Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері
бет 10/17 Дата 16.11.2022 өлшемі 0,66 Mb. #158401
Байланысты:
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу. 6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері: а) Бастауыш білім беру деңгейінде: 1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау): мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады; шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады ; 2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау: міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді; 3) технологияларды қолдану: нұсқаулықпен жасайды; 4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау: белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды ; 5) қызметті бағалау: өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады; 6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау: жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды; өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды ; 7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау: өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады; өз әрекетінің себептерін атай алады . ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде: ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде: 1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау): қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың арасында туындаған қарама-қайшылықты көрсетеді ; проблеманың пайда болуының себептерін көрсетеді; 2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау: қойылған проблемаға сәйкес мақсат қояды ; қойылған мақсатқа сәйкес міндеттерді қояды; алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды. 3) технологияларды қолдану: нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды ; 4) ресурстарды жоспарлау: қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды; 5) қызметті бағалау: өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады; 6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау: әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды ; 7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау: іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді; міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады. Достарыңызбен бөлісу: