Ал торилопсис туысына жататын ашытқылардың ішінде кейде тағамдық және мал азығындық максатта қолданатын топтары бар.
Ал кандида туысына жататын дөңгелек, сопақша пішінді ашытқылар спирт ашуту процесіне қатыспайды. Көбінесе олар тұздалған, ашытылған көкөніс бетінде көптеп өсіп-өнеді. Хзаводтардың түрлі ыдыстарында жаппай өскенде, ол орасан зор зиян келтіреді.
Микомерма туысына жататын ашытқылар клеткасы ұзынша, спирт түзе алмайды. Бірақ ортадағы бір спиртті, органикалцық қышқылдарды су мен көмір қышқыл газына дейін тотықтыра алады.
Құрамында спирті бар ішімдектердің бетіне қонса, микодерма қатпарланған жарғақша түзеді, оның исі мен дәмін бұза бастайды. Сонымен қатар, микодерма сүт тағамдарын, тұздалған көкөністі бұлдіреді, сірке қышқылы өндірісіне және нан өндірісіне зор зиянын тигізеды. Ашытқы саңырауқұлақтарына родоторула жатады. Олар ортада қызғылт пигмент түзеді және кейбір тағамдық заттарды бүлдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |