6.1.1 Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік ынтымақтастық негіздерін игеруімен;
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде: «Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем, Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;
қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін халықтар бірлігінің, ұлтаралық қатынастардың және шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуімен;
жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және т.б.) туралы ұғымының болуымен;
рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен, балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс орнатуымен;
балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен;
өзінің және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың мәдени құндылықтарын білуімен;
алғашқы экологиялық білімі мен іскерлігінің болуымен, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуімен;
жеке және тазалық сақтаудың гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруімен;
ер бала мен қыз бала арасындағы ерекшеліктер туралы және гендерлік әдеп туралы түсінігінің болуымен анықталады.
6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
әлеуметтік және адамгершілік есеюді дамытудың негізі ретінде өз құрбыларымен және басқа да педагогикалық үдеріске қатысушылармен мәдени қарым-қатынасты меңгеруімен, жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруімен;
дүниетанымдық проблемаларды саналы түрде меңгеруімен (құрбыларының арасында әлеуметтік мәртебесінің болуы және т.б.), оң ұстаным орнатуымен және оның негізінде іс-әрекетінің болуымен;
рухани-адамгершілік, азаматтық-отансүйгіштік тұрғыда өмір салтын құру талаптарының болуымен, оны өзінің іс-әрекеті арқылы жүзеге асыруымен;
мектепте және одан тыс жерлерде (қосымша білім беру ұйымдары, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелері және т.б.) әлеуметтік қатынастар білімі мен іскерлігін меңгеруімен;
ұжымда, басқа да әлеуметтік топтарда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру үшін өзінің және басқа да адамдардың тұлғалық қасиетін қолдана алу біліктілігімен;
өз мүмкіндігін толық іске асыру және өз тағдырын шешу мақсатындағы түрлі іс-әрекет біліктілігімен;
болашақ кәсіби қызмет саласына қарай бейіндік оқуды таңдаудың маңыздылығын ұғынуымен;