Проза
|
Поэзия
|
Көркемдік әлемді жасау негізі
|
Өмір ағымы
|
Сана ағымы
|
Бейнелеу
|
Объективтендірілген
|
Субъективтендірілген
|
Зат, мазмұн
|
Қаламгер болмысты нeғұрлым объективті түрде суреттейді; адамның күнделікті өмірі барша күрделілігімен, көп қырлылығымен игеріледі; сюжетті құрайтын әрекет, характер, деталь суреттеледі
|
Дүниeге субъектілік қатынас; зат пен құбылыс оны бейнелеу, суреттеу тұрғысында алынады; оқиға мен характерлерді беру мақсат етілмейді.
|
Болмысты бейнелеу формасы
|
Эпикалық. Алдыңғы кeзекте оқиға көрінеді; көңіл-күй ауаны не еске алынады, не ол туралы меңзеледі.
|
Лирикалық. Алдыңғы кезекте көңіл-күй, эмоция тұрады. Тек сол арқылы көңіл-күй толқынысын тудырған жағдайды елестетуге болады.
|
Сюжет
|
Шығарманың ең мәнді элементі. Сыртқы жағдай нақты және тізбекті түрде баяндалады.
|
Сюжет негізінен болмайды. Оқиғаның дамуын, кейіпкерлер әрекетін көрсету, мінездеу мақсат етілмейді.
|
Композиция
|
Сюжеттің дамуы арқылы анықталады.
|
Лирикалық кейіпкердің көңіл-күй өзгерісі арқылы көрінеді.
|
Характерлер
|
Характер заттық тұрғыда, бөлшектей, басқа характерлермен өзара қарым-қатынаста көрінеді.
|
Характер жекелеген көріністерде, жекелеген көңіл-күй арқылы көрінеді. Орталықта көңіл-күй бейнесі болады.
|
Суреттеу
|
Мәнді орын иeленеді
|
Өте сирек кездеседі
|
|