Практикалық жұмыс Тақырыбы


Ашытқылардың сапасын тексергенде оның кұрамында мынадай заттардың бар екені анықталды (% есебімен)



бет10/19
Дата25.01.2022
өлшемі156,42 Kb.
#114186
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Ашытқылардың сапасын тексергенде оның кұрамында мынадай заттардың бар екені анықталды (% есебімен):

Су 68,0 75,0

Ақуыз 13,0 14,0

Гликоген 6,0 8,0

Клетчатка 1,8 —

май (шикі) 0,9 2,0

күл 1,77 2,5

внтаминдер мен түрліөсудіқолдаушызаттар — 400 -540 мкг (біркилограммда микрограмм есебімен).

Ашытқы ақуыздары амин қышқылдарына бай. Олардың ішінде организмге кажетті алмастырылмайтын амин қышқылдары да бар.Ашытқылар аса бағалы мал азығы болып есептеледі. Төл мен құс рационына қосқанда ол тез өсіп жетіледі, өлім-жітім азаяды. Сиырсүтініңшығымдылығынмолайтады.

Мал азығына арналған ашытқыларды өсіру үшін ашу процесінің қалдығы кеңінен қолданылады. Олардың бағалылығын арттыру мақсатында ультракүлгін сәулесімен өңдейді. Сонда ашытқы жасушаларында Д витамині көптеп түзіледі.

Мал азығының ашытқысы түрлі өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарында да өсіреді. Бұл үшін қант кызылшасы қолданылады. Соңғы жылдары мал азықтық ашытқы өсіру мақсатында ағаш өнеркәсібінің қалдықтары кеңінен пайдаланылып отыр.

Ашыту практикасында қолданғанда түптік және беттік ашытқылар деп ажыратады. Беттік ашытқы өсіру үшін 18 – 300С градус жылылық қажет. Мұнда көмір қышқыл газы көп бөлінеді де, қоректік орта көпіріп кетеді. Сол кезде ашытқылар өздері ашыған сұйықтың бетіне кетеріледі. Бұларды спирт және нан өндіруде қолданады.

Түптік ашытқы ашу процесі төменгі температурада (4 -І00С ) жүргенде қолданылады. Сонда ашу процесі біршама тыныштықта өтеді де, ашытқылар ыдыс түбіне шөгеді.

Әрине ашытқы топтары көп. Олардың кейбіреулері адамға зиянын тигізеді. Олар түрлі тағамдарды, шараптарды бүлдіреді.Ашытқылар табиғатта кең тараған. Оларды топырақтан, судан, өсімдіктен табуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет