обьектілер параметрлерінің өзгергенін ескере отырып сол санаттағы обьектіге, күрделі обьектіге технологияны қолданады және әрекет ету жоспарын жасайды;
4) ресурстарды жоспарлау:
балама ресурстарға талдау жүргізеді және міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігін негіздейді;
5) іс-әрекетті бағалау:
ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізу немесе енгізбеу себептерін негіздейді;
міндеттерді шешу кезінде қол жеткізген ресурстарды (білім, іскерлік, тәжірибе т.б.) басқа да қызмет түрлерінде қолдану мүмкіндігін дәйектейді.
Слайд 25
6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:
6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:
сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.