Жаңа сабақты ашу «Артығын тап»
Піл, жапырақ, гүл, ағаш.
Не себепті басқа суреттерге сәйкес келмейтіндігін оқушылардан сұрап білу.
Өте жақсы, піл артық себебі піл жануарға жатады.
Піл, айтып көреміз қандай дыбыстан басталып тұр?
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Пп дыбысы мен әрпі.
Жаңа сабақ
Балалар, суреттерге мұқият қарайық, айтып көреміз.
Пияз, әріп, кірпі.
П дыбысы сөздердің қай жерінде кездесіп тұр?
Бұдан қандай ереже шығаруға болады?
«П» дыбысының сөз басында, ортасында, аяғында келетіндігін интерактивті тақтада суреттер арқылы көрсету.
Осы үш сөзді үш тілде айтып өту
Кірпісөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
Неше буын бар?
Қолымызды иегімізге қойып тексереміз, неше рет тиіп тұр? Олай болса неше буын бар екен?
Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
Неше тасымал бар?
− Тамаша, ендеше, ламинадталған парақтарымызды алып, дыбыстық талдауды жеке орындайық. Бағалау.
2.Тыңдалым
−Жақсы, балалар, жаңадан бері біз кірпі, піл, ағаш, гүл деп жатырмыз. Бұлардың бәрі неге жатады?
−Тамаша, табиғат бізге не береді?
−Иә, балалар, біз де табиғаттың бір бөлігіміз, табиғат бұл біздің қоршаған ортамыз, байлығымыз. Сондықтан, осы байлықты сақтап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің парызымыз екен.Олай болса, табиғат туралы бейнеролик тамашалайық.
Бейнеролик 2 мин
3. Оқылым
Оқулықта берілген сөздерді жеке оқу, /сөздердің мағынасына мән беру талдау/
буындап оқу, билеп оқу, сыбырлап оқу, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
апа / сап / арпа / ақпан / әріп
апан / қап / атпа / қақпан / Әлима
пана / тап / теппе / кептер / әдеп
− Балалар, тапсырманы жеке оқи алдық па? Буындап оқи алдық па? Түсініп оқи алдық па? Сыбырлап оқи алдық па? Сөздердің мағынасын түсіне алдық па? Ендеше, бағдаршам арқылы бағалап жіберейік.
4. Жазылым
П дыбысын ауада жазу.
П дыбысын шынтақпен жазайық.
Оқушылардың П п әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау. Дәптерге смайлик жапсыру арқылы бағалау.
|