Дәннін сыртында тұқым қабығымен бірігіп біткен жеміс қабықтары — қауызы — болады да, қауызбен тұқым қабығының астында оның ұрығы мен эндоспермі жатады.
Өсімдік тұқымдарының морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттей келіп, мынадай қорытынды жасауға болады:
1) жоғары сатыдағы өсімдіктерді тұқым жарнақтарының санына қарай дара жарнақты, қос жарнақты және көп жарнақты деп ажыратады;
2) химиялық кұрамына қарай — майлы, крахмалды, белокты түқым болып бөлінеді:
а) крахмалдық тұқым (крахмалдың мөлшері бидайда 66%, қара бидайда 67%, күріште 70— 75% т. б.); а) майлы тұқым (үпілмәлікте майдың мөлшері 70%, зығырда 44%, күнбағыста 22—46%, мақтада 24—26%, сояда 17—25%);
б) белокты тұқым (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде белоктын мөлшері — сояда 35—45%, бұршақта 22-34%).
Табиғатта өсімдіктердің майлы тұкымдары көп (80%) кездеседі; бұл тұқымдар әрі жеңіл, әрі калориялы болады. Жеңіл болғандықтан тұқым жер бетіне жақсы таралады, калориялы болуы оның өніп өсуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |