Сабақтың мазмұны жаңа меңгерілетін материалмен үйлесетін қажетті иллюстративті материалдармен қамтамасыз етілуі керек.
Оқулықта сабақтың әрбір тақырыбының мазмұны оқушылар өткен сабақты қаншалықты меңгергенін өз бетінше бағалай алатын тестілік тексеру жаттығуларымен аяқталуы керек.
Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы сол пәнге арнаған жұмыс дәптеріне жазылады.
Мұғалімнің функционалдық міндеттері: басқарушы, ұйымдастырушы, жетекші, “оқытушы”, қамқоршы, көмекші, тексеруші, оқушылардың жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеру дағдысының қалыптасуына жауап береді.