8-тақырып
Базар Оңдасұлы өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер. Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшелігі.
Толғау-термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн ерекшелігі:
- көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет».
- халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды».
Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.
Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері : «Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа».
Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар иен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.
Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.
9-тақырып
Мұрат Мөңкеұлы өмірі туралы мәлімет. Мұрасының жариялануы, зерттелуі. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай!» толғауларындағы халқының азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.
Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық : «Мұраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім».
Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.
Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Төгіс батыр», «Тама батыр», «Тана батыр», «Нәрік батыр», «Шора батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр», оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».
«Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлілігі.
Айтыстары. Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), Жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.
Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |