралы ғылымдар.

  1. Психология және тарих.

  2. Психологияның философияық бастауы.

  3. Әлеуметтанумен байланысы.

Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты.

Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.

Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең.

Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б.

Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін

Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы.

Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады.

Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды.

Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді.

Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені:



  1. олар екеуі де қатар дами бастады;

  2. ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды;

  3. екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы.

Психологияның әлеуметтеанумен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны , адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар , ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес. Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы (теория социального научения).Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
13-тақырып. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.

  1. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.

  2. Психологиялық білімдердің пайда болуы, оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.

  3. Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.

Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:

І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;

ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;

ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.

ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.

Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.

Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.

ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).

Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.

Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.

Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.

Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.


14-тақырып. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.

  1. ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуы.

  2. Психология ғылымының дамуындағы дағдарыстың негізгі заңдылықтары.

  3. ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.

ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді.

Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт).

Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез-келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады.

Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді.

Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды:


  • Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде).

  • Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ?

  • Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды.

  • ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты.

ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді.

Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді.

Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар , педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б.

Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар:



Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон)

Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психолгияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.

Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.

Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд).

15-тақырып. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы.

  1. Кеңестік психологиялық ойдың дамуы.

  2. 20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.

  3. Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері.

Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов.
Ресей ғалымдарының теорияларындағы

психиканың табиғи-ғылыми негіздері.

Әрекет-қылықтың Жрғары жүйке

психикалық қызметі

реттелуі жөніндегі

И.М.Сеченов И.П.Павлов

теориясы тағылымы



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет