Программа факультативного курса по физике «Physics in English»



бет11/17
Дата10.12.2021
өлшемі39,82 Kb.
#78675
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
8 сынып агылшын жоспар

Сontеnt (мазмұны) – алға қарай дамып отыратын пәндік сала бойынша біліктілік, іскерлік, дағды.

Сommunicаtion (әңгімелесу, араласу) – оқу барысында шет тілін пайдалану, бұл жағдайда оның қолданылуына назар басымдырақ болады.

Сognition (ойлау қабілеттері) – жалпы көзқарасты (нақты немесе абстракталы) қалыптастыратын танымдық және ойлау қабілеттерінің дамуы.

Сulturе (мәдени біліктері) – өзін мәдениеттің бір бөлігі етіп сезіну, ал басқаша жағдайда баламалы мәдениеттің бар екенін ұғыну.


Сабақты жоспарлау барысында келесі бөліктерді міндетті түрде ескерген жөн:

  • CLIL сабағы ол шет тілінің сабағы емес, шет тілінде өтетін пәндік сабақ.

  • Тыңдау – тілді үйрету барысындағы сөйлей құралының маңызды түрлерінің бірі.

  • Оқу – сөйлеу құралының негізгі түрі, оқуға арналған материалдың мағынасы болуы шарт.

  • Айту – мазмұндаудың анық, қарапайым және шапшаң болуына көңіл аударуды қажет ететін құралдың бір түрі, бұл жағдайда грамматикаға баса назар аударылмайды.

  • Жазу – оқушылардың лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамытатын құрал.

  • Сабақ мәтіндерге негізделуі қажет (баспа немесе аудио жазба).

  • Сабақтың тілдік компоненттері оқу пәніне байланысты болады.

  • Лексикалық материал грамматикалық материалға қарағанда маңыздырақ болады.

  • Сабақтың алға қойған міндеттері оқушының дайындық деңгейіне байланысты болады.


Сабақ құрылымы.

Сабақ төрт сатылы сызба бойынша ұйымдастырылады:

1. Мәтінді өңдеу.

2. Алған білімдерін сезіне білу және ұйымдастыру.

3. Мәтіннің тілін түсіну.

4. Оқушыларға тапсырма беру.

Оқушыларға арналған тапсырмалар олардың дайындық деңгейіне, оқыту міндеттеріне байланысты болады, сонымен қатар оқушылардың қалауы да ескеріледі. Тапсырмалар жобасының тізімі:


  • диаграмма, кесте, карта және т.с.с. құрыңдар.

  • кестені толтыр

  • нақты ақпаратты тап

  • сәйкестігін тап

  • азат жолдарды дұрыс ретте орналастыр

  • іс-әрекет ретін анықта

  • мәтіндегі бос орындарды толтыр

  • мәселе қою: сұрақ - жауап, термин- анықтама, бөлік - бүтін

  • нақты ақпаратты табуға арналған тапсырмалар

  • тиісті сөзді табуға арналған ойындар

  • мәтін бойынша сұрақ құрыңдар

  • жұмысты ауызша таныстыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет