Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
Білім алушылар даярлығының сапасына қойылатын талаптар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларының міндетті мазмұнын айқындайды.
Стандартпен айқындалатын білім беру нәтижелері, орта білім беру стандарттары мен пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны және оларға сәйкес оқу-әдістемелік сүйемелдеу арқылы қалыптастырылатын орта білім берудің мақсаттық ұстанымдарының сипаттамасы болып табылады.
Білім алушылар даярлығының міндетті деңгейі күтілетін оқыту нәтижелерінің сипатталуы түрінде беріледі және сол деңгейге жетуді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес осы Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері регламенттелген:
• білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
•метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
• пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.