Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті “Білім беру мектебі”
Пәні:Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнының негіздері.
Тақырыбы: Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен танысу.
Оқытушы:Кокшеева Т.
Тобы:Пимно 19-3
Дайындаған: Мадраймова Бағила.
ОБӨЖ №1
Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері
Слайд 1
Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады;
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр;
Бүгінгі таңда педагогика адамзат қажеттілігіне жауап беретін, қоғамның қарқынды дамуына сәйкес келетін білім беру мақсатына және жаңартылған әлеуметтік рөліне баса назар аударады.
Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты
Слайд 2
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.