Дәріс 8
(1 сағат)
Тақырып. Жылу- массаалмасу теориясының негіздері
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Жылу процестері
2 Жылу өткізгіштік. Фурье заңы
3 Жылуөткізгіштік коэффициентінің физикалық мәні
4 Конвекция. Ньютон заңы
5 Жылу беру коэффициенті
Жылу процесстері
Әртүрлі температудағы денелерде жылу энергиясының бірінен екіншісіне өтуі жылуалмасу процессі деп аталады.
Жылу алмасу процесстерінің қозғаушы күші - ыстық және суық денелердің температуларының айырмасы болып табылады. Бұл қозғаушы күштің әсерінен термодинамиканың екінші заңына байланысты жылу ыстық денеден суық денеге өздігінен өтеді. Денелер арсындағы жылу алмасу еркін электрондар , атомдар және молекулалардың өзара энергия алмасуы арқасында болады. Жылу алмасуда қатынасатын денелерді жылу тасымалдағыштар деп атайды.
Жылуөту – жылу тарату процесстері жөніндегі ғылым. Жылу процесстеріне төмендегілер жатады: ысыту, суыту, конденсациялау және буландыру. Көптеген масса алмасу (Мысалы, айдау, суыту, кептіру т.б) және химиялық процесстердің өтуінде бұл процесстердің маңызы үлкен.
Жылу таратудың негізгі үш түрлі тәсілі бар: жылуөткізгіштік, жылулы сәуле шығару, конвекция.
Бірлік уақытында тасымалданатын жылуды жылулық ағын деп атайды. Оны белгілеп, Дж/с(Вт)–пен өлшейді.
Дененің беттік бірлігіне кететін жылулық ағын ағынның беттік жылулық тығыздығы деп аталады. Өлшем бірлігі Вт/м2. Ағынның беттік жылулық тығыздығы мына формуламен анықталады:
,
|
(1)
|
мұндағы - жылуалмасудың беті, м2.
Достарыңызбен бөлісу: |